Бүгіндері Шымкенттік нәзік жандылар ерлермен қатарласып, еліміздің саяси, экономикалық және қоғамдық өміріне белсене араласып жүр. Сонымен қатар, әйелдер өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, бірқатары түрлі кәсіптің тұтқасын ұстаған.
Осыған орай, 28 шілде күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы «БАҚЫТТЫ АНА – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» атты кездесу ұйымдастырды. Қаладағы №6 емханада өткен қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған жиында Самал 3 шағын ауданының нәзік жандылары мен медицина қызметкерлері қатысты.⠀
Іс-шараның мақсаты – әйелдердің жағдайын, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау.
«Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна Жандосова өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Еркін форматта өткен кездесуде әйелдер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алып, танымдық іс-шара өткізілгеніне өз алғыстарын айтты.
Сондай-ақ, еске салар болсақ алдыңғы жылдың желтоқсан айында «Қазақстан әйелдер күштері» Альянсы ОҚМПУ ғимаратында «Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебін» ашып, алғашқы түлектерін қабылдаған болатын.
«Қазақстан әйелдер күштері» Альянсы ОҚМПУ ғимаратында «Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебін» ашып, алғашқы түлектерін қабылдады.
— Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту қоғамды демократияландырудың маңызды қадамдарының бірі. Бақытты мемлекет – бақытты отбасыдан басталады. Ал отбасында ананың орны ерекше. Бүгінде нәзік жандыларды барлық саладан көруге болады. Дегенмен олардың саясатқа араласуы өте аз. Әйелдерге саясатта тең мүмкіндік беру үшін олардың шешім қабылдау деңгейін 50 пайызға арттыру керек. Сол мақсатта осы мектепті ұйымдастырдық, — дейді Альянс төрайымы Жанетта Жазықбаева.
Білім жетілдіруге халықаралық деңгейдегі сертификаттары бар жетекші мамандар тартылады. 35 сағатқа созылатын сабақ барысында іскер әйелдер көшбасшылықты, жеке брендті, іскерлік имиджді, стильді дамыту бойынша жұмыс жасайды. Сонымен қатар психолог маманның кеңесін алып, этикет дағдыларын үйренеді. Әйелдердің қоғамдағы орны мен жағдайын жақсартуды мақсат тұтқан Әйелдер Альянсы қаламыздағы барлық әйелдерді осындай метептен өтуге шақырады.
«Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша консультацияға арналған «1411» бірыңғай нөмірі. Бірыңғай байланыс орталығына 2020 жылдың қаңтарынан бастап хабарласуға болады. «1411» колл-орталығының мамандары азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласына қатысты барлық сұрақтар бойынша консультация береді. Оның ішінде жұмыспен қамту, зейнетақы, АӘК, әлеуметтік төлем, жәрдемақы, ерекше күтімді талап ететін жандарға берілетін әлеуметтік қолдау және тағы басқа. Жаңа жылдан бастап «111» байланыс орталығы жабылады», — деп жазды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Facebook-тегі парақшасында.
Шымкент қаласында бұған дейін кәсіпкер әйелдердің басын біріктіретін «Іскер әйелдер қауымдастығының» филиалы жұмыс істеп келген. Қалада жаңадан жұмысын бастаған альянс әйелдер мен балалардың құқықтары мен денсаулығы және әлеуметтік бағыттағы білімін жетілдіруді көздейді.
Әйелдердің жағдайын жақсартуға арналған ұйым 2022-2023 жылдарға арналған жол картасын бекітіп, 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.