«Ұрпақтар келісім-шарты» жобасына 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жасқа толмаған білім беру ұйымдарының түлектері қатыса алады. Бұл жоба бойынша 2 адамға жергілікті бюджеттен 1,5 млн.теңге бөлінді.
«Күміс жас» жобасына зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар қатыса алады. Аталған жоба бойынша 22 адамға республикалық бюджеттен – 24,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде бұл бағытта аудандағы мекемелермен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Осы жылы 3 айлық қысқа мерзімді кәсіби оқуға – 170 адам жоспарланып, оның 130-ына – 23,9 млн. теңге бөлінді. Ал, қалған 40 адамға тиісті қаражат бөлінген жағдайда, жұмыс берушілер: «Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС-гі және «Мералко» ЖШС-гі кәсіптік
оқытуды ұйымдастыратын болады. Сондай-ақ, ЖК «Қалысбаев», «Айсұлу» ЖШС-гі, ЖК «Оқу орталығы», «Отан» ЖШС-гі оқу орындарында: 130 адамды – 11 мамандық (шаштараз, маникюр, киім пішуші, кондитерші, 1с бухгалтерия, бағдарламашы, газбен дәнекерлеуші, автожүргізуші В1, С1, машина ісінің шебері, массажист, темір өңдеуші) бойынша оқыту осы жылдың шілде айына жоспарланып отыр. Аталған оқыту орындары (шілде, тамыз, қыркүйек айларындағы) оқу мерзімдері аяқталғанннан кейін, бітірушілерді мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге келісім беріп отыр.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне келсек, 2021 жылы шағын несие бойынша 108 азаматқа – 468,2 млн. теңге беріліп, қазіргі таңда олар өз кәсіптерін ашып жұмыстарын жүргізіп отыр. Реинвес (2017-2019 жылдарда қалған қаражат) 7 адамға – 28,0 лн.теңге несие берілді. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар 36 адам. Ал, биылғы жылға тиісті ереженің әлі дайын болмауына байланысты шағын несие бойынша жоспар бүгінгі таңға берілмеді.
2022 жылға қайтарымсыз грант бойынша: 253 адамға – 309,9 млн. теңге жоспарланып, бүгінгі күнге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру қағидаларына сәйкес, 12 адамға – 14,7 млн. теңге берілді (29 жасқа дейінгі жастар – 5, жұмысқа жарамды мүгедек – 1, көп балалы отбасы – 4, мүгедек бала күтуші – 2). Қалған 241 адамға – 295,2 млн. теңге, аталған қағидаларға қайта өзгеріс енгізілуіне байланысты толық дайын болған кезде берілмек. (Аталған гранттар мынадай категорияларға берілетін болады: 29 жасқа дейінгі 182 жасқа – 222,9 млн.теңге, көп балалы отбасы мүшелері, АӘК алатын аз қамтылған отбасылар мен мүгедек бала бағатындар және жұмысқа жарамды мүгедектер бойынша 71 адамға – 87,0 млн. теңге бөлініп отыр).
Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орнына берілген жоспар 95 адам болса, қазіргі күнге 21 мекемемен келісім-шарт арқылы 97 адам жолдамамен жолданды. Оның ішінен, 2 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 7 адам отбасылық жағдайларына байланысты өз еріктерімен жұмыстан шықты (оның ішінде, 29 жасқа дейінгі жастар 9 адам).
R-ақпарат