• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ЭНЕРГООРТАЛЫҚ-3» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Июл 5, 2023
Spread the love

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында «Энергоорталық-3» АҚ ұжымымен кездесті. Мәжіліс депутаты кәсіпорынның қысқы жылыту маусымына дайындық барысы және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайымен танысты. Аталған кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
«3-Энергоорталык» акционерлік қоғамы – шаһардағы басты жылу өндіретін мекеме. Бас инженер Жансерік Ерботаев станциядағы қондырғыларды кезең-кезеңімен жаңарту, электр қуатын өндіру мен қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысынан хабардар етті. Орталық өткен жылыту маусымын жоспарға сай өткізген. Қазіргі таңда турбогенератордың бірі жаңғыртылып, үш бірдей жылу қазандығында жөндеу жұмыстары атқарылуда. Ол үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілген.
Шымкент қаласының алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындығын және тұрақты өтуін қамтамасыз ету басты назарда болуы тиіс. Мәжіліс депутаты кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдады.
– Өңірлерге сапар аясында партияның сайлауалды бағдарламасының жергілікті жерлерде орындалуы, іске асыру сапасына назар аударылуда. Осы орайда стратегиялық маңызды нысандардағы жұмыстарды қадағалау назарда тұр. Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын білу де – басты мақсатымыздың бірі. Алда жұмысшылардың жалақысын көтеру бойынша өз ұсыныстарымызды беріп, депутаттық сауал жолдаймыз. Жаңғырту бағытында жұмыстар жалпы жоспар бойынша жүргізілу тиіс. Енді әр тоқсан сайын жұмыс барысын бақылап отырамыз, – деді Данабек Исабеков.
Кездесу барысында Мәжіліс депутаты өндірістік мекемедегі қазіргі жұмыс барысын аралап көрді

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика