• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЖАППАЙ ӘНҰРАН ОРЫНДАЛДЫ

Автор:admin

Июн 3, 2023
Spread the love

Рәміздер күні мерекесіне орай жаппай ел Әнұранын орындау шарасы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданды. Осы заңға сәйкес жыл сайын рәміздер күні 4 маусымда атап өтіледі.
«Тәуелсіздік» монументінде өткен патриоттық іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Атқарушы хатшы орынбасары Ерлан Айтбаев, Шымкент қалалық маслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, «Жастар Рухы» Жастар қанаты, партия белсенділері қатысты.
Акция барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің мәні түсіндіріліп, #БірТолқында Мемлекеттік әнұран еліміздің 20 аймағында орындалды.
Ән шеруді «Көк тудың желбірегені», «Алға Қазақстан!» және тағы да басқа патриоттық әндер жалғастырды.
Қазақстан Республикасының рәміздері – ту, елтаңба, әнұран.
Әрбір рәміз — қастерлі құндылық. Рәміздердергі әр символдың өз мәні бар. Мәселен, туда бейнеленген қыран еркіндікті, күн молшылық пен байлықты, көк түс береке, тыныштық бірлікті білдіреді. Мемлекеттік туымыз 1200 нұсқаның ішінен таңдалған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Еліміздің елтаңбасында ұлтымыздың тарихы мен мәдениеті көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
ҚР Мемлекеттік әнұраны 2006 жылдың 7 қаңтарында Парламентте бекітілген. Сондай-ақ ол алғаш рет тұңғыш Президентті ұлықтау рәсімінде орындалған.
Заң бойынша (ҚР Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңының 9-бап, 1-тармағы) Мемлекеттік әнұран шырқалған кезде оны орнынан тұрып айту және оң қолын жүрек тұсына қою міндеттеледі.
Әннің авторы — Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар — Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Жастар бойындағы патриоттық сезімді арттырып, ұлттық мейрамды жоғары деңгейде атап өтуді мақсат еткен шара қатысушыларға ерекше рух сыйлады.
Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика