Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық» үйі ғимаратында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне ҚХА Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың қолы қойылған куәліктер табысталды.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Республикалық ассамблея мүшелерін мерекемен құттықтаған қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Шотанов мемлекеттік саясат аясында жоспарлы жұмыстар жүйелi жалғасатынын айтты. » — Алдағы уақытта ел игілігіне еңбек етіп, мемлекеттік саясат аясындағы межелі міндеттерді нәтижелі іске асырамыз деген ойдамын.
«Ендігі мақсат – Президент тапсырмаларын жергілікті жерде сапалы іске асыру, осы бағыттағы іс-шараларды Өздеріңізбен бірлесе атқаратын боламыз», — дедi басқарма басшысы. Айта кетейік, Шымкент қаласынан республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелiгiне: қала басшылығы, мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен қоғамдық құрылымдардың жетекшілерінен жалпы, 24 адам қабылданды.