«AMANAT» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылу болса дәл осы ретте қоғамдық қабылдау бөлмесі бұл мәселеде үлкен рөл атқарады. Бүгін қалалық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлы қала тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтар түрлі арыз-шағымын айтып, халық қалаулысынан мәселенің оң шешіміне ықпал етуін өтінді. Лазиз Низамханұлы негізінен жұмыссыздық, әлеуметтік көмек сұрап келген әрбір азаматты мұқият тыңдап, заң аясында жауап беріп қана қоймай, тұрғындардың алғысына бөленіп, көмек көрсетті.
Мәселен, Ұлан Оңдасова есімді азаматшаның тұрақты жұмысқа орналасуына себепші болса, Ташханим Мирзаеваның үйінің шатырын толықтай ауыстырып беретін болды. Сондай-ақ балаларына мектеп формасын сұрап келген Ляззат Абдугаппарованың өтініші де орындалды. Басқа тұрғындарға да бір реттік әлеуметтік көмек беріліп, мәселелері оң шешімін табуына ықпал етті.
Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы орган басшылары, партия филиалдарының төрағалары, заңгерлер мен адвокаттар, нотариус пен медиаторлар өңір халқының мәселелерін заң аясында қаралады.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде ай сайын жергілікті атқарушы орган басшыларын қатыстыра отырып, «Ашық есік күні» тақырыптық қабылдаулары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында тоқсанына бір рет қабылдау өткізіліп, қабылдау нәтижесі бойынша қаншама азаматтың мәселесі оңынан шешілді. Халықпен кері байланыс орнату және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында қаламыздың шалғай елді мекендерінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар да өткізілуде.
Бұдан өзге, партияның ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы орган басшыларының қатысуымен мобильді қоғамдық қабылдау өткізді.