• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қонақ болып келген тұрғын, ұнатқан затын ұрлап кеткен (-1-)

Автор:admin

Май 21, 2024
Spread the love

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын құны 50 мың теңге тұратын дүрбісінің ұрланғаны туралы арызданды.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шаралары аталған ұрлық қылмысын жасаған күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің үйіне қонаққа келген, 29 жастағы танысы болып шықты.
Белгілі болғандай, ол үй иесінің дүрбісіне қызығып, байқатпастан жасырын жымқырып кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған дүрбіні тәркілеп, иесіне табыстады.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты «Ұрлық» бабымен тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қазіргі таңда ұрлық жасау, біреуді тонау, ушығып тұрған қылмыстардың бірі. Қоғамдық көлікте болсын, немесе пәтерге түсу арқылы үйді тонау болсын, аталмыш қылмыстардың орын алғандығы туралы естіп жатамыз. Осы ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері алдын – алу іс – шараларын тұрақты түрде өткізіп жатса да, ұрлық фактілері тоқтамай келеді.
Бұл ретте азаматтардың өздерін сақтық шараларын ескеруге шақыру мыңда бір сеп болатын сияқты. Жалпы, пәтер тонау мәселесіне келер болсақ, үй иелері үйде болса да, мейлі сыртта жүрсе де үнемі есіктерін кілтке жауып жүргендері абзал. Есік қағылса, есіктің ар жағында қандай адамның тұрғанына көз жеткізбейінше мүлдем ашуға болмайды. Үйде жалғыз болғанда бейтаныс адамдарға есік ашу өте қауіпті. Себебі, қазіргі уақытта өздерін әкімдік қызметкерлері немесе әртүрлі фирма жұмыскерлері деп таныстырып, сенімге кіру арқылы ішке еніп, соңында ұрлап кету, тоңап кету фактілері жиі орын алуда. Пәтерге аз уақыт ішінде ғана таныс болған адамдарды шақыруда өте қауіпті. Бұл әсіресе бірлесіп спирттік ішімдікті ішетін тұлғаларға қатысты. Бұндай жағдайда, көбінесе, «қонақжай үй иесінің» не ақшасы, не құнды заттары жоғалып немесе ұрланып жатады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика