Қазір волонтерліктің өсіп келе жатқан әлеуметтік маңызын Қазақстан да мойындайды. Сондықтан 2020 жылғы 16 қаңтарда Үкімет Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Онда жалпы алғанда 7 бағытта 40 іс-шараны іске асыру көзделген, деп жазды.
Енді сол 7 бағытқа тоқтала кетсек, олар: 1. Волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту; 2. Волонтерлік қызмет бойынша инфрақұрылымды дамыту және оған қатысушылардың әлеуетін арттыру; 3. Азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту; 4. Корпоративтік волонтерлік қызметті дамыту; 5. Волонтерлік қызмет бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 6. Волонтерлікті дәріптеу; 7. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін волонтерлікті дамыту.
Бұл ретте еліміздегі волонтерлік ұйымдар мен жобалар туралы мәліметтер Qazvolunteer.kz платформасында шоғырланған. Осы орайда оған журналистер тарапынан «Қазақстанда волонтерлік қызмет қаншалықты дамыған? Қоғамның көзқарасы қандай?» деген сұрақ қойылды.
Қазір Қазақстанда енді дамып келе жатқан бағыт – әлеуметтік волонтерлік. Олардың қоғамға тигізер пайдасы зор. Еліміздегі ең үлкен әлеуметтік волонтерлік жоба «Жеңіс» деп аталады. Оның аясында волонтерлер Қазақстандағы соғыс және тыл ардагерлеріне қамқор болып, үй шаруасына көмектесіп, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізіп береді.
Ал елімізде корпоративтік волонтерліктің дамуы қай деңгейде дегенге келсек, былтыр жыл соңына қарай Ұлттық волонтерлік желі басшылығы бұл саланың оң тәжірибелерін зерттеу бойынша қорытынды конференциясын өткізді. Сонда белгілі болғаны, зерттеуге корпоративтік волонтерлікті дамытуға қатысы бар 100-ден астам түрлі компания мен 400 корпоративтік волонтер, 70 ҮЕҰ өкілдері және корпоративтік волонтерлікке жетекшілік ететін 30-дан астам басшы қатысқан.
«Бүгінде Қазақстанның корпоративтік волонтерлікті дамытуда қандай кезеңде тұрғанын және келесі деңгейге өту үшін қандай қадамдар қажет екенін түсінуге көмектесетін баяндамлар тыңдалды. Зерттеудің қорытындылары мен ұсынымдары мүдделі тұлғаларға пайдалы болады деп ойлаймын. Өйткені бірлескен күш-жігер корпоративтік волонтерлікті дамытуға және Қазақстандағы волонтерліктің жаңа деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді», – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.
Оған қоса елордада волонтерлік ұйым өкілдері, мемлекеттік органдар мен сарапшылардың қатысуымен «Қазақстанда волонтерлер қозғалысын дамыту келешегі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Шара барысында волонтерлік қызметтің әл-ахуалын талдау, волонтерлер қозғалысын дамыту әлеуетін зерттеу, сондай-ақ әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу мәселелері талқыланды. Сол сәтте саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанда волонтерлердің құқықтық әлеуетін арттыру мен мемлекет тарапынан қолдау қажеттігін айтты.
«Бұл өз кезегінде азаматтық белсенділіктің осы түріне бастамашылық ететін адамдардың құқығы мен міндеттерін қамтамасыз ете отырып, қоғамдық қозғалыстан әлеуметтік институтқа ауысуға мүмкіндік береді. Осылайша Қазақстандағы волонтерлік қызмет берік негізге және әлі де ашылуы тиіс ауқымды әлеуетке ие» – деді ол.
Одан кейін елімізде волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. Бұл құжатта волонтерлер қозғалысын құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қолдау тетіктері қарастырылған.
Осылайша, жүзеге асырылған жоғарыдағы мысалдар негізінде кейін де волонтерлік дәстүрлерді қалай дамытуға болатынын біріздендіріп алған жайымыз бар.
Қоғамға нақты көмек пен әлеуметтік қызмет көрсетудің бір тәсілі — еріктілік. Өздеріңіз білетіндей, еріктілік — бұл ақшалай сыйақыларға сүйенбей, адамдардың мүддесі үшін ерікті түрде жүзеге асырылатын қызмет. Еріктілердің қызметі, ең алдымен, өздеріне көмектесе алмайтын халықтың шұғыл көмек көрсетуге бағытталған. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде және әлеуметтік-педагогикалық жұмыс тәжірибесінде бұл екі ұғым жиі қолданылады: еріктілер және еріктілер қызметі. Кез-келген адам қиын өмірлік жағдайға тап болуы мүмкін, сондықтан адамдарға көмек көрсетуге міндеттелген мамандардың кәсіби дайындығымен қатар, еріктілік олардың кәсібіне қарамастан адамның әлеуметтік қызметі ретінде қалыптасуы керек. Сонымен бірге, мамандардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру деп аталатын көмекші мамандықтар — әлеуметтік қызметкерлер өздерінің әлеуметтік жетілуін және әлеуметтік белсенділіктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау қажет деп санаймыз. Баланың немесе ересек адамның өмірлік қиын жағдайлары мен денсаулығы көбінесе осы мамандардың жауапты кәсіби шешіміне байланысты болады. Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіби көмекті әлеуметтік тұрғыдан жетілген маман ғана ұсына алады. Еріктілер қозғалысына қатысу студенттерге осындай іс-шараларда тәжірибе жинауға көмектеседі.Еріктілер клубтарының мақсаттары халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне, гуманитарлық қолдау көрсету барысында студенттердің саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру.
Еріктілер ретінде клуб мүшелерінің қызметі:
рухани-адамгершілік (жеке адам ретінде физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, жетім балалардың өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу және әлеуметтену азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жағдайлар жасау);
әлеуметтік-педагогикалық (мүгедек баласы бар, девиантты мінез-құлықты баласы бар отбасындағы бала рөліне қатысты оның толыққанды өмір сүруіне бағытталып ұйымдастырылған іс-шара)
идеологиялық-тәрбиелік (қоғамдық ортада балаларды әлеуметтендіру және азаматтық-құқықтық сауаттылығын бекіту, түрліпартриотты-азаматтық бағыттағы акцияларға және шараларға қатысу)
мәдени-ағартушылық(қоғамдық тәжірибеде қалыптасқан әлеуметтік нормаларын, саяси-мәдени дәстүр құндылықтарын реттейтін еріктілердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін ұйымдастыру).
саяси-әлеуметтік (әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарымен бірігіп, әлеуметтік жетім және жайсыз отбасын мемлекеттік қолдау және бала құқығын қорғаумен қамтамасыз ету жұмыс тәжірибесін тарату);
жарнамалық-насихаттаушылық (еріктілер қозғалысының әлеуметтік маңызды идеяларын қолдау, дамыту әлеуметтік жарнамаларын ұйымдастыру, қоғамға қызмет ету әлеуметтік жауапкершілігін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау.)
аниматорлық(балалар үйі, сауықтыру-бейімдеу орталықтары мен демалыс лагерлерінде балалардың мәдени-бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін қолдау).
Мақсаты мен міндеттері
- Жемқорлыққа қарсы мәдениет;
- Ашық оқу орны;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру;
- Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы заңнама;
- Ақпараттық қолдау;
- Барлық білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру;
- Барлық білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтарын аттыру;
- Студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жетекшілеріне айналдыру.
Әдетте, еріктілер қатарына жоғары әлеуметтік, рухани және адамгершілік даму деңгейі бар адамдар қосылады. Сонымен бірге, волонтерлік жұмыс студенттердің болашақ мамандардың әлеуметтік маңызды жеке қасиеттерін қалыптастырудың факторы бола алады.
R-ақпарат