Биыл Шымкент қаласы бойынша 1 миллион 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 152,5 мың шаршы метрі мемлекеттің қаржыландыруымен салынса, 467,5 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын инвесторлар қаржыландырған. Сондай-ақ, 440 мың шаршы метр тұрғын үйді жеке азаматтар салып жатыр.
Шымкент қаласы құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, биыл қалада «Нұрлы жер» концепциясы аясында мемлекеттік бюджет есебінен 32,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға жалпы ауданы 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2 972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Аталған 51 үйден 1 880 пәтерлі 33 үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, 19 кредиттік және 14 арендалық тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға тапсырылады.
Қазіргі уақытта 49,8 мың шаршы метрді құрайтын 576 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.
Ал, 1 305 пәтерлі 22 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ, 1 092 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.
2022 жылы Шымкент қаласына “Бақытты отбасы 2-10-20” бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде көпбалалы отбасылар-245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар-187, толық емес отбасыларға-40 лимит бөлінді.
Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап “Отбасы банк” АҚ-ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылған болатын. Енді “Бақытты отбасы” бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келеді. Пәтерлердің ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.
Еске салар болсақ, енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.
Салымды бөлу арқылы ақша депозиттен ішінара алынған болса, онда өтемақы жинақталған салымның ең аз қалдығына есептеледі. Оның үстіне 2022 жылдың 23 ақпанынан кейін салымға толықтырылған қаражат есепке алынбайды.
Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозит қамтамасыз ету ретінде берілген салымы болса, онда ол да тиісті өтемді алады.
Жақын туыстарға (тегін) тағайындалған салымдар, сондай-ақ біріктірілген депозиттерге де өтемақы беріледі. Тиісті өтемақы сомасын 2022 жылдың 1 қазанынан бастап Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталындағы (www.otbasybank.kz) жеке кабинеттен білуге болады.