• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТІК НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ ЖАЙЛЫ ОЙЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Автор:admin

Июл 27, 2023
Spread the love

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары «Ана – әлемнің бар асылы» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде жүргізіліп жатқан гендерлік саясат – әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады. Осыған орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары «Ана – әлемнің бар асылы» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Қаладағы №12 емханада өткен жиында Сайрам тұрғын алабының 35 жасқа дейінгі нәзік жандылары мен медицина қызметкерлері бас қосты.⁣⁣⠀
⁣⁣– Шалғай аймақта тұратын аналармен байланыс орнатып, кездесу ұйымдастырудамыз. Іс-шараның мақсаты – еңбекші әйелдердің жағдайын, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау. Аталған жоба алдағы уақытта шалғайда орналасқан емханаларда тұрғындармен бірлесіп өтетін болады, – дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясының маманы Айжан Молдабаева.⁣⁣⠀
Еркін форматта өткен кездесуде әйелдер түрлі сұрақтар қойып, мамандардан жауап алды.⁣⁣⠀
Қазақстан 1991 жылдың аяғында тәуелсіздік алған күннен бастап халықаралық ұйымдарға мүше болып, әлем елдерінің тәжірибесімен танысып, елдің әл-ауқатын көтеріп, азаматтар арасындағы теңдікті қалыптастыру үшін көптеген заң мен стратегияны қабылдады. Ал елде гендерлік теңдік саласында бірқатар халықаралық
келісім-шарттарға қол қойылды. Сонымен қатар Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия қызмет атқарып және де гендерлік теңдік стратегиясы қабылданды, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.
⁣⁣Өткен жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласы зорлық-зомбылық көрсетуден бірінші орында тұр. Бұл өте ұят нәрсе. Бұған себеп – әйелдер өз құқықтарын және кімнен көмек сұрарын⠀білмейді. Осындайда біздің ұйымдастырып отырған іс-шарамыз әйелдердің оянуына түрті болады деп сенемін, – дейді⠀Шымкент қаласы Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабекқызы.⁣⁣⠀

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика