• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ

Автор:admin

Июн 23, 2023
Spread the love

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері төтенше жағдайлар департаментіне арнайы барып, департаменттің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.
Департамент басшысы ЖАКСИБАЕВ Мадияр Есенгелдіұлының мәліметі бойынша, департаменттің жалпы штаттық саны 949 адам, оның ішінде басшы құрам – 162 адам, қатардағы жеке құрам — 673 адам. Құрылымында 5 аудандық төтенше жағдайлар басқармалары, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесіне 1 бағынысты мекеме бар. Оның құрамында 10 өрт сөндіру бөлімдері және «Жедел құтқару жасағы» бар. Қала аумағында төтенше жағдайлар басқармалары министрлігінің бағынысындағы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Апаттар медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесіненің Шымкент қалалық филиалы, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесіне филиалы, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының филиалы орналасқан.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы, әкімшілік – іскерлік орталығында қосымша департамент ғимаратымен 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депоcының және Түркістан көшесінде өрт сөндіру депосын құрылыстары, Сайрам елді-мекенінде 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депо салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тұран шағын ауданында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің және Қайнар-бұлақ саяжайында жедел-құтқару жасағының құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға, 2025 жылға Солтүстік-Саяжай тұрғын алабында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу жоспарлануда. Департаментте жалпы 117 бірлік арнайы және қосалқы техникалары бар, жабдықталуы 96 пайызды құрайды. Өткен жылы министрліктен 5 бірлік заманауи өрт сөндіру және қызметтік автокөліктері берілген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика