• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қылмыстық процесске қатысушылардың шағымдары бойынша жеке қабылдау өткізілді.

Автор:admin

Июл 4, 2023
Spread the love

Түркістан қаласының прокуроры Ж.Ахметбек сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері бойынша азаматтарды кезекті жеке қабылдау жүргізді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Жеке қабылдау барысында арызданушылардың уәждерін ескере отырып қылмыстық қудалау органы мен прокуратура қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріп, түпкілікті заңды шешім қабылдау жөнінде нұсқаулар берілді.
Сонымен қатар шағым иелеріне заңнама талаптары түсіндіріліп, әрбір уәжі бойынша тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.
Жалпы ағымдағы жылы қала прокуратурасының басшы құрамы 160 жеке қабылдау жүргізді, оның ішінде 50 адам қала прокурорының жеке қабылдауында болды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика