• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстанда ана мен балаға берілетін жәрдемақы мен төлемдердің 11 түрі бар

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда Ана мен баланы қолдаудың ұлттық моделі құрылған, ол 8 мемлекеттік жәрдемақы мен 3 төлемнен тұрады. Жалпы алғанда, бұл мақсаттарға 2020 жылы 682,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Бала тууды ынталандыру және отбасында балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесу мақсатында 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы енгізілді, оның мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған. Сонымен, 2020 жылы бірінші, екінші, үшінші баланың туылуына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 38 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) немесе 100 738 теңгені құрайды, ал төртінші және одан да көп балаға 63 АЕК немесе 167 013 теңге төленеді. 2019 жылы төлемнің орташа мөлшері 109 370 теңгені құрады, оны 43,8 млрд теңгеге 400 022 адам алды. 2020 жылы төлемнің орташа мөлшері 114 788 теңгені құрайды. Бұл мақсатқа 45,2 млрд теңге бағытталады. 2006 жылдан бастап жұмыс істемейтін ата-аналарға бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Ол отбасының табысына қарамастан тағайындалады және оның мөлшері төртінші балаға дейін артып отырады (бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 15 270 теңге, екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 18 054 теңге, үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 20 811 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,9 АЕК немесе 23 594 теңге). Мұндай жәрдемақыны өткен жылдарыы жалпы сомасы 34,7 млрд теңгеге 138 466 адам алды. Төлемнің орташа мөлшері 20 886 теңгені құрады. 2020 жылы аталған жәрдемақыны төлеуге 39 млрд теңге бағытталады, оның орташа мөлшері 22 663 теңгені құрайды.
2008 жылдан бастап жұмыс істейтін ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда төлемдер қарастырылған, бұл олардың табысының 40% құрайды.. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 77,5 млрд теңге сомаға 191,4 мың адам төлем алды. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 86,4 млрд теңге бөлу жоспарланған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін ата-аналарға бір жасқа толғанға дейінгі баланың күтіміне байланысты берілетін төлемдерді 894 млрд теңгеге 434 мың адам алды. Ағымдағы жылы төлемдердің жалпы сомасы 100,1 млрд теңгені құрайды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика