• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қылмыстық істердің тергелу барысы тыңдалды.

Автор:admin

Авг 3, 2023
Spread the love

2023 жылғы 03 тамыз күні Түркістан қаласының прокуроры К. Нәрікбаевтың төрағалығымен Түркістан қалалық полиция бөлімдерінің басшылары, тергеушілер мен анықтаушылардың қатысуында шұғыл жиналыс өткізіліп, өндірістегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру істердің барысы тыңдалды, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Жиналыста әрбір тергеуші мен анықтаушы өзінің өндірісіндегі қылмыстық істердің басталу заңдылығы, тергеу мерзімінің сақталуы, қолданылған бұлтартпау шарасы, сапасы мен толықтығы және қабылданатын шешімдер жайында есеп беріп, нақты тапсырмалар алды.
Істер бойынша жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізіп, түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін анықтаушылар мен тергеушілерге бағыт-бағдар берілді, оның ішінде созбалаңдыққа салынған істер бойынша қатаң ескерту жасалды.
Шараға қатысушылармен қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарының бұзылуының алдын алу, қылмыстық процесті модернизациялау және тараптардың бәсекелестігін қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелер қызу талқыға салынып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Қорытындылай келе, тиісті органдарға жасалынып жатқан шараларды одан әрі жетілдіру, сондай ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысты бірлесіп жалғастыру ұсынылды.
Тергеу барысында туындайтын сұрақтар мен мәселелер талқыланып, тиісті хаттама түзіліп, оның заңды шешу жолдары қарастырылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика