«Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қаратау аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы партияның 2023 — 2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын орындауға бағытталған қалалық Жол картасына енген нысандарға Шымкент Мәслихатының депутаты, мәслихаттағы фракция жетекшісінің орынбасары, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Талғат Балтабаевтың жетекшілігімен бақылау-мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Сондай нысанның бірі Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты «Тұран» шағын ауданында құрылысы жүріп жатқан «Оқушылар сарайы». Тапсырыс беруші мекеме Шымкент Қаласының Құрылыс Басқармасы, бас мердігер «BiGlobal» ЖШС-гі. Жобалық құны 9,5 млрд.тг құраса, ал 2023 жылға 936,6 млн.тг қарастырылған.
Бүгінгі таңда, құрылыс нысанында 25 адам жұмыс жасауда. Құрылыс жүру уақтысына қажетті уақытша ғимарат пен құрылыс алаңшалары 100% толық ыңғайластырылған және қоршалған. Құрылыс нысанының шұңқыры мен оны қайта толтыру жұмыстары 98%-ға орындалған. Жалпы алғанда, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сай атқарылуда. Жоба-сметалық құжаттама мен өндірістік кестеден қалып қою немесе ауытқу жұмыстары орын алмаған.
Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты сайлауалды бағдарламасы аясында жүріп жатқан жұмыстар Amanat Qarataý филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының ұдайы назарында болады.
«AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасында жас кәсіпкерлерді қолдау шаралары қамтылған.
Биыл қалада 447 адамға 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант және 21-35 жас аралығындағы 261 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру жоспарлануда.
Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны 220,7 мың. Жаңадан ашылған бөлімше күнделікті 100-200-ге жуық адамды қабылдай алады. Штаттық бірлік 25 адамнан құралған. Мекеме ішінде күту залы, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бөлімі қарастырылған.
Айта кетейік, Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесіне Қазыбек би көшесі бойынша № 84, 113, 114, 182 бағытындағы жолаушылар көлігі қатынайды. Ал, Дулати көшесінен №84, 113,182 жолаушылар көлігі арқылы «Некрасова» аялдамасынан бөлімшеге қатынай аласыздар.
Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесінде пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін 12 жұмыс беруші мекеме 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде іс-шараға қатысқан пробация есебіндегі 40 азаматтың 17-і, ал 26 алимент бойынша борышкер азаматтың 12-і жұмысқа жолдама алды.