«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды ақылға жеңдіре білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек. Мұқтаж адамдарға көмек қолын соза алатын кез келген адам волонтер бола алады. Волонтерлі қызметтің мақсатты бағытталған тобы түрлі көмекке мұқтаж жандар болуы мүмкін: ауру жəне ауру балалар, нашақор немесе маскүнем ата-ана балалары, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер жəне кедей адамдар, сонымен қатар ҮЕҰ, жануарлар, табиғат жəне т.б. «Асар» – бұл ерте уақыттағы «көмек сұраған» адамдарға ерікті көмек көрсету түрі. Бұл шақыруға келушілер, қыстақ салуда, той жəне жерлеу рəсімдерін ұйымдастыруға көмек берген. Асар түрлі жастағы жəне əр түрлі əлеуметтік статусқа ие адамдарды бір істе біріктіргенмұқтаж жанға көмек беру. Бұл ерікті көмек беру идеясының таралуындағы алғашқы қадамдар. Ол жеке бір индивидуалдық емес, қоғамдық игілік үшін қажет. Уақыттар өтті, асар əлі де бар, алайда оған паралельді көмектің түрі пайда болды ол волонтер. Қазақстан Республикасында волонтерліктің дамуы жəне дамудағы проблемаларға тоқталардан бұрын волонтерліктің пайда болуына тоқталайық. Волонтерліктің пайда болуы мен даму тарихына тоқталар болсақ. Волонтер түсінігі əлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі секілді. Адам тарихында ерікті жəне дүниеқорлық мақсатта емес көмекке ешқашан қоғам қарсы болмаған. Қоғамда əрдайым қоғам игілігі үшін еңбек етуші адамдар болған. Тарихқа дейінгі кезеңде қоғамда ауылдық жерлерде өмір сүру үшін адамдар бірлесіп өнім жинаған, үй соққан, жол жөндеген. Мүмкін, XIX ғасырда индустрализация, ақша рөлінің жоғарылауы, урбанизацияға қостаушы аутичтілік, анонимділіктер, бір-біріне көмек беру жəне ынтымақтастық секілді құндылықтарды үзді. 1920 жылы бұл құндылықтар қайта пайда болды, ол жеккөрушілікке қарсы дəру ретінде Бірінші Дүние Жүзілік соғыста пайда болды. Сол жазда Австрия, Англия, Германия жəне Швециядан волонтерлар, соның ішінде бұрынғы сарбаздар, Вердуна жанындағы ауылды қайта қалпына келтіру мақсатында жиналды, ол ауыл миллиондаған адам өмірін қиған соғыс зардабынан қираған болатын. Міне осыдан кейін адамзат тарихында халықаралық волонтер лагерінде алғашқы волонтерлік қозғалыс пайда болды, ол қазіргі күнге қызмет етуде. Ол французша атауға ие Service Civil International (Халықаралық Азаматтық Көмек), қысқаша S.C.I.Волонтерлік көмек тез таралды 1920-1930 жылдар S.C.I. жалғастырушылар көбейді. Сол уақытта мұндай ұйымдар түрлі еуропалық елдердің жастарының достық қарымқатынас құру тəсілі ретінде бағаланды. 1929 жылғы қатаң экономикалық крисиз кезінде АҚШтан бастап Болгарияға дейінгі елдер волонтерлік жұмыстарын жұмыссыз жастарды бос жүргізбей əлеуметтік қажет іспен айналыстырып, тегін тамақ пен төсек орынмен қаматамасыз етілуі үшін ұйымдастырды. Өкінішке орай, бұл халықаралық ұйымдардың идеялары неміс жұмысшы бригадасы Hitlerjugend Arbeitsdienst жəне өзге тоталитарлық елдердегі ұйым əсерлерінен бұрмаланушылыққа ұшырады жəне өзге ағымға бұрылды. 1934 жылы S.C.I. төрт еуропалық волонтерлерді Үндістандағы кедейлерге көмек беруге жіберді. Бұл команда British Volunteer Programme, US Peace Corps, Deutsche Entwiklungsdienst секілді ұйымдардың жəне өзге топтардың бастамашысы болды. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін жас волонтерлер Еуропаның қайта қалпына келтіруіне қатысты. Олар мынадай проекттерде жұмыс жасады: Варшава орталығын соғу, батыс Еуропадағы қираған қалаларды қайта қалпына келтіру, Югославиядағы Bratsvo-Edinstvo көлік магистралін құруда. Волонтер халықтар арасында достық қарым-қатынас орнауына өз септігін тигізді. Қырғи-қабақ соғыс кезінде жүрек пен адам санасының «мұздау» қаупі туды. Адамдар волонтер көмегіне суынуы жəне волонтерлік бəсекелестіктің мықты құрал болу қауіптері төнді. Алайда, 1948 жылы құрылған ЮНЕСКО-ның жəне Халықаралық Волонтерлік Ұйымның Координациялық Комитетінің арқасында шығыс жəне батыстағы волонтерлік ұйымдар жұмыстары тоқтап қалмады. 1960 жылдары американдықтар халықаралық СССР, ГДР жəне Венгриядағы волонтерлік жұмыс лагерьлерінде болды, онда нағыз адам алмасу болды, нағыз достық пайда бола бастады. Шығыс волонтерлері де батысқа саяхаттады. Азия, Африка жəне Латын Америкасындағы волонтерлік қозғалыстар құлдықтан құтылғаннан соң пайда болды. 1960 жылдары дамушы елдерге көпжылдық көмек көрсету программасы бастау алды. Міне сонда олардың деполитизацияға үндеуі басталды. Себебі волонтерлерді Қырғи-қабақ соғыста əскер ретінде пайдалануды тоқтату мақсатында, БҰҰ волонтерлер корпусын тағайындады. 1950 жылдарда ЮНЕСКО-дан жергілікті жерлерде АҚШтан, Иорданиядан келген кішігірім волонтерлар тобы жұмыс жасады. Оның мақсаты араб елдерінде жəне Латын Америкасында сауаттылықты ашу. 1970 жылы БҰҰ-ның Волонтерлік бағдарламасы жасалды. Волонтерлік ол көп ұлтты құбылыс. Жапония, АҚШ, Канада, Австралия, Англия, Италия жəне өзге дамыған елдердің пайымдауынша, ерікті іс-əрекет демократия принциптерінің қолдауы мен жеңілдетуіндегі негізгі рөл атқарушылардың бірі ретінде түсіндіреді, ең алдымен, шешім қабылдау процесінде көпшілік азаматтарды тартады. Елдердің үкіметтері ерікті қозғалысқа жан-жақты көмек көрсетеді, түрлі заңдар шығарылады, ерікті қозғалыс бағдарламаларын қабылдайды. Міне солай, Жапонияда еріктілер орталықтарының жүйесі бар, оған жалпыұлттық, преферактуралды жəне муниципалды орталықтар кірді. Жапония Министрлігі волонтерлік жұмыспен айналысуды жүзеге асырумен айналысу негізгі міндеті. Қазақстанда волонтерлік 1991 жылдан бастап БҰҰ Еріктілер қозғалысы бағдарламасының пайда болғаннан кейін дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының еріктілер қозғалыс қарарына қаржылай демеуші болды. 1997 қараша айында Қазақстан 100-ге жуық дүние жүзі елдерімен қатар A/RES/52/17 қарарына қол қойып, 2001 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп аталды. Сондай-ақ, Қазақстан Индонезия, Лаос, Маврикия мен Нигер мемлекеттерімен бірігіп 2002 жылдың желтоқсан айында A/RES/57/106 қарарына демеуші болды. Онда былай делінген: «…волонтерлік принципі кез келген стратегияның маңызды компоненті, кедейшіліктің азаюы, тұрақты дамуы, денсаулық, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне басқару, əлеуметтік интеграция жəне əлеуметтік эксклюзивті жеңу жəне дискриминация». Ең алғашқы ҮЕҰ Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін құрылды, міне солар алғашқы болып қоғамдағы волонтерлік идеясын көмектің жаңа формасы ретінде, қоғамдық өмірде азаматтық қоғамның араласуы жəне одақ мəселелерін сол одақпен шешу ретінде таратты. Қазіргі уақытта да волонтерлік сферасы көптеген жетістіктерге жеткеніне қарамай, ол пайда болу кезеңінде, өзіне қызығушылық танытқан барлық мұдделі жақтарды көңіл бөлуін қажетсінеді: ҮҮЕҰ жəне халықаралық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер жəне бизнес құрылымдар. 2006 жылы 25 шілде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстандағы азаматтық қоғам 2006-2011 жылдарға арналған дамуының концепциясына» қол қойды. Бұл концепция азаматтық қоғамның ұйымдасуы мен дамуын түрлі коммерциялық емес ұйымдардың ашылумен, мысалға ҮЕҰ секілді ерікті əлеуметті белсенді халықты тартуын қолдайды. Концепция азаматтық қоғам дамуының маңыздылығын көрсеткен. «Волонтер» немесе «Ерікті» сөздері концепцияда көрсетілмеген, тек қана ортақ бағыт берілген, ол «Елімізде азаматтық қоғамның дамуының жоғарғы сатысы ретінде волонтерлік институттың дамуын алу». Еріктілер – демократиялық елдердегі ең үлкен жұмыс күштері саналады. Соңғы уақытта Қазақстанда көптеген еріктілер ұйымдары құрылды. Алайда көпшілігі тек қағаз жүзінде жұмыс жасайды. Əзірше əлеуметтік жобалар бойынша жұмыс жасайтын бұл ұйымдарды білім, экология немесе мемлекеттік органдар ұйымдастыратын шаралар толғандырмайды. Желтоқсанның 5-і. Экономикалық жəне əлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні, Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні. Атаулы күні 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40шы сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі. Қазақстанда Ұлттық волонтерлік желісі жұмыс жасайды, ол Құрылған уақыты: 2010 жылғы 30 сəуір. БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы жəне Қазақстанның Азаматтық Альянсының жобасы. Волонтерлік ұйымдарды, волонтерлермен жұмыс жасайтын ҮЕҰ-ларды, сонымен қатар, волонтерліктің дамуына қызығушылық білдіретін жеке тұлғаларды біріктіреді. Мақсаты: еріктілік бастамалардың əрі азаматтық қоғамның толыққанды жəне үдемелі дамуы. ҚР-да волонтерлік мəдениетті дамыту. Желінің дамуы: ҰВЖ мүшелерімен жұмыс: ақпарат алмасу, білім əрі машықтарға үйрету, қолдау көрсету жəне т.б. (қазіргі уақытта желіге бүкіл Қазақстан бойынша 18 волонтерлік ұйым кіреді). Білім беретін волонтерлік лагерлер/мектептер: 2010 жылдың қараша айында волонтерлермен жұмыс істейтін ҮЕҰ-ларға арнап, Бурабай жерінде халықаралық волонтерлік лагерь өткізілді. Оған Қытайдан келген эксперттер, БҰҰ волонтерлері, АҚШ Бейбітшілік Корпусының волонтерлері қатысты. Биылғы жылдың жаз мезгіліне волонтерлер мектебі жоспарлануда. Халықаралық қызметтестіктің дамуы: Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, АҚШ Бейбітшілік Корпусы, ASA германдық қызметі. Желіге мүше болу арқылы Волонтерлік туралы ақпарат пен қорларға қол жеткізу. Волонтерлікті дамытуға қызығушылық білдіргендерге өзара көмек, өзара қолдау көрсету əрі өзара байланыс орнату. Білім алу мүмкіндігі; іссапарлар. Гранттар алу жəне бірлескен желілік жобаларды іске асыру мүмкіндігі жəне т.б. ие болады. ҰВЖ-мен серіктестікте көптеген шаралар өткізілген. Мысалы: Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-шы конференциясы (MCED-6). ЕҚЫҰ Саммиті. 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындары. Аталмыш шаралардың топтар көшбасшыларын жəне волонтерлерін дайындау бойынша негізгі жаттықтырушылар – ҰВЖ мүшелері. «Бірлігіміз жарасқан! Көптің тілегі –күш!» атты концерт-фестиваль, Астана қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының 17 сессиясы. Қазақстандағы волонтерліктің даму проблемаларына келер болсақ. Волонтерліктің де басқа елдердегі сияқты тарихы тереңде жатыр. Бірақ волонтерлікті дамыту жəне қолдау мəселелері əлі де өзекті болып отыр. Бұл əртүрлі себептер мен проблемаларға байланысты: Бүгінгі шынайлықпен өзекті болып табылатын волонтерліктің заманауи интрепретациясының жоқтығы; Волонтерлік бастамалардың мемлекеттік деңгейде қолдау таппауы, ал бұл мемлекет халқының арасында этикалық жəне моральдық құндылықтарды қалыптастырудың идеологиялық құралы; Волонтерлік бастамаларды, халықтың волонтерлік туралы «дұрыс» ұғымын қалыптастыруды жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының төмен белсенділігі; «Волонтерлік қызмет туралы» Заң жоқ, соған сəйкес волонтердің де мəртебесі анықталмаған. Бұл орайда олардың əлеуметтік маңызын ескере отырып еріктілер қызметі туралы жеке заң жобасын əзірлеу өте дұрыс болмақ. Волонтерлікті дамыту үшін ұсыныс: Осыған байланысты, төменде келтірілген ұсыныстар Қазақстан Республикасындағы волонтерлікті дамытуда септігін тигізеді, ортақ мақсатқа мүдделі жақтардың бірлестіріп; мемлекет, ҮЕҰ. Мемлекет үшін: Волонтерлік туралы заң елімізде волонтерлік статустың жоғарылауымен, жағдай жасау мен волонтерлік құжаттамасы, сонымен қатар волонтерлік институтың қалыптасуы мақсатында қабылдау керек. Волонтерлерді құқықтық қолдау арқылы біз волонтерлер тегін жұмыс күші ретінде пайдалануды тоқтатуда, статусын жоғарылату үшін, волонтерлардың жақсылық жасауына жағдай жасау жəне халық арасында волонтерлік мағынасын түсіндіруде пайданатын едік. Волонтерлардың ел экономикасына үлес қосып жатқандығы туралы ресми зерттеуін қолдау. Ауылдық жерлердегі волонтерлік ҮЕҰ қолдау көрсету. ҮЕҰ үшін: Волонтерлік туралы заң қабылдауын қадағалау. Волонтерлік туралы əлеуметтік жарнамалардың алға басуын қадағалау, соған байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыру, БАҚ бірлесу. Волонтерлік қызметке аға буын өкілдерін шақыру. Ұлттық Волонтерлік желіге ақпарат жəне тəжірибе алмасу үшін қосылу. Ата-аналармен, ұстаздармен, ұйымдармен, волонтерлермен ақпараттандыру істерін жүргізу, ол мəліметтер өте қажет болуы мүмкін. Жас волонтерларды елге қаншалықты маңызды əрі қажет екендігін түсіндіру. Мектептерде, колледждерде, университеттерде дамуына септігін тигізу. Бизнес құрылымы үшін. Жергілікті бірлестіктер үшін əлеуметтік жарнама жүргізуде волонтерларды жəне волонтерлік ұйымдарды қатыстыру. Волонтерлік тəжірибені жұмысқа орналысуда ескеру. БАҚ əлеуметтік жарнамалардың жарнамалауына қолдау көрсету. Осы секторлардың серіктестігі, сонымен қатар халықаралық ұйымдар арқылы Қазақстандағы волонтерлік мəселесінің дамуын жаңа сатыға шығаруы мүмкін. Волонтерлік қозғалыстар сонда да еліміз үшін жаңа құбылыс, өзіндік перспективті қиыншылықтары бар. Волонтерліктің құрылуы азаматтық қоғам тарапынан тиянақты үлес қосуды, мемлекеттік құрылымдар тарапынан түрлі қолдау көрсетуді жəне бизнестің назар аударуын талап етеді. Міне, сонда ғана волонтерлік қоғамда өзіндік маңызды орынға ие болады. Мектеп жасынан бастап волонтерліктің дамуын мойындау жəне колледж, университетте оқып жүріп волонтерлікпен айналысатындарға қолдау көрсету. Тендер өткізу процесінде əлеуметтік тапсырыс ретінде волонтерлікті дамытуды қосу. БАҚ пайдалана отырып Қазақстан бойынша əлеуметтік жарнама жасау жəне оған қолдау көрсету. Орталық Азиялық немесе халықаралық волонтерлермен алмасу бағдарламасын жүзеге асыру.
R-ақпарат