• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАЛАЛЫҚ НЕМІС ЭТНОМӘДЕНИ БIРЛЕСТIГIНIҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 22, 2023
Spread the love

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Достық» үйі ғимаратында «Возрождение» Қазақстан немістерiнiң қауымдастығы» қоғамдық қоры қалалық неміс этномәдени бiрлестiгiнiң өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жүйелi жұмыс icтеу, қалалық ассамблеяның бастамаларына белсендi қатысу және жексенбілік мектепте немiс тiлi мен мәдениетiн оқып-үйренушiлерге жағдай жасау, жастар қанатының жұмысын жандандыру жайы қаралды. Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестік төрағасы мен белсенді мүшелері қатысты. Жиынға қатысушылар бірлестіктердің негізгі мақсаты: этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті дамыту. Қызмет ауқымы өте кең. Сондықтан, бұл — халық арасында қайырымдылық және мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастыру, өңірлік, республикалық деңгейдегі қоғамдық шараларға қатысу дегенді білдіреді, деген ойлар бөлісті.
Айта кетейік, бүгiнде Шымкент қаласында 1 200-ге жуық немic этносының өкілдері тұрады. Қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы немiс этномәдени бiрлестiгi 2018 жылдан берi қоғамдық негізде әрекет етедi. Неміс этномәдени бірлестігі түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырады, неміс ұлттық мерекелері мен күндерін, Қазақстан Республикасының өзге де мерекелерін атап өтеді. Неміс тілін үйренуді ұйымдастырады, неміс суретшілерінің, ақындарының, жазушыларының, композиторларының және ғалымдарының шығармашылығын, әлемдік мәдениет жетістіктерін насихаттаумен айналысады, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау бойынша қайырымдылық, медициналық-әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика