Шардара аудандық сотының судьясы Ж.Е.Карымсаковпен жазаны ауыстыру жөнінде жария сот отырысы өткізілді.
Сот, пробация қызметі бөлімінің сотталған «Е.»-ге қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.
2021 жылы «Е.» ұрлық жасағаны үшін (ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3)-тармағы) мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
2022 жылы сот қаулысымен жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, пробация бөліміне есепке алынған.
Алайда, сотталған «Е.» тиісті қорытынды шығармастан, тексеру кезінде мекен-жайында болмай, бірнеше рет қоғамдық орындарда әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, сотпен жүктелген мәжбүрлі еңбекті өтеуден қасақана жалтарған. Пробация қызметі тарапынан «ескерту», «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар алған.
Сонымен қатар, «Е.» өзіне қатысты ұсынысты қарау барысында да, спирттік ішімдік ішкен мас халде қоғамдық орынға имандылықты қорлайтын белгісімен келіп, өзінің түзелу жолына түспегенін көрсетті.
Осыған байланысты, сот «Е.»-ге қатысты 1 жыл 2 ай 26 күн өтелмеген жаза мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысты қанағаттандырды.
Сот отырысына пробациялық бақылауда тұрған құқық бұзушылық жасауға бейім сотталған адамдар қатысты. Судья оларға сот үкімін орындамаудың салдарын түсіндірді.