• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақтың отбасы құндылықтары қандай болған?

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Отбасының әлемде атқарып отырған жұмыстары өте көп. Демографиялық өсім болмаса елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлайтыны белгелі. Сондықтан да отбасының мемлекет алдындағы міндеттері өте көп. Ең алдымен тарихи сабақтастықты айтқан жөн. Күрделі де аумалы-төкпелі заман ұрпақты аман сақтап қалуды негіз еткен тарихи отбасылық сана қалыптастырды. Яғни ұрпақты болу, көп болу, ұрпақ үшін жан қию дәстүрі әлі күнге жалғасып келеді.

Екінші жағынан, «туыс көп болған сайын адамның психологиясы мықты, өзіне өзі сенімді болады». Қазақ дәстүрінде «бірге туған бірге өледі», «у ішсең руыңмен», «көрші қақысы – Тәңір қақысы» деген танымдар қалыптасып, әркім өз ұрпағы мен туысы және көршісі үшін жауапкершілік арқалайтын берік ұлттық отбасылық сана қалыптастырды.

Үшінші бір айтпай кетуге болмайтын дәстүр – ата-ананы, қарттарды өле-өлгенше құрметтеп, бағу дәстүрі.

Мысалы, батыс елдерінде және қазіргі батыстың отбасылық құндылығына берілген отбасыларда балалар бәлиғат жасына толған соң, еркіне жібереді. Яғни баласы үшін жауапкершілік арқаламайды. Балалары да әке-шешелерін бағу және көмектесу деген жауапкершіліктен қашады.

Міне бұл бала мен әке-шеше арасындағы отбасы құндылығын ойрандады. Бұл отбасылар үшін, ондай көзқарастағы адамдарға үйлі болып, бала сүю артық жұмыс.

Тағы бір ескерерлік жағдай, қазақтың ұрпақ жалғастырудағы «әмеңгерлік» дәстүрі. Яғни түрлі апаттар мен жаугершіліктен жесір қалған әйелдер де қорғансыз қалмай, тұрмысқа шығарып отырған. Тіптен, бай, манаптар 3-4 әйелге дейін алып, көптеп ұрпақ қалдырғаны белгілі. Бұл да отбасылық құндылық – дәстүр ретінде өз ролін атқарды. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеу­меттік орта. Отбасы белгілі дәстүр­лер­дің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отба­сында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.

Адамның жеке басының алғашқы қа­лып­тасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғаш­қы адам­гершілік белгілер отбасында қалып­тасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақ­талып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адам­­ның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қаты­наста, мәде­ниеттілікті тәрбиелеуде отба­сы­ – алғашқы қадам. Сондықтан отба­сы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өз­гер­­туге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сый­­ластық, жарастық орнаған орта. От­ба­сы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика