• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстанды құтқарып тұрған тарихи отбасылық құндылық

Автор:admin

Сен 20, 2022
Spread the love

Аталарымыз: «бас екеу болмай, мал екеу болмайды», «бір қой егіз туса, бір шөптің басы айыр шығады» – деген секілді мақал-мәтелдер арқылы үйленіп, ұрпақ қалдыруды дәріптеп келеді.

Бұл – «алқа көл, сұлама», «ұлы отан соғысы», «1932-1933 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылық» және 1937-1938, 1958 жылдардағы қуғын-сүргіннің әр кезеңдерінде халықтың жартысынан астамының қырылып кетіп отырғаны, тіптен өз атамекендерінде азшылыққа айналғаны белгілі.

Алайда ата-бабаларымыздан келе жатқан өзара жанашырлық пен ұрпаққұмарлық сынды рулықты негіз етіп қалыптасқан отбасылық құндылық сондағы барлық құлдыраудан құтылдырды.

Тіптен, жылына неше мыңдаған адамдардың шетке кетуіне қарамай, табиғи өсім барған сайын жақсарып келеді. Бұған тіптен жастардың әлеуметтік жағдайы мен тұрғын үй мәселесінің ауырлығы да кедергі келтіре алмады.

Егер әлеуметтік жағдай мен тұрғын үй мәселесі оң шешімін тапқанда, бұдан да үлкен жетістіктерге жететініміз айдан анық. Отбасы – баланың әлеуметтенуінің алғаш­қы факторы. Толық емес отбасын­да, бұл процесс отбасының қалыпты құры­лымының жоқтығынан өзгереді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйен­сек, кішкентай бүлдіршіндер ата-анасының ажырасуы салдарынан пси­хологиялық зардап шегетіні анық­талды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы туындаған кикілжіңдердің салдарынан бала­лар депрессияға ұшырайды және дамуының артта қалуына бейімді болып келеді. Осылайша ажырасу фактісі бала­ны ауыр психологиялық салдарға (құ­қық бұзушылыққа, суицидке, өз-өзіне сенім­сіздікке) душар етеді. Толық емес отбасының проблемасы – баланың әлеуметтенуінің бұзылу проблемасы.

Батыс елдеріндегі отбасы құндылықтарының кері әсері Қазақстанға да тиіп отыр

Бұл үрдіс Ресеймен шекараласқан солтүстік және шығыс облыстарда қатты байқалады. Шындығында гендерлік саясаттың ұлттық және жыныстық ерекшелікке қарай түзілген қағидаттары – көп дау тудырып келе жатыр.

Гендерлік саясатты әркім әр түрлі қабылдауда. Ал гендерлік теңдіктің оңтүстік облыстардағы отбасылық дәстүрі бұзылмаған халыққа әсері сәл де болса төмен. Себебі, қазақ халқында онсызда әйелдің орны өте жоғары құрметпен теңестірілген.

Кеңес Одағы кезіндегі коммунистік идеология қазақтың ұлттық құндылықтарын жоюға тырысқаны белгілі. Сонымен тым орыстанып кеткен солтүстік облыстарда батыс елдерінің гендерлік саясатына деген құрмет оңтүстік облыстарға қарағанда анағұрлым жоғары болды. Міне бұл халықтың өсімін шектейтін факторға айналды.

Қазақстанның әр облысындағы халық санының 2000 -2017 аралығындағы табиғи өсім салыстырмасы / google.kz

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика