Шымкент қаласы, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінінің ұйымдастыруымен. «Имани жаз» діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттерге білім берумен қоса, өзара сайыстар мен ойындар өткізіп, ынталандыру мақсатында сертификат табысталып және балмұздақ пен тәттілер таратылды.
Біз әлімсақтан кісілік кейпін сақтауға, ана сүтін ақтауға талпынған, дін мен дәстүрді үйлестіріп, үйлесімді, өнегелі өмір сүрген мұсылман халықпыз. Исламның қазақ топырағына келуімен көптеген жақсылықтарға қол жеткіздік. Салт-дәстүріміз, бітім-болмысымыз Исламмен бітеқайнасып, өркениетке қадам басқан қазақпыз. Дәл осы мақсат үшін жыл сайын балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мәселенің бірі болып келді. Олардың демалыс уақытындағы имандылық білім мен тәрбие алуына, Ислами танымдық тұрғыда білімін аттыруға жағдай жасау мақсатында ҚМДБ-нан берілген нұсқаулар бойынша мешіттерімізде жазғы лагерлер ұйымдастырылады. Балалар жақсылап демалғысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек деген сұрақ көлденеңдейді? Міне, осы сұранысты қанағаттандыратын бір орын- мешіттер жанындағы күндізгі лагерлер болмақ. Ол лагерь кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін және өзгені сыйлауға, бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалған болу керек екені белгілі. Ел болам десең, бесігіңді түзе», — деп Абай атамыз айтқандай жеткіншектерге діни білім алудың мақсаты имандылыққа, ата-анаға деген мейірімді болу, үлкенге құрмет көрсету турасында насихат айттылды. Жазғы демалысты балаларға уақыттарын тиімді, қызықты, мәнді де, мағыналы етіп өткізу үшін, Құран әліппесі, Құран оқып үйрену, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі жайлы түсінік беру тағы да басқа дәрістер тыңдап, араб тілінен сабақ жүргзіліп, спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады.