Шекара маңындағы өңірлерді дамыту жөніндегі дербес бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігі жоқ. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасы әзірленді», − деп атап өтеді жауабында Үкімет басшысының орынбасары.
Оның дерегінше, тұжырымдамада көші-қон процестерін реттеуге бағытталған келесі нақты іс-шаралар қарастырылған:
− оңтүстік өңірлерден солтүстікке жұмыс күшін тартқан кәсіпорындардың шығыстарын өтеу;
− облысішілік және өңіраралық қоныс аударуды ынталандыру;
− түрлі себептермен өмір сүруге қолайсыз елді мекендердің тұрғындарына көшуге жәрдемдесу;
− қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер учаскелерін беру;
− солтүстік өңірлерге қоныс аударған қандастарға азаматтық алғаннан кейін тұрғын үйге кезегін сақтау. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру арқылы 2026 жылға дейін солтүстікке қоныс аударған азаматтардың жұмыспен қамту деңгейін 87 пайызға дейін жеткізу көзделген. Инфрақұрылымдық жобаларды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін оңтүстік аймақтардан 35 мың адамды тарту жоспарланған. Еңбек күші тапшы өңірлерді қолдау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылардың квотасын бекітеді. Биылғы жылы квота 6 587 адамды құрады», − деді Ералы Тоғжанов.
Сонымен бірге вице-премьер Парламент Сенатының «Өңір» депутаттық тобының бастамасымен мынадай іс-шаралар пысықталып жатқанын алға тарталы:
− қоныс аударушыларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін (ауданы кемінде 0,1 га) беруді жеңілдету;
− қажетті мамандықтар бойынша жұмысқа орналасатын қоныс аударушылар, сондай-ақ олардың жұмыс берушілері тұрғын үй салу кезінде өз қаражаты есебінен жұмсаған шығындарын өтеу (кемінде 50 %);
− субсидияларға қол жеткізу үшін қоныс аударушылардың кредит берешегіне каникулдар белгілеу (мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін). «Баяндалғанның негізінде шекара маңындағы өңірлерді дамыту жөніндегі дербес бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігі жоқ деп санаймыз» делінген Премьер-Министрдің орынбасарының жауабында. Қазақстан жаңа миграциялық саясатты қабылдамақ. Оның біраз жаңалығы бар. Енді мемлекет ұлтына қарамастан білімді, дарынды жастарды шетелден тартуға маңыз береді. Бұған дейін шетелдегі қазақ жастарын тартуға екпін түсірілген. Сондай-ақ бизнес иммиграциясын ынталандырады, 100 ірі брендті релокациялауға күш салады. Елге қомақты инвестиция салғандарға «алтын виза» берілуі мүмкін. Қандастарға көзқарас та өзгереді деп жатыр. Саланы қандай реформалар күтіп тұр? Қандастар мәселесі қамықтырады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша биыл 11 165 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Ал 1991 жылдан бері жалпы саны 1 миллион 99,1 мың этникалық қазақ оралыпты. Биыл атажұртқа асыға жеткендердің көбі Өзбекстаннан келді. Тағы 10,5 пайызы – ҚХР-дан, 7,1 пайызы –Түрікменстаннан, 4,6 пайызы – Моңғолиядан, қалған 8,3 пайызы басқа елдерден көшті. Еңбек министрлігінің дерегінше, сырттан келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстануды қалайды. Яғни, жатжұрттарда қазақы дәстүрді, тілді сақтап қалған қазақтар елге оралып, орыстанған солтүстік, орталық, шығыс өңірлерді қазақыландыруға үлес қосады деген үміт ақталмады. Сарапшылар оның орнына қандастардың өзі елге проблема тудырғанына қынжылыс білдіріп жүр. Бұл мәселе Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде де көтерілген болатын. Ведомство қандастар арасында білікті, жоғары білімді мамандардың тым аздығына назар аудартады: небәрі 12,3%-ы ғана жоғары білімді. 38,9%-ы арнайы орта білімге ие. Үлкен бөлігі – 47%-ы тек мектеп бітірген. 1,7%-ының орта білімі де жоқ. Салыстыру үшін министрлік мына статистиканы келтіреді: 2011-2022 жылдары Қазақстаннан көшіп кеткендердің көбі – 38%-ы жоғары білімді, білікті азаматтар. Тағы 34%-ы – колледж бітіргендер. Бұл жерде олар қазақ тілін білгісі келмей, Ресейге кетіп жатқан орыстар деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Шынында, жоғары білікті, ауқатты қазақтар да Түркияға, АҚШ-қа, Еуропаға, Грузияға, Ресейге лек-лекпен көшіп кетуде. Жалпы алғанда, жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар 367,1 мың адам шетелге тұрақты тұруға кетіп қалған. Оның ішінде 74,3 мыңы ғана репатриациялану мақсатында тарихи Отанына қайтқан. Қоныстанушы ел қуатын еселесін Сондықтан жаңа көші-қон саясаты аясында қандастардың қазағы аз, жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстануына басымдық беріледі. Бұл жұмыс пилоттық жоба аясында біраздан қолға алынуда. Бірақ ынта-ықылас білдірушілер шамалы: биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жаңа алгоритмге сәйкес Түрікменстаннан келген 741 этникалық қазаққа тұрақты тұру үшін нақты өңірді көрсете отырып, тиісті визалар беріліпті. 45 адам бәрібір Маңғыстау облысын таңдаған. Оларды солтүстік өңірлерді таңдаса, отбасының әр мүшесіне көшуге 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем (2022 жылы – 222,6 мың теңге) төленетіні, үй жалдау және коммуналдық қызметтер шығындарын 1 жыл мемлекет көтеретіні де қызықтырмаған. Қандастар қазағы аз өңірде орыс тілінде сөйлеп, орыстануға тура келеді деп қорқатыны мәлім. Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында қандастарға және босқындарға консультациялық, ақпараттық, аударма, білім беру қызметтерін ұсыну үшін бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын ашу жоспарланған. Мұндай бейімдеу орталықтары Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында құрылады. Құжатта қандастарға, босқындарға, релоканттарға ел аумағында төл бизнесін дамытуға жәрдемдесу шаралары пысықталатыны көрсетілген. «Президент тапсырмасын орындау мақсатында жаңа тұжырымдама аясында қандастарды тарихи Отанында қабылдау және жайғастыру саясаты қайта қаралатын болады. Құжаттарды қабылдау кезеңінде қандастың орналасатын жерін айқындау тетігі енгізіледі. Ол сол өңірде 5 жыл бойы тұрақты тұрған соң ғана азаматтықты беру, сол арқылы еңбек күші тапшы өңірлерге көшуге ынталандыру шаралары қабылданады. Бұл тәсіл отандастардың жергілікті қоғамға интеграциялану процестерін реттеу және олардың әлеуетін ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне сай пайдалану үшін тиімді», – деп түсіндірді Еңбек министрлігі. Өз елінде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда жүзеге асыруға ниет білдірген шетелдегі қандастарға Қазақ картасы беріледі. Оның иесі елге еркін кіру, бизнес ашу, мүлікке иелік ету мүмкіндігіне ие болады. Қазақ картасы иегерлеріне жыл сайын «Парыз» конкурсы аясында Президенттік сыйлық беріледі. Елде кадр тапшылығы ушыға түспеуі үшін жаңа саясат аясында өзге мемлекеттерден білікті, білімді азаматтарды тартудың кеңауқымды науқаны басталмақ. Құжатта ол білім иммиграциясы, еңбек иммиграциясы және бизнес иммиграция деп үш бағытқа жіктелген. Жаңа саясаттың үш тағаны Салалық ведомствоның түсіндіруінше, біріншіден, білім иммиграциясы аясында Қазақстанды бір жағынан, оқушы жастарға, магистранттарға, докторанттарға, ал екінші жағынан, профессорлар-оқытушылар құрамына, ғылыми қызметкерлерге тартымды етіп, өңірлік білім беру хабына айналдыру көзделген. Осы бағытта сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100 үздік шетелдік оқытушыны және сұранысқа ие технологияларды игерген ғалымдарды Қазақстанға тарту шаралары қабылданады. Оларға кейіннен Қазақстан азаматтығын алу құқығын ұсына отырып, 10 жылдық «ғылыми-педагогикалық виза» беріледі. Ұлтына қарамастан, шетелдік дарынды жастарды отандық ЖОО-лар мен колледждерге тарту мақсатында шетелдік оқушыларға арналған гранттар саны ұлғайтылады, солар үшін түсу емтихандарын өткізу мерзімдері өзгертіледі. Мұның сыртында қазақстандық университеттер қабылдау комиссияларын Орталық Азия елдеріне барып, сонда ұйымдастырады. Нәтижесінде, елдегі студенттердің жалпы санындағы шетелдік шәкірттердің үлесі 2022 жылғы 4,9%-дан 2027 жылы 10%-ға дейін екі еседей ұлғайтылады. Екіншіден, Бизнес-иммиграция бағытында өз бизнесін Қазақстанға көшіретіндерге жеңілдік, преференциялар берудің қолжетімді тетіктері әзірленеді. Оларға қарастырылған қолдау шаралары «бір терезе» қағидатымен орталықтанады, цифрланады. «Алтын виза» аталатын инвестициялық визаны беру жолға қойылады. Тұжырымдамада келесі жылы – 5, ал 2027 жылға қарай 40 визадан беріп отыру жоспарланған. Қазақстан экономикасына бөліп-бөліп емес, бір мезгілде 300 мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнес үшін инвестициялық және іскерлік визалар беріледі. Мұндай виза елде 10 жыл еркін тұруға мүмкіндік береді. Виза иесі Қазақстанда бизнесін тіркеп, мүлікке иелік етіп, қаржылық операцияларды жүргізе алады. Шетелден атақты бренді бар үздік 100 бизнесменді тарту қарастырылған. Оның ішінде тұтастай зияткерлік қызметке негізделген креативті индустрияны (экономиканың төртінші секторын) дамытуға басымдық берілмек. Үшіншіден, Еңбек иммиграциясы бағытында Қазақстанды көрінген босқынның, өз жерінде орнын таба алмаған келімсектердің емес, ең алдымен майталман мамандар, білікті еңбек ресурстары үшін тартымды мемлекет ретінде қалыптастыру жоспарланған. Сондықтан «Құнды дағдыларға арналған виза» деген жаңа түрі енгізіледі. Министрліктің мәліметінше, бұл виза ғылым, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT, спорт және мәдениет салаларындағы бағалы кәсіби мамандарға беріледі. Виза аясында оларға түрлі жеңілдік, тұруға ықтиярхат ұсынылады. Бұдан бөлек, елімізде авторлық мектептерін ашуы үшін жағдай жасап, өнер, спорт, әдебиет саласында 100 шетелдік шеберді Қазақстанға әкелу жоспарлануда. Жалпы, жергілікті кадрларды даярлау аясында үш жыл бұрын Үкімет шетелдік жұмыс күшін азайтып, қатаң квоталауға көшті. Жұмыс берушілерге шетелден тек басшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етілді. Осы кезеңде жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 36,4 млрд теңгеден астам қаражат төлепті. Бүгінде Қазақстан аумағында 16 027 шетелдік басшы мен маман қызмет етеді. Қарапайым жұмысшыларды тарту құқығы жеке тұлғаларға берілді. Мысалы, бай қазақтар шетелден аспаз, бала бағушыны, үй күтушісін, бақшашыны, сәулетші-құрылысшыларды шақыратыны мәлім. Ресми мәліметке жүгінсек, үй шаруашылықтарында еңбек етуге келген шетелдік еңбекшілерге былтыр 1 млн 618,9 мыңнан астам рұқсат берілді. Олар ел бюджетіне 29,9 млрд теңгеден астам жеке табыс салығын төледі. Қорыта айтқанда, Қазақстан көші-қон саясатын да жаңаша құруға күш салмақ. Одан не шығатынын өмір көрсетеді. Көші-қонға көзқарас өзгереді көші-қон Қазақстан жаңа миграциялық саясатты қабылдамақ. Оның біраз жаңалығы бар. Енді мемлекет ұлтына қарамастан білімді, дарынды жастарды шетелден тартуға маңыз береді. Бұған дейін шетелдегі қазақ жастарын тартуға екпін түсірілген. Сондай-ақ бизнес иммиграциясын ынталандырады, 100 ірі брендті релокациялауға күш салады. Елге қомақты инвестиция салғандарға «алтын виза» берілуі мүмкін. Қандастарға көзқарас та өзгереді деп жатыр. Саланы қандай реформалар күтіп тұр? Қандастар мәселесі қамықтырады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша биыл 11 165 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Ал 1991 жылдан бері жалпы саны 1 миллион 99,1 мың этникалық қазақ оралыпты. Биыл атажұртқа асыға жеткендердің көбі Өзбекстаннан келді. Тағы 10,5 пайызы – ҚХР-дан, 7,1 пайызы –Түрікменстаннан, 4,6 пайызы – Моңғолиядан, қалған 8,3 пайызы басқа елдерден көшті. Еңбек министрлігінің дерегінше, сырттан келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстануды қалайды. Яғни, жатжұрттарда қазақы дәстүрді, тілді сақтап қалған қазақтар елге оралып, орыстанған солтүстік, орталық, шығыс өңірлерді қазақыландыруға үлес қосады деген үміт ақталмады. Сарапшылар оның орнына қандастардың өзі елге проблема тудырғанына қынжылыс білдіріп жүр. Бұл мәселе Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде де көтерілген болатын. Ведомство қандастар арасында білікті, жоғары білімді мамандардың тым аздығына назар аудартады: небәрі 12,3%-ы ғана жоғары білімді. 38,9%-ы арнайы орта білімге ие. Үлкен бөлігі – 47%-ы тек мектеп бітірген. 1,7%-ының орта білімі де жоқ. Салыстыру үшін министрлік мына статистиканы келтіреді: 2011-2022 жылдары Қазақстаннан көшіп кеткендердің көбі – 38%-ы жоғары білімді, білікті азаматтар. Тағы 34%-ы – колледж бітіргендер. Бұл жерде олар қазақ тілін білгісі келмей, Ресейге кетіп жатқан орыстар деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Шынында, жоғары білікті, ауқатты қазақтар да Түркияға, АҚШ-қа, Еуропаға, Грузияға, Ресейге лек-лекпен көшіп кетуде. Жалпы алғанда, жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар 367,1 мың адам шетелге тұрақты тұруға кетіп қалған. Оның ішінде 74,3 мыңы ғана репатриациялану мақсатында тарихи Отанына қайтқан. Қоныстанушы ел қуатын еселесін Сондықтан жаңа көші-қон саясаты аясында қандастардың қазағы аз, жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстануына басымдық беріледі. Бұл жұмыс пилоттық жоба аясында біраздан қолға алынуда. Бірақ ынта-ықылас білдірушілер шамалы: биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жаңа алгоритмге сәйкес Түрікменстаннан келген 741 этникалық қазаққа тұрақты тұру үшін нақты өңірді көрсете отырып, тиісті визалар беріліпті. 45 адам бәрібір Маңғыстау облысын таңдаған. Оларды солтүстік өңірлерді таңдаса, отбасының әр мүшесіне көшуге 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем (2022 жылы – 222,6 мың теңге) төленетіні, үй жалдау және коммуналдық қызметтер шығындарын 1 жыл мемлекет көтеретіні де қызықтырмаған. Қандастар қазағы аз өңірде орыс тілінде сөйлеп, орыстануға тура келеді деп қорқатыны мәлім. Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында қандастарға және босқындарға консультациялық, ақпараттық, аударма, білім беру қызметтерін ұсыну үшін бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын ашу жоспарланған. Мұндай бейімдеу орталықтары Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында құрылады. Құжатта қандастарға, босқындарға, релоканттарға ел аумағында төл бизнесін дамытуға жәрдемдесу шаралары пысықталатыны көрсетілген. «Президент тапсырмасын орындау мақсатында жаңа тұжырымдама аясында қандастарды тарихи Отанында қабылдау және жайғастыру саясаты қайта қаралатын болады. Құжаттарды қабылдау кезеңінде қандастың орналасатын жерін айқындау тетігі енгізіледі. Ол сол өңірде 5 жыл бойы тұрақты тұрған соң ғана азаматтықты беру, сол арқылы еңбек күші тапшы өңірлерге көшуге ынталандыру шаралары қабылданады. Бұл тәсіл отандастардың жергілікті қоғамға интеграциялану процестерін реттеу және олардың әлеуетін ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне сай пайдалану үшін тиімді», – деп түсіндірді Еңбек министрлігі. Өз елінде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда жүзеге асыруға ниет білдірген шетелдегі қандастарға Қазақ картасы беріледі. Оның иесі елге еркін кіру, бизнес ашу, мүлікке иелік ету мүмкіндігіне ие болады. Қазақ картасы иегерлеріне жыл сайын «Парыз» конкурсы аясында Президенттік сыйлық беріледі. Елде кадр тапшылығы ушыға түспеуі үшін жаңа саясат аясында өзге мемлекеттерден білікті, білімді азаматтарды тартудың кеңауқымды науқаны басталмақ. Құжатта ол білім иммиграциясы, еңбек иммиграциясы және бизнес иммиграция деп үш бағытқа жіктелген. Жаңа саясаттың үш тағаны Салалық ведомствоның түсіндіруінше, біріншіден, білім иммиграциясы аясында Қазақстанды бір жағынан, оқушы жастарға, магистранттарға, докторанттарға, ал екінші жағынан, профессорлар-оқытушылар құрамына, ғылыми қызметкерлерге тартымды етіп, өңірлік білім беру хабына айналдыру көзделген. Осы бағытта сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100 үздік шетелдік оқытушыны және сұранысқа ие технологияларды игерген ғалымдарды Қазақстанға тарту шаралары қабылданады. Оларға кейіннен Қазақстан азаматтығын алу құқығын ұсына отырып, 10 жылдық «ғылыми-педагогикалық виза» беріледі. Ұлтына қарамастан, шетелдік дарынды жастарды отандық ЖОО-лар мен колледждерге тарту мақсатында шетелдік оқушыларға арналған гранттар саны ұлғайтылады, солар үшін түсу емтихандарын өткізу мерзімдері өзгертіледі. Мұның сыртында қазақстандық университеттер қабылдау комиссияларын Орталық Азия елдеріне барып, сонда ұйымдастырады. Нәтижесінде, елдегі студенттердің жалпы санындағы шетелдік шәкірттердің үлесі 2022 жылғы 4,9%-дан 2027 жылы 10%-ға дейін екі еседей ұлғайтылады. Екіншіден, Бизнес-иммиграция бағытында өз бизнесін Қазақстанға көшіретіндерге жеңілдік, преференциялар берудің қолжетімді тетіктері әзірленеді. Оларға қарастырылған қолдау шаралары «бір терезе» қағидатымен орталықтанады, цифрланады. «Алтын виза» аталатын инвестициялық визаны беру жолға қойылады. Тұжырымдамада келесі жылы – 5, ал 2027 жылға қарай 40 визадан беріп отыру жоспарланған. Қазақстан экономикасына бөліп-бөліп емес, бір мезгілде 300 мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнес үшін инвестициялық және іскерлік визалар беріледі. Мұндай виза елде 10 жыл еркін тұруға мүмкіндік береді. Виза иесі Қазақстанда бизнесін тіркеп, мүлікке иелік етіп, қаржылық операцияларды жүргізе алады. Шетелден атақты бренді бар үздік 100 бизнесменді тарту қарастырылған. Оның ішінде тұтастай зияткерлік қызметке негізделген креативті индустрияны (экономиканың төртінші секторын) дамытуға басымдық берілмек. Үшіншіден, Еңбек иммиграциясы бағытында Қазақстанды көрінген босқынның, өз жерінде орнын таба алмаған келімсектердің емес, ең алдымен майталман мамандар, білікті еңбек ресурстары үшін тартымды мемлекет ретінде қалыптастыру жоспарланған. Сондықтан «Құнды дағдыларға арналған виза» деген жаңа түрі енгізіледі. Министрліктің мәліметінше, бұл виза ғылым, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT, спорт және мәдениет салаларындағы бағалы кәсіби мамандарға беріледі. Виза аясында оларға түрлі жеңілдік, тұруға ықтиярхат ұсынылады. Бұдан бөлек, елімізде авторлық мектептерін ашуы үшін жағдай жасап, өнер, спорт, әдебиет саласында 100 шетелдік шеберді Қазақстанға әкелу жоспарлануда. Жалпы, жергілікті кадрларды даярлау аясында үш жыл бұрын Үкімет шетелдік жұмыс күшін азайтып, қатаң квоталауға көшті. Жұмыс берушілерге шетелден тек басшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етілді. Осы кезеңде жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 36,4 млрд теңгеден астам қаражат төлепті. Бүгінде Қазақстан аумағында 16 027 шетелдік басшы мен маман қызмет етеді. Қарапайым жұмысшыларды тарту құқығы жеке тұлғаларға берілді. Мысалы, бай қазақтар шетелден аспаз, бала бағушыны, үй күтушісін, бақшашыны, сәулетші-құрылысшыларды шақыратыны мәлім. Ресми мәліметке жүгінсек, үй шаруашылықтарында еңбек етуге келген шетелдік еңбекшілерге былтыр 1 млн 618,9 мыңнан астам рұқсат берілді. Олар ел бюджетіне 29,9 млрд теңгеден астам жеке табыс салығын төледі. Қорыта айтқанда, Қазақстан көші-қон саясатын да жаңаша құруға күш салмақ. Одан не шығатынын өмір көрсетеді. Республика Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, былтыр 17 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, «қандас» мәртебесін алған. Олардың дені Өзбекстаннан көшіп келіпті. Яғни, 17540 адамның 76,2%-ы – көрші елден келгендер. Екінші орында – Қытай мемлекеті. Аспан асты елінен келушілер жалпы қандастардың 10 пайызға жуығын құрайды. Кейінгі орындарда Түркіменстан (6%) мен Моңғолия (2,6%) бар. Елге келген қандастардың орналасу көрсеткішіне қатысты к е л т і р і л г е н м ә л і м е т т е р г е сүйенсек, негізгі құрам, яғни 28,5% оңтүстік астананы қалапты. Оралған ағайынның 20 пайызға жуығы Маңғыстауды мекендесе, т а ң д а у т ү с к е н өңірлер қатарында Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы бар. Қоныс аударушылар туралы жалпы мәліметтерге қоса, еңбекке қабілеттілік деңгейінің де маңызды екенін ескерген абзал. Келгендердің жартысынан а с т а м ы – э к о н о м и к а л ы қ белсенділігі бар жастағылар. Бұл санаттағы 55,2% құрайтындарға қоса, 28%-ы – еңбекке қабілетті жастан кіші және 16,8%-ы зейнеткерлер. Ал, олардың білім деңгейін с а р а л а р б о л с а қ , е ң б е к к е қабілетті жастағылардың 11,1 пайызы – жоғары білімді. Орта кәсіби білім иеленгендер – 40,1, жалпы орта білімі бары 45,6 пайызды құраса, 3,1 пайызының білімі жоқ екен. Р е с п у б л и к а б о й ы н ш а тиянақты іске асып жатқан жобаға сай былтыр 132 қандас ж о ғ а р ы о қ у о р ы н д а р ы н а қабылданған. Осыдан 4 жыл бұрын іске қосылған, Орталық Азия елдерінің азаматтарына, о н ы ң і ш і н д е Қ а з а қ с т а н Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама бойынша қ а н д а с т а р б а к а л а в р и а т қ а ғ а н а е м е с , ж о ғ а р ы о қ у орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына да түсе алады. Былтыр осы мүмкіндікті п а й д а л а н ғ а н қ а н д а с т а р бакалавриат, магистратура және докторантураға түскен. Тақырып туралы толық түсіндірген Премьерминистрдің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Бүгінгі күні қандастар үшін мемлекеттік б і л і м б е р у тапсырысының жалпы көлемінің 4 пайызы мөлшерінде жоғары оқу о р ы н д а р ы н а т ү с у үшін қабылдау квотасы көзделген», – деді. Вицепремьер аталған шарттар аясында 2012 жылдан 2021 жылға дейін 8000-нан астам қандас қабылданғанын да жеткізді. Соңғы 5 жылда 127415 адам Қазақстан азаматтығын а л ы п т ы . О н ы ң 7 м ы ң н а н астамы Президент Жарлығына сәйкес, ал 19 мыңнан астамы жеңілдетілген түрде мәртебе алса, 106 мыңы – этникалық қандас. Ұ л т т ы қ с т а т и с т и к а бюросының дерегіне сүйенсек, б ы л т ы р 2 8 м ы ң ғ а ж у ы қ адам Қазақстаннан көшіп кеткен. Еліміздегі көші-қон алмасуының басым көрсеткіші ТМД елдері арасында тіркелген. Өкініштісі сол, ақыл-ой көші деп аталатын бұл үрдістің басты кейіпкерлері – еселі еңбек ететін жастағы, жалынды, білімді азаматтар… Елдегі көші-қон мәселесін оңтайландыру, қордаланған мәселелерін шешу жолында атқарылып жатқан нақты жұмыстың бірі – қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу. Таяуда республика Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа к о м и т е т і н д е « Қ а з а қ с т а н Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Ол жөнінде баяндаған Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов бірқатар жаңашылдықтар туралы айтып өтті. Ал, төменгі палатаның ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, шетелдіктердің біздің елге кіруіне тыйым салу негіздеріне толықтыру енгізу қарастырылған екен. Мысалы, егер Ұлттық қауіпсіздік органдарында шетелдіктердің экстремистік немесе террористік әрекетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса, шетелдік азаматқа елге кіруге тыйым салынады. Мұндай негіздер бойынша Ұлттық қауіпсіздік о р г а н д а р ы н а с е б е п т е р і н түсіндірместен бас тарту құқығын беру ұсынылады. Қоғам қайраткері, 2011 ж ы л д а н б е р і к ө ш і – қ о н мәселесімен айналысып, 2015 жылдан бері Мәжілісте құрылған жұмыс тобының құрамында көші-қон процестерін реттейтін Заңдарды уақыт талабына сай жетілдіруге атсалысып жүрген Ауыт Мұқибекке арнайы хабарластық. Оның айтуынша, заң жобасы аясында көші-қонға байланысты 9 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. – Т а н ы с т ы р ы л ы м н а н байқағаным, бұл жолы көшіқон үрдісін дамытудан гөрі оның бақылау жағын күшейтуге баса мән берілген секілді. Соның ішінде қылмысы баржоғын тексеруге қатысты қатаң талаптар енгізіліп жатыр. Мен көтерген мәселелердің П а р л а м е н т д е ң г е й і н д е ш е ш і л м е г е н т ү й і н д е р і Президенттің араласуымен мемлекеттік дәрежеде шешіліп, қандастарымыз қазір оның игілігін көріп отыр. Соның арқасында қазір көшіқонға қатысты нормативтік құжаттар қандастарымыздың құжаттануын қиындататын басы артық кедергілерден айтарлықтай арылды, – деп ол аталған саланы ілгерілету мақсатында жүргізілген нақты іс-шаралар нәтижесі мен жетістіктерді де айтты. Бұрын олардың келген еліндегі соттылығын анықтайтын, ауыр және аса ауыр қылмысы үшін өтелмеген жазасы баржоғын айқындайтын анықтама талап етілетін. Ол құжатты алу өзге елдерге қарағанда, әсіресе, Қытайдан келген қандастар үшін аса қиын болды. Маңызды мәселе 2017 жылы шешімін тапты. Бұған қоса, Моңғолия мен Қытайдан келген зейнеткерлер үшін де түрлі қиындықтар барды. Осы елдерден келген зейнет жасындағы қандастарымыздың бұрынғы еңбек өтілі есепке алынатын болды. Сөйтіп, бұрын олар 16 мың теңге алса, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, кемінде 70 мың теңгеден жоғары зейнетақы алатын болыпты. – Айрықша атап өтерлік тағы бір мәселе – әкімшілік құқық бұзғаны үшін сот шешімімен келген еліне қайта депортациялайтын норма болды. Шекарадан шыққан адам бес жылсыз қайта келе алмайтын. Ал, елге қайтару емес, айыппұл салу туралы шешім шықса, кез-келген құжатты өткізу үшін бір жыл күтуі тиіс еді. Қазір осы мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың деңгейінде шешіліп, қатаң н о р м а л а р э т н и к а л ы қ қазақтар мен қандастарға қолданылмайтын болды. Бұл – зор көмек. Оған қоса, оралманның «қандас» деп өзгеруі, 18 қарашаны атаулы күндер тізбесіне енгізу туралы Үкіметке тапсырма беруі де қуанарлық, – дейді қоғам қайраткері. – Шеттен келетін қазақ көшінің көлікті болуына, қазақтілді қазақтардың көбеюіне сыртқы күштермен бірге ішкі күштердің де қарсылығы көп болды. Бұған дейінгі күрделі түйіндердің әу баста қалыптасуына ішкі күштердің кері ықпалы әсер етті. Салалық заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттарда көшіп келген қандастардың қ ұ ж а т т а н у ы н а қ и ы н д ы қ туғызатын кедергілер әлі де баршылық. Мысалы, соттылық туралы анықтама Қытайдан келген қазақтардан талап етілмесе де, өзге мемлекеттерден оралған қандастарымыздың тез құжаттануына кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, бұл шартты жеңілдету керек. 2018 жылдан бастап, Қытайдан келген қазақтардан соттылық туралы анықтама талап етілмесе де ахуал ушыққан жоқ, – дейді ол. Сыртқы миграциямен қатар, ішкі көші-қон саласын жетілдіру қажеттігі де Президент тарапынан айтылды. Әсіресе, терістік өңірлерге қоныс аударушылардың мәселесі де жиі көтеріліп жүр. Көші-қон процесін іске асырудағы мемлекеттік шаралар мен тетіктерге қарамастан, облыстарда проблемалардың толық шешілмеуіне не себеп? Мамандар бұған бірінші кезекте сыртқы көші-қонның санын азайту үшін ішкі көші-қон үдерісіндегі еңбек теңгерімінің тұрақты және тиімді қалпын сақтау маңызды екенін айтады. Сөз жоқ, ел аумағының біртұтастығы үшін оңтүстіктен солтүстік аймақтарға бағытталған көші-қон үрдісін жалғастыру керек-ақ. Бірақ тиімділігін де, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін де арттыру қажет. Ең алдымен, оларға берілетін тұрғын үйлердің сапалы, заманға сай болуына баса назар аударған орынды. Сосын «кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қолдау көрсетудің кейбір тетіктері жеткіліксіз екенін ескерсек, бюрократиялық кедергісіз жер телімдерін беру, қоныс аударушыларды жинақы қоныстандыру үшін жеке тұрғын үй салуға жеңілдетілген несие беру секілді іс-шаралар қамтылуы қажет» дейді тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізушілер. Ішкі көші-қонға қатысты сөз қозғалғанда ауылдан қалаларға қоныс аудару басым екенін де ескермей тұра алмаспыз. Біріншіден, бұл урбанизация үдерісіне ықпал етсе, екіншіден қалаларға стихиялы қоныс аударудың жұмыссыздық, баспана тапшылығы секілді жағымсыз жақтары жетерлік. Мұндай проблемалардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобаларды тиімді пайдалана білген абзал. Өзін-өзі дәлелдеген игі бастаманың бірі – «Дипломмен ауылға!». Жоба шеңберінде ауылдық жерлерге тұруға және жұмыс істеуге мыңдаған маман көшіп барды. «Серпін-2050» білім беру бағдарламасының да тиімділігі айқын. Қалай десек те, еңбек етуге құлықты жанның қолдауды тиімді пайдаланып, өз мүддесіне жарата білгені артық емес. «Уақыт ұттырмай қолға алып, дәйекті түрде іске асыратын тағы бір шаруа бар. Халықтың қалалық жерге жаппай көшуі салдарынан көптеген ауылдарда, әсіресе, шекара маңында тұрғындар саны күрт азайды. Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе… Оған кезекті науқан ретінде қарауға болмайды» «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында да осылай деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тақырыптың саяси мәні зор екенін айрықша атап көрсеткен еді. Бұл пікірді қолдаған қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек те «Президенттің қазақ көшіне деген ұстанымы айқын, нақты, оң. Мәселелердің жақсы жағына қарай реттелетініне сенімдімін» дейді.
R ақпарат