«Еңбек адамы» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының ұйымдастыруымен кездесу өтті, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда «Еңбек адамы» тұжырымдамасы қалыптасқалы бері көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда «AMANAT» партиясы да қарапайым еңбек адамының қызметі еленіп, оларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуге білек сыбана кіріскен. «Еңбек адамы» мәртебесін қалыптастырудағы «AMANAT» партиясының да атқарып отырған рөлі зор.
Шымкент қаласының «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар мен түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп тұрады.
Еңбек адамына құрмет көрсету төңірегінде Президент өзінің халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өтті. Партия осы бағытта «Еңбек адамы» жобасын іске қосып, жоба аясында еңбек адамдарын құрметтеу, олардың еңбегін кейінгі ұрпаққа насихаттау, жастарды адал еңбекке шақыруда көпшілікке үлгі болып келеді. Мұндай басқосуларда қатысушылар өздерінің мәселелерін айтып, халық қалаулыларына талап-міндеттерін жеткізіп жатады. Бастысы аталған талаптар еске алынып, басым көпшілігінде өз шешімін тауып жатады
«Еңбек адамы» мәртебесін қалыптастырып, оның қоғам алдындағы беделін арттырудың мақсаты — еңбек адамдары туралы қоғамда оң пікір қалыптастырып, оларды адал және жоғары өнімді еңбекке ынталандыруға ықпал ету болып отыр.
Сонымен бірге, ол өңірлік деңгейде үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін беделін арттыруға бағытталған. Мұндай ауқымды шаралар еңбек тұрғындардың ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтардың жетістіктерін дәріптеу, жастарға еңбекке құрметпен қарау, қарапайым еңбек адамының қызметін бағалауға жол ашады. «Қазақта еңбектің наны тәтті» деген керемет тәмсіл бар. Әрбір азамат өз ісін адал, таза істесе, еліміз көркейіп, дами түседі. Таза жұмыс жасаған азамат қашанда құрметті болады»,- деді кездесуге қатысушы ардагер азаматтар.
Шара соңында «Amanat» партиясы аудандық филиалының өкілі қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларға рахметін айтты.