Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков мемлекеттік бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан Бозарық шағын ауданындағы 43 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын тексерді.
Аталған шағын ауданында мемлекеттік бюджет есебінен 43 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін 38 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда, 38 тұрғын үйде құрылыс-монтаж жұмыстары 85-95 пайызға орындалған. Ал, қалған 5 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылы аяқталатын болады.
Сонымен қатар, аталған үйлерді инженерлік инфрақұрылым жүйерімен қамту мақсатында 5 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 2 нысанның құрылысы аяқталатын болады. Қалған 3 нысанның құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Қала басшысы мердігер мекеме мен басқарма басшысына аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.