• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

Қоғамдық жұмысқа тұрғандар алты айдан кейін қайда барады?

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

Мемлекет басшысының тапсырмасының бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты тұрақты жұмыспен қамту. Сол себепті де тұр­ғындарды жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналған. Яғни халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – негізгі міндет.  Осы мақсатта «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлт­тық жобасы» жүйелі түрде жүзеге асуда. Себебі тұрғындардың әлеуеті жақсармай, жұмыс­сыздар саны азаймай, еліміздің алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі.

Қазіргі уақытта қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі арқылы 28 мемлекеттік қызмет, бөлімге қарасты орталықтар мен бөлімшелер арқылы 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі, оның ішінде 5-уі жұмыспен қамту орталығы арқылы көрсетілуде. Атап айтсақ, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» бойынша қалада көптеген жұмыс атқарылуда. Жоба аясында жұмыссыздарға жұмыс табуға мүмкіндік жасалды. Мәселен, қала бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 4 мамандық түрі бойынша 120 жұмыссыз азаматты оқыту жоспарланып,  бүгінгі күнге 40 адам пішуші, 40 адам тігінші, 19 адам электро-монтаждаушы мамандықтары бойынша, бар­лығы 99 адам оқуға жолданды.

Ел Үкіметінің 2021 жылғы №728 қаулысы бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкер­лікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» бекітіліп, жаңа бизнес-идеяларға берілетін грант­тардың талаптарына өзгерістер енгізілді. Бұрын қоғамдық жұмысқа 6 айға жіберілсе, осы жылы қоғамдық жұмыс орны­ның субсидиялау мерзімі 12 айға ұзарды. Субси­диялау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақ­ты жұмыспен қамтуға ықпал жасалатын болады.

– Жастар тәжірибесі арқылы жұмыс іздеп келушілер бола ма?

–  Жастар тәжірибесіне қатысушы адамдардың жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы шарт. Сонымен қатар өз ма­мандығы бойынша соңғы үш жыл ішінде жоғары оқу орындары мен колледждердің еңбек өтілі жоқ түлектері қатыса алады. Жыл басынан бері жастар практикасына 768 жас маман жолданды. Орталыққа хабарласқан бітіруші түлектер жас­тар тәжірибесімен мамандықтарына сәйкес мекемелерге жолдануда.

– Президент Жолдауда ең төмен жалақы­ның артатынын, жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін жеткізді. Бұл әлеумет­тің әлеуетін көтеруге септігін тигізе ала ма?

– Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Президент Жолдауында жастарды жан-жақты қолдау басты бағыттың бірі ретінде айрықша аталды. Келесі жылдан бастап жастар кәсіпкерлігін қолдауға 2,5 пайыз жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылады. Бұл жастарға жігер сыйлап, олардың кәсіби тұрғыдан дамуына беріліп тұрған үлкен мүмкіндік. Бағыт айқын. Сондықтан да осы бағытта нақты іске кірісуіміз қажет. Мәселен, қала әкімі жастарға жаңа жұмыс орындарын ашудың тетіктерін ойластыруды,  қоғамдық негізде және жастар тәжірибесі бойынша қабылдаған адамдардың тұрақты жұмыспен орнығуына жағдай жасау қажеттігін қатаң тапсырды. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асса, халықтың әлеуетін көтеруге септігін тигізері анық.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика