• Чт. Ноя 28th, 2024
Популярные метки

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу!

Автор:admin

Окт 1, 2022
Spread the love

Қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі ретінде – гендерлік саясат болып табылады. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі саясаттың бір басымдығы болып келеді.

Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі. Ол адамдар мен азаматтардың отбасылық – тұрмыстық қатынастары саласындағы заңдық мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық  құқықтарын қорғауға бағытталған. Қабылданған заң әйелдерге қатысты тұрмыстық зарлық-зомбылықтың алдын  алу және жолын кесу жолында шынайы құқықтық жағдай жасады. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет.

Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді.    Жалпы әйел заты қазақ қоғамы үшін қазақ мемлекеті үшін қашанда ардақты саналған.  Еліміздің де тең жартысы әйел қауымынан тұрады. Бүгінгі таңда әйелдер ошақ басындағы қазанның құлағында емес, денсаулық сақтау, ағартушылық жүйенің, мемлекеттік қызметтің, сондай-ақ, бизнестің де құлағын ұстағанына қарамастан   отбасының жарасымдылығына көп  үлес қосып отырғаны жасырын емес.

Гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетіні сөзсіз. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық процесстеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне ықпал ететін болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика