• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ»

Автор:admin

Апр 26, 2023
Spread the love

Қазақ халқында «Ынтымақ жүрген жүрде ырыс бірге жүреді» деген сөз бар. Сарабдал саясатты ұстанып, берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды арттырдық. Іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгемен тереземізді теңестірдік, тұрмысымызды түзедік, тарихымызды түгендедік. Бүгінде татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – Қазақстан ынтымақ ұясына, татулық төріне айналды.
Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялап, тағдыры ортақ біртұтас халқымыздың татулығын сақтау – басты мұратымыз болып белгіленді.
Тәуелсіздік туын асқақтатып, келешегінің кемелденуінде әрбір азаматтың борышы. Әрбір азамат туған елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, ұлтжанды азамат болу керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.
Бүгінде Шымкент қалалық ҚХА жанында 17 этномәдени бірлестік әрекет етеді. Өз кезігінде этно ұйымдар берекелі бірлікке бағытталған байсалды бастамаларды іске асыруға атсалысып, қолдау көрсетуде. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жүктелген міндеттерді іске асыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қайырымдылық іс-шараларын үйлестіру, этномедиацияны дамыту сынды бағыттар бойынша жоспарлы жұмыс істеуде.
Еліміздің мерекесі — 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріне табыстар тілеймін!
Асанов Латипша Каймаханович Шымкент қаласы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика