• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАЗАҚСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШЕТЕЛДІК БАСПАСӨЗ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 28, 2023
Spread the love

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 2023 жылдың 22-23 шілдесінде өткен І Халықаралық медиа және туризм форумында Қазақстанның бастамасымен,  Қазақстан, Британия, Германия журналистері Дүниежүзілік шетелдік баспасөз қауымдастығын құрды.

Қонаев қаласы Алматы облысы (22 шілде, 2023 ж.) – «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ бастамасымен, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 21-22 шілде аралығында өткен І Халықаралық медиа және туризм форумының шеңберінде Дүниежүзілік шетелдік баспасөз қауымдастығы (WFPA) құрылды. Қауымдастық құрамында  «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы (Қазақстан), Еуропадағы түркітілдес журналистер қауымдастығының президенті Ватан Өз (Ұлыбритания), Еуропадағы түркітілдес БАҚ, баспагерлер мен журналистер қауымдастығының президенті  Алипаша Акбаш (Германия) бар. Дүниежүзілік шетелдік баспасөз қауымдастығы (WFPA) Қазақстанда, Англияда, Германияда және бүкіл әлемдегі БАқ өкілдерінің мүддесіне қызмет етеді..

Құрылтайшылардың шешімімен, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Қауымдастықтың тұңғыш президенті болып сайланды. Вице-президенттікке Ватан Оз мен Алипаш Акбаш бекітілді.

Дүниежүзілік шетелдік баспасөз қауымдастығының президенті Нәзия Жоямергенқызы: « WFPA бүкіл әлем бойынша демократиялық қоғамның негізгі қағидасы БАҚ өкілдерінің еркін кедергісіз ақпарат таратуына және Қоғамдағы түйткілдерді ашық айтуға жағдай жасау деп біледі.  WFPA бүкіл әлемдегі сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі және демократиялық құндылықтарға басымдық береді. Әрбір азаматтың ақпарат алуға және таратуға, еркін ойлауға және пікір білдіруге, еркін сын айтуға құқығы бар. Пікір алуандығы мен сөз бостандығын жүзеге асырудың басты құралы – баспасөз бостандығы. Демократиялық құндылықтарға бағынатын конституциялық мемлекетте бұл құқықтарға заң жүзінде кепілдік беру өте маңызды. Кәсіби ұстанымдар БАҚ-тың өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді.  Журналисті кәсіби тұрғыда бағалау беделі, ең алдымен, ар-ождан. Сондықтан БАҚ басшылары мен журналистер кәсіби қағидаларды бұлжытпай орындауға міндетті».

Дүниежүзілік шетелдік баспасөз қауымдастығының вице-президенті Ватан Оз: «WFPA арқылы Еуропа мен Азия журналистері арасында берік байланыс орнатып, тиімді жобаларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Қауымдастықтың негізгі мақсаты – газет, журнал, радио, теледидар сияқты жазба, аудио, көрнекі және электронды байланыс пен Интернет порталдардағы журналистиканың халықаралық қағидаларын насихаттау, демократиялық және адамгершілік  құндылықтарды сақтау, журналистиканың кәсіби этикаларына бағыну, «Әлем журналистерінің құқықтары мен міндеттері туралы Декларацияны» қабылдау, журналистердің  еркін ақпарат алу және тарату құқығын қорғау, азаматтардың шынайы да нақты ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, БАҚ өкілдерінің кәсіби тұрғыда дамуына ықпал ету».

Әлипаша Акбаш, Дүниежүзілік шетелдік баспасөз қауымдастығының (WFPA) вице-президенті: «Қауымдастық құрамына дүние жүзіндегі БАҚ пен медиаға қатысты ұйымдар мүше бола алады. WFPA сонымен қатар кітаптардың тұсаукесері, саяси және ағымдағы оқиғалар туралы брифингтер, негізгі тұлғалармен конференциялар және т.б. ұйымдастырады».

Дүниежүзілік шетелдік баспасөз қауымдастығының (WFPA) келесі отырысы 2023 жылдың 22-23 қыркүйегінде Астана қаласында ұйымдастырылатын ІІІ Түркітілдес журналистер медиа форумында өтеді. Жиын барысында Қауымдастыққа қабылданатын жаңа үміткер мүшелердің ұсынысы талқыланады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Баспасөз қызметі

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика