Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» комерциялық емес АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры С.Құралбек қаладағы емханаға тіркелу науқанының аяқталғаны және оның нәтиежесі туралы БАҚ өкілдеріне берген арнайы брифингте айтты.
«Қазірігі таңда, тұрғындар үшін қашықтықтан медициналық қызмет көрсетулер кеңеюде. Арнайы профилді дәрігерлердің, оның ішінде Қазақстандық және шетелдік ғылыми орталықтардың мамандары пациенттің медицицналық мекемеге келмей онлайн-режимде консультация ала алады.Бұл қызмет әсіресе науқасты коронавирустан емдеу кезінде өзекті.Оның жағдайын бақылау және ұсыныстардың орындалуын бақылау үшін дәрігер аудио немесе видео байланыс арқылы келесі кездесуді өткізе алады, ал пациент бұл үшін емханаға баруға қажеті жоқ. Сондай -ақ, қашықтықтан көрсетілетін қызметтер Ауыл халқына медициналық көмек алу мүмкіндігін жеңілдетеді, ол әрдайым аудандық немесе облыстық орталыққа кеңес алу үшін бара алмайды. Медицицналық көмекті алу үшін дәрігердің жолдамасы қажет. Қашықтықтан медициналық қызметтердің мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылады: дәрігерге дейінгі медициналық көмек; Алғашқы медициналық-санитариялық көмек; мамандандырылған медициналық көмек; медициналық оңалту; паллиативтік медициналық көмек.»-деді С. Құралбек.
Мынадай медициналық қызметтер қашықтықтан көрсетіледі:
1) консультациялық көмек көрсету, оның ішінде ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, университеттік ауруханалар мамандарының, сондай-ақ шетелдік клиникалардың ұсынуы;
2) пациентті күндізгі консультацияға жіберудің орындылығын айқындау;
3) неғұрлым жоғары деңгейдегі мамандардың емханалар мен ауылдық денсаулық сақтау мамандарына практикалық көмек көрсетуі;
4) диагностикалау мен емдеудің тиімділігін бағалау, пациенттің денсаулық жағдайын медициналық бақылау.;
5) диагнозды нақтылау, пациентті жүргізудің одан әрі тактикасын түзету және айқындау және диагностикалық рәсімдерді, емдеу тактикасын тағайындау;
6) пациентті тасымалдау мүмкіндігін, оның ішінде медициналық авиация құралдарын пайдаланудың орындылығын айқындау;
7) консилиумдарды қашықтықтан ұйымдастыру;
медициналық оңалту қызметтерін көрсету. Қашықтықтан көрсетілетін қызметтер үйде, медициналық ұйымнан тыс, сондай-ақ амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, санаторий-курорттық ұйымдарда көрсетілуі мүмкін.
Сондай-ақ, Қашықтықтан көрсетілетін қызмет түрлеріне шұғыл түрде – кенеттен болған аурулар мен жағдайлар кезінде, пациенттің өміріне айқын қауіп төндірмейтін созылмалы аурулардың асқынуы кезінде жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда консультация беретін медициналық ұйымға сұраныс келіп түскен кезден бастап 3 сағаттан 24 сағатқа дейінгі (оның жұмыс кестесіне байланысты) көрсетілуге тиіс. Жоспарлы түрде – пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде, оны көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайды, сондай-ақ алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде.
Егер сіздің медициналық қызметтерді қашықтықтан алуға қатысты сұрақтарыңыз болса, онда сіз оларды учаскелік дәрігерге немесе өз емханаңыздағы пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Қажетті ақпаратты алмаған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына келесі байланыс арналары арқылы өтініш беруге болады: ресми сайт fms.kz, байланыс орталығы 1406, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.