• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Июн 23, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты Алина Дубинина қала тұрғындарын қабылдады.
Халық қалаулысы жеке қабылдауына тұрғындар баспана жырын, жер дауын айтып, жұмыс іздеп, әлеуметтік көмек сұрап келді.
Мәселен, Гүлмира Көшерова өзі екінші топтағы мүгедек. Өзінің екі ұлы да мүмкіндігі шектеулі азаматтар тізімінде. Ерекше қажеттілігі бар азамат ретінде үй кезегінде тұрған Гүлмира Көшерова кезегі жылдар бойы жылжымай тұрғанын айтып шағымданды. Алина Түймебай есімді жас маман жастарға арналған бағдарламаға қатысқысы келетінін, алайда айлық көрсеткіші ережеге сай келмейтінін айтып халық қалаулысынан көмек сұрай келген.
Алина Равильевна қабылдауға келген азаматтар өтініштеріне байланысты заң аясында кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орта­лық­тарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
Айта кетейік, аптаның әр бейсенбі күндері халыққа заңгер мамандар тегін құқықтық көмек көрсетеді. Партия есігі халыққа әрдайым ашық. Күнделікті партияның қалалық филиалында депутаттар, түрлі саланың мамандары қоғамдық қабылдаулар жүргізсе, ай сайын ашық есік күндері өтеді. Партия мүшелері шалғай елді мекендерге де көшпелі отырыстар өткізіп, тұрғындар мәселесін тыңдауға мобильді қабылдаулар жиі барып тұрады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика