Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі М.М.Ахметжановтың нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласы аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы бастау алды.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған және қабылданып жатқан шаралармен жалпы халықты таныстыру.
Егер де, Сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз:
— Зорлық-зомбылық дерегі туралы шұғыл түрде Полиция департаментінің «102» телефон нөміріне хабарласыңыз немесе жазбаша арызбен жүгініңіз;
— Құқық бұзушыға шара қолдану үшін полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерге келулерін талап етуге құқылысыз;
— Жарақат алған жағдайда «103» нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз. Полиция қызметкерлерінен сот-медициналық куәландырудан өтуге жолдама алыңыз.
Сізге, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп, құқық қорғау органдарының, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондары ұсынылады. Хабарлама бойынша құпиялылық сақталады.
Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған Дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Орталықта зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер мен балаларға 6 айға дейін орналастырылып қызмет көрсетіледі.
Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда, Сіз Шымкент қаласында орналасқан дағдарыс орталығыың телефон 87252 273479. +77754351518 ,8(7252)551200, 8(7252)551300, 8(7252)377539 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз. Сізге көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, миллионды қала – Шымкентте қарашаның жиырма бесінен басталған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы 10-желтоқсанға дейін жалғасады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі