• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор:admin

Окт 17, 2022
Spread the love

Іс-шара аясында мәслихат депутаты Талғат Балтабаев Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесуге AMANAT партиясы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев, Айжан Наимбекова және Қаратау ауданының тұрғындары қатысты. Іс-шара аясында мәслихат депутаты Талғат Балтабаев Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. – Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шешімдердің жиынтығы. Мемлекет басшысы өзінің бес бағыттан тұратын Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірқатар реформаларды ұсынды. Ұлттық қордың пайдасы қарапайым халық үшін қызмет ететіні көпшілікті қуантқан жәйт. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге төмендегені де жағымды жаңалық болды. Бала күтіміндегі аналардың ақылы демалысы бір жарым жылға дейін ұзартылатын болды. Бұл да декреттік демалыстағы аналардың пайдасына шешілген мәселе, — деп атап өтті Т.Балтабаев. Жиын соңында тұрғындар әлеуметтік салада мазалаған бірқатар сұрақтарына жауап алды. Жолдау жүктеген міндеттер туралы өз ойларымен бөліскен тұрғындар өзгерістер жолындағы барлық реформаларын қолдайтындарын да жеткізді. Сонымен қоса, Еңбекші ауданының Маятас тұрған алабында орналасқан №119 мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын AMANAT партиясының Еңбекші аудандының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басқосуда Г.Жартыбекова тұрғындарға Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауда айтылған қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне, сондай-ақ, Ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығын айтты. Ұстаздар қауымы жолдаудағы білім саласын ілгерілетуге қатысты айтылған ойларды ортаға салып, өз ұсыныс-тілектерін айтты. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруда өз үлестерін қосатынын тілге тиек еткен педагогтер жолдауды қолдайтындарын жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика