Баласы бар отбасы үшін, әрине, алаңдаушылықтар көп. Мемлекеттік органдардың цифрлық технологияларды дамытуы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау процестерін автоматтандыруы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен халық үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында оларды көрсету процестерін оңтайландыруға мүмкіндік берді.
Мәселен, электрондықызметтер көрсету қарқындыдамуда. Мысалы, жүктілік және босану бойынша төлем алу үшін egov.kz порталы арқылы, ал бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төлем egov.kz порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүгінуге болады.
Әсіресе, азаматтарға өтініш бермей ақ, проактивті форматта көрсетілетін қызметтер сұранысқа ие болуда, ол үшін қызметті алу құқығын іске асыруға келіп түскен смс-хабарламаға өз жауабын-келісімін берсе жеткілікті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталды.
Іс жүзінде Карта–
– бұл әлеуметтік мәртебесіне байланысты, кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы ақпарат беретін азаматтардың күн сайынғы «электрондық жаршысы»;
– көрсетілетін мемлекеттік қызметтің проактивті форматының жаңа құралы. Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады.
Бұл бүгінгі таңда өңірдің және тұтастай елдің әлеуметтік портретін қалыптастыруға ғана емес, сонымен бірге халықты әлеуметтік қорғау шараларын іске асыруға бағытталған мемлекеттік бюджет пен МӘСҚ қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да дәстүрлі әдіспен төлем алуға өтініш білдіре алады.
Тұтастай алғанда, Қазақстанда отбасын, ана мен баланы мемлекеттік қолдау әлеуметтік қамсыздандырудың басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызды Отбасы күні мерекесімен құттықтаймын, мықты денсаулық, бейбіт аспан және амандық тілеймін.
R-ақпарат