• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қоғамдағы жастардың алатын орны ерекше

Автор:admin

Авг 6, 2022
Spread the love

Себебі жастар –

әрбір елдің мәдени, рухани және саяси өміріне белсенді атсалысатын

әлеуметтік-демографиялық топ.

Қазақ қоғамында жастарға ежелден ерекше сеніммен қараған. Бүгінгі жастың

ертеңгі ел ағасы болатынын естен шығармаған аға буын өкілдері тәрбие

мәселесіне ерекше көңіл бөлген. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген дана

халқымыз бала тәрбиесінің бесіктен басталатынын меңзесе керек. Өмірге жаңа

келген нәрестеге бесік жырын айтып ұйықтатудың өзі бала тәрбиесіндегі

алғашқы қадамдар болып есептелген.

С.Сейфуллин

қалдырған

«Келіншектің

бесік

жыры»

нұсқасында

көрсетілгендей:

«Жақсы болып ержетсе,

Балапаны бөпесі,

Бағы ашылып, анасы,

Көкке тиер төбесі…

Әлди-әлди, балашым!

Ұйықтатайын тербетіп.

Тілегім сен, құлыным,

Үміт ақта ержетіп!» деп жырлаған ана сәбиінің болашақта жақсы адам

болатынына сеніммен қарап,үміт артқан.

Бала күнінен бастап ұлттың дәстүрлі құндылықтарын бойына сіңіріп, халық

ауыз әдебиеті жауһарларына қанығып өскен бала ержеткенде ұлттың

алдындағы жауапкершілікті сезінетін, еліне тұтқа болатын тұлғаға айналған.

Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қазақ қоғамындағы жастар тәрбиесі

мәселесінде ұрпақ сабақтастығының әлсірегені байқалады. Атасы мен

әжесінің құшағында емес, ғаламтордың шыр¬мауында өскен кейінгі жас буын

өкілдері әлеуметтік желінің кесірінен ұлт табиғатына жат мәдениетті санасына

сіңіріп, түрлі ағымдар мен субмәдениеттер өкілдерін пір тұтып өсіп келе

жатқаны жасырын емес.Соңғы жылдар аралығында қоғамда болып жатқан

жаһандану сипатындағы өзгерістер ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі

рухани ұстанымдарды әлсіретіп, ананың сүтімен беріліп, салт-дәстүрмен

орныққан ұлттық құндылықтарды өзгеріске ұшырата бастады. Ертеректе қазақ

қоғамы қабылдамайтын жағымсыз көріністер бүгінде үйреншікті нәрсеге

айналып кетіп жатыр.Осыған орай, жастардың бойына ұлттық сананы  қалыптастыру және халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған рухани

құндылықтары негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы болып табылады.

Қоғамдағы жастар тәрбиесі – мемлекет деңгейіндегі маңызды мәселелердің

бірі. Себебі мемлекеттiң жастар саясаты мемлекет жүзеге асыратын және

жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық,

ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі екені белгілі.  2018 жылғы 5 қазандағы

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын

арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жастар мен отбасы

институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға

тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық

қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек»

деп атап көрсетті.

Жастарды рухани және имандылық тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен

қамтылуын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қажеттіліктерін

қанағаттандыруды реттеу мәселелері «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы»

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы №285 заңында нақты

көрсетілген.

Жастарды кешенді қолдау мақсатында  2018 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен 2019 жыл Жастар  жылы деп жарияланды.  Мемлекеттік жастар саясаты жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін  қорғаумен ғана шектелмей, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық

патриотизм сезімін нығайту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жұмыстар мәдени, имандылық және рухани құндылықтар, сондай-ақ

ұрпақ сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы қағидаттарына

негізделген.Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты,

белсенді өмірлік көзқарасы бар жастарды тәрбиелеу, қазақстандық

патриотизмді қалыптастыру, олардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту

үлкен еңбекті қажет етеді.Осыған сәйкес, жастар тәрбиесіндегі басым

бағыттардың бірі тарихымыздың тереңінен бүгінге дейін жеткен ұлтымыздың

рухани құндылықтарын негізге алу болып табылады. Отанын сүйетін,

тарихымен мақтана алатын, тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын,

дәстүрін сыйлайтын жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Тек

сонда ғана ертеңгі күні еліне қорған болатын, жаһандану заманында ұлтының

шырағын сөндірмейтін, тілінің құрып кетуіне жол бермейтін, жасампаз елінің

жаңа тарихын жасайтын ұлт көшбасшыларының шығары сөзсіз.Әрбір ата-ана,

мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам мүшелері бүгінгі балалар және жастар

 

тәрбиесінің жауапкершілігін түсініп, оған ертеңгі мемлекеттілігіміздің берік

іргетасы ретінде қарауы керек.

Егер біз тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын десек,

«өркениеттер қақтығысында» жұтылып кетпей, өзіндік бірегейлігімізді сақтап

қаламыз десек, балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз

қажет.Осы мақсатта баланы жас кезінен ұлттық құндылықтарға сәйкес,

болашақ тұлға ретінде тәрбиелеу үшін қолда бар құралдар мен мүмкіндіктерді

тиімді пайдаланған дұрыс.Атап айтқанда, балалардың жас ерекшеліктерін

ескере отырып, ғаламтор желісіндегі өзге зиянды ақпараттардан назарын бұру

мақсатында олардың қызығушылығын туғызатын пайдалы бейнероликтер,

танымдық ойындар мен бағдарламаларды ұсынатын интернет-ресурстарын

жасақтау қажет.Себебі, бүгінде ғаламтор желісіндегі күмәнді ресурстар

балалар мен жас-өспірімдердің санасына кері әсерін тигізуде. Алдына қойған

айқын мақсаты жоқ, өмір сүруге құлықсыз, ештеңеге қызықпайтын кейбір

жастар өкілдерінің арасында түрлі қылмыс жасау мен өз-өзіне қол салу

фактілерінің жиі кездесетіні рас.

ҚР ІІМ мәліметіне сәйкес соңғы кездері әлеуметтік желілерде суицид

идеяларын насихаттайтын және оны жасаудың жолдарын көрсететін топтар

көбеюде. Ал жастардың еліктегіш келетінін ескерсек, олардың назарының

ауып, аталған топтардың тұзағына ілініп қалу қаупі алаңдатады.

Еліміздегі жастарды тәрбиелеудегі мынадай кемшіліктерді атап өтуге болады:

Білім беруде, тәрбиеде ұлттық рухтың азаюы;

Жаңа әлем ескі сана мен жаңа сана тоғысында. Бұл тұста тарихи сананы

көтеруіміз қажет;

Жастар арасында қоғамдық мәдениетін қалыптастыру, қарапайым

конференция, дөңгелек үстел, кітапхана мәдениеті жеткілікті емес;

Жастармен биліктің санаспауы, диалог құра алмауы;

Жастарды тартуда қоғам жарқындылығының әсер ете алмауы;

Осы мәселелерді шешу мақсатында жоғарыда атап кеткен мәдени дәстүрлерді

қолдана білу тиімді деп есептеймін.

Мәдени дәстүрлер адамдарды өз халқын, Отанын сезінуге, оларды мақтан

тұтуға, құрметтеуге тәрбиеледі. Отбасында мейірімділік пен ізгілікке баулуды,

үлкендердің кішіге, кішінің үлкендерге ілтипатын, еңбек ету дағдыларын

қадір тұту, ұлттық мәдениетке үйрету, тарихын құрметтеу, жастарды

жігерлілікке тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, оны қорғауға дайын

болу, эстетикалық талғам мен көркем әдебиетті сақтаудың бәрі мәдени

 

дәстүрлер негізінде орнайды. Әр кезеңде қоғам алға басқан сайын мәдени

дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады.

Аталған мәселелер жастар тәрбиесіндегі дәстүрлі рухани құндылықтардың

жетіспейтіндігін көрсетеді. Ата-ана мен қоғам тарапынан жастар тәрбиесіне

жете көңіл бөлінбеуде және тәрбие жұмысында дәстүрлі ұлттық құндылықтар

тиісті деңгейде қолданылмайды.

Қорыта айтқанда, еліміздің болашағы үшін тек білімді жастарды өсіру аздық

етеді, бойына рухани құндылықтарды дарыта білген жас буын өкілдерін

тәрбиелеп шығарғанда ғана Қазақ елі ғасырлар белесінен сүрінбей өтетіні хақ.

Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін ұмытпайық.

 

R- ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика