Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті рет қаланы аралап, халық игілігіне берілетін бірқатар демалыс нысандарының дайындығын тексерді. Олардың қатарында жоғарғы базардағы «Көл» және Ордабасы алаңындағы субұрқақтар бар. Екі нысанды қайта құру жұмыстары аяқталып, сенбі күні ашылуы болып, қала тұрғындары мен қонақтары шоғырланатын жаңа орынға айналмақ.
Сонымен қатар, Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақтың санитарлық жағдайын тексерді. Тексеру барысында жауаптыларға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, саябақтардың абаттандыру және жарықтандыру мәселелерін ерекше бақылауға алуды ескертті.
Ұзындығы алты шақырым жаңа серуендеу аймағын абаттандыру жұмыстарымен де танысты Аумақ жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көрнекті орынға айналады. Сондай-ақ, жақын арада жүгіру және велосипед жолдары бар серуендеу аймағын да ашу көзделіп отыр.
Қала әкімі одан әрі Тәуке хан даңғылының, Аймауытов, Әлімбетов, Шаймерденов, Төреқұлов, Байтұрсынов және Желтоқсан көшелерінің суару жүйелерінің, арық- атыздардың жағдайын, санитарлық ақуалын бақылады. Жаяу аралау кезінде аудан әкімдері мен салалық басқармалардың басшыларына барлық ескертпелерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды.
Айта кететін, қала күні жаңадан «Tulip Hall» конгресс холлы ашылған болатын.
Айта кетейік, 2022 жылдың 27 қарашасында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалада ауқымды іс-шаралар өткізетін мәдениет ошағы тапшы екенін ескеріп, президентіміздің тапсырмасына сәйкес 2000 орындық Конгресс холлдың құрылысы басталғанын, және бұл нысан келесі жылы халық игілігіне пайдалануға берілетінін айтқан болатын. Міне, сол тапсырмаға сәйкес күні кеше ғана қала күніне орай мәдениет ордасы саналатын – «Tulip Hall» конгресс холл ғимараты халық игілігіне берілді.
Сол тапсырмаға сәйкес күні кеше ғана қала күніне орай мәдениет ордасы саналатын – «Tulip Hall» конгресс холл ғимараты халық игілігіне берілді. Үш қабатты ғимараттағы концерт залының сыйымдылығы – 2066 орын. Сонымен қатар, 190 орындық конференция залы бар.