• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДЕР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Автор:admin

Июл 12, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Олардың қатарында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы және ағын суларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін цифрлық жабдықтар шығаратын зауыт салу туралы алдын ала келісімдер, сондай-ақ қаланы көріктендіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы меморандум бар.
Қазақстанда соңғы жылдары электромобильдердің саны қарқынды өсіп келеді, алайда электр отынмен жүретін көліктердің үлесі әлі де аз, жоғарыда айтқанымыздай 1 пайыздан кем. Бұл тұрғыда жасыл көлікке көшуді ынталандыру үшін көлік салығынан және утиль алымнан босату сияқты түрлі шаралар енгізілуде. Сарапшылардың айтуынша, дегенмен бензин немесе электр көлігін сатып алудың бастапқы құнының жоғары болуы, қуаттау стансалары инфрақұрылымының дамымағаны, мамандандырылған қызметтердің және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудің жоқтығы сияқты кедергілер әлі де бар.
«Сонымен қатар еліміздің бизнес-қоғамдастығы мен қаржы институттары жаһандық жасыл көшуден шет қалып отырған жоқ. Компаниялар бірте-бірте өз көліктерін электромобильдер мен электравтобустарға, соның ішінде өздерінің жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейтіндерге ауыстыруда. Банктер электромобиль сатып алу үшін жасыл автокөлік несиелерін бере бастады. Дегенмен халық пен бизнес арасында электрлі көліктерді барынша жаппай танымал ету үшін тиімді сұранысты арттыру, бүкіл ел бойынша қуаттау станциялары мен қызметтерінің инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ экологиялық таза көліктердің отандық өндірісін дамытудың қосымша шаралары қажет», деп есептейді мамандар.
Жуырда қала әкімі инвесторларды аумағында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отырған «Жұлдыз» индустриалды аймағымен таныстырды. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған.
Бұл меморандумдар тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында да электромобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетін стратегиялық маңызды қадам саналады. Қала басшысы инвесторларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика