Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы жеке қабылдауын өткізді.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Талғат Дүйсебайұлы бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады.
Қабылдау жазылған азаматтар халық қалаулысына жұмыспен қамту, тұрғын үй, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлерге берілетін несиелер мен гранттар туралы бірқатар сұрақтарымен жүгінді. Тұрғындарды қабылдау барысында жеке кәсібін дамыту бойынша өтініш айтқан жастарға жан-жақты кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтығы және қоғамдық бақылау механизмдерін дамытуға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Бұл бағытта бірқатар реформа жүзеге асып жатыр. Мәселен, қоғамдық кеңестерге көптеген уәкілеттіктер берілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген заң жобалары да осы істің жалғасы іспетті.
Халық қалаулысы қабылдауға келген азаматтар өтініштеріне байланысты тиісті кеңесі мен тұщымды жауабын беріп, мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал етті.
Сондай-ақ, айта өтетін болсақ «AMANAT» партиясы тарапынан «Құқықтық көмек» партиялық жобасы өткізіліп жатыр.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орталықтарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.