• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ШЫМКЕНТ МАЙ» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Автор:admin

Окт 18, 2022
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласындағы «Шымкент май» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру аясында жұмысшылармен кездесу өтті.
Кездесуде Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рүстем Әшетаев Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
–Бұл Жолдау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының кезең-кезеңімен ойдағыдай жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Себебі, біздің қоғамда «Қазақстанның табиғи байлықтарының игілігін не себепті тікелей халық көрмейді» деген мәселе көптен бері айтылып жүрген болатын. Биылғы Жолдауда Ұлттық қордың инвестициялық табыстарының тең жартысын балалардың есепшотына түсіру жөнінде бастама көтерілді. Бұл биліктің қоғамдық пікірмен, халықпен санасып отырғанын дәлелдейді. Мұндай бастамалар мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынасты жетілдіріп, өзара сенімді күшейтуге негіз болады, – деді Р.Әшетаев.
Оның айтуынша, халық өкілдерінен құралған Қоғамдық кеңестің рөлі мен маңызы артқан. Бұл кеңес қаланың тыныс-тіршілігі мен дамуына қатысты маңызды шешімдерді талқылауға және қабылдауға атсалысады. Бұл да қоғамның одан әрі демократиялануының айғағы.
Кездесуде жұмысшылар Жолдау жайлы ойларын ортаға салып, өздерін мазалаған сауалдарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды.
Ұлттық қордан түсетін жылдық инвестициялық кірістің 50 пайызы кәмелетке толғанға дейін балалардың шотына аударылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты.
«Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады.
Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік жасқа шын жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», — деді Президент.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика