Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбектің төрағалығымен газ өндірушілер, сатушылар, қадағалау органдарының өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында қалада сұйытылған газ тапшылығын болдырмау шаралары талқыланды.
Мәселен, қалада арнайы мониторингтік топ құрылды, оның құрамына кірістер депаратаментінің, экономикиалық тергеп тексеру департаментінің, монополияға қарсы ведомство өкілдері мен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының қызметкерлері кіреді. Топтың міндеті сұйытылған отын көлемін жасанды тапшылыққа жол бермеу жөніндегі рейдтер өткізу және халыққа қолжетімді бағада беруді ұйымдастыру.
Кеңес отырысында сұйытылған газды халыққа жіберетін қаланың барлық газ құю бекеттеріне қамтамасыз ету үшін «Ақтөбе CNPC» компаниясынан қосымша 2051 тонна газ сатып алынды, — деп атап өтті Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов. Бұдан басқа, бүгін қалаға сұйытылған газы бар 7 вагон келеді. Ертең тағы 12 вагон келеді деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі жыл сайын еліміз сұйытылған газ тапшылығына тап болатынын және бұл тұтынудың артуына байланысты екенін хабарлаған болатын.
Сарапшылардың болжамы бойынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте газ тапшылығы 30-40% құрауы мүмкін, — деп атап өтті Энергетика министрлігінде.
Аталған тәуекелдерді болдырмау үшін 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда. Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге).
1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда. Мәселен, сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені (бұрын – 40 320 теңге) құрайды.