• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ САУДА ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛУШІЛЕРМЕН ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары аясында штаб мүшелері тұрғындармен кездесуді жалғастыруда. Кезекті экспромт-кездесу «Барыс» сауда орталығының алдында өтті. Кездесуде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, қалалық сайлауалды штаб мүшесі Бауыржан Әлтеев, ҚР Парламент мәжілісі депутаттығына кандидат Әлия Юсупова, қалалық мәслихаттың депутаттығына сайлауға түсетін Жанар Тойлыбаева, Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев тұрғындармен тілдесті. Үміткерлер сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылда атқарылар жұмыстар туралы сөз өрбіді.
Жиында сөз алған Бауыржан Әлтеев сайлаушыларға ҚР Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік мемлекетке 15 қадамды қамтитын «Кәсіподақтар – әділеттілік үшін!» сайлауалды тұғырнамасының негізгі басымдықтарымен таныстырды. Айта кетерлігі, кәсіподақ тұғырнамасының көптеген тармақтары «Аманат» партиясының сайлауалды тұғырнамасына енгізілгенін, үндес екенін жеткізді.
Мемлекет пен бизнес жұмыскерді азамат және адал еңбекші ретінде құрметтеуге міндетті. Еңбек адамы ғана – қоғам әл-ауқатының бірден-бір көзі!
Қазақстандық еңбеккердің мүддесі тыңдалып қана қоймай, жүзеге асуы тиіс. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында өз сөзіңді айтпасаң, меншік иелерінің қазақстандық еңбекшілерді қанауы жалғаса береді.
Кәсіподақ өкілдері өндірісті қолдау және еңбек өнімділігін, демек, жұмыс орындарын арттыру мақсатында меншік иесі мен еңбеккерлер арасында табыстың адал бөлінуіне қол жеткізу үшін Мәжіліс пен мәслихаттарға барады.
Сауда орталығына келушілер де өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Оның ішінде әлеуметтік саладағы теңсіздік пен баға қымбатшылығы туралы ұсыныстар мен талап-тілектер де бар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика