• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Халықтың көшіп-қонуы мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді, Түркістан облысынан – Солтүстікке көшкендер еңбек нарығын реттеуге әсерін бермек!

Автор:admin

Ноя 3, 2022
Spread the love

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осы тапсырма негізінде жыл басынан бері 412 отбасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды. Жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару – мемлекет жүргізіп отырған ең ұтымды бағдарламалардың бірі. Жыл басынан бері осындай өңірлерге жалпы саны 1437 адам (412 отбасы) көшті. Оның ішінде 744 адам еңбекке қабілетті жаста. Еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің ішінен 319 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы — еңбек нарығын дамыту және тұрғындардың, оның ішінде жастардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шараларды қабылдау. Сондай-ақ жұмыс күші тапшы өңірлерді жандандыру. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін Үкімет айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау шаралары да көзделген. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Олар төмендегідей:

 

— отбасы әрбір мүшесіне 35 АЕК (92 мың теңге) көшуге біржолғы төлем;

 

— тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды жабу үшін, олар отбасы мүшелерінің санына және жергілікті жеріне байланысты отбасына 12 ай ішінде ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (39 мыңнан 79 мың теңгеге дейін) төленеді. Биыл қоныс аударған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі де жалғастырылатын болады. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысы бойынша 714 жеке объект салынады, Павлодар облысында қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 441 пәтер сатып алынады. 2020 жылы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 6 379 адам (1 878 отбасы) мөлшерінде белгіленген. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты осы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қарастырады. Бағдарламаға қатысушылар жұмыс күші көп облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға ерікті түрде қоныстандырылады. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ, Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан қоныс аударушылар өтініші қабылданса, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмыс күші қажет-ақ. Тәуелсіздік ұғымының тамыры тереңде, ол ондаған жылдармен емес, ғасырлармен өлшенетін уақыт қойнауында жатыр… Рас, үш мың жылдан асып жығылар тарихы бар ұлан-байтақ даламыз басынан не кешпеді?! Қазақ – қазақ болғалы бұл кеңістік соғысты да, сойқанды да аз көрген жоқ… Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында әлемнің географиялық картасында тәуелсіз ел ретінде пайда болған Қазақстан мемлекеті, сөз жоқ, осынау Ұлы Далада өмір сүрген сол үлкенді-кішілі мемлекеттердің жалғасы! Міне, осы тәуелсіздігіміздің алға қойған мақсаттарының бірі де бірегейі – сырттағы қандастарымызды елге қайтару болатын. Тәуелсіздікті жариялаған жылдың 31 желтоқсанында-ақ Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ радиосы арқылы алыста жүрген қандастарға арнап, «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты әйгілі хатын жариялады. Бұл сөзі 1992 жылы 2 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көріп, әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақтарды дүр сілкіндіріп, ұлы көштің атажұртқа қарай бет бұруына серпін бергені де дәл кешегідей көз алдымызда. Атажұртқа бет түзеген көшке Үкімет қолдан келген көмегін аянып қалмады, үй-жай, жер-мал берді, қаржымен қарасты, жұмысқа орналастырды, қысқасы барымен бөлісті. Бұл ұлы көш туралы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Әлемнің әр қиырында өмір сүріп жатқан бауырларымызды атажұртқа оралту бағытында көптен ойымда жүрген арманымды орындаған сәтімді менің өз өмірімдегі ең бақытты кезеңім деп есептеймін. Бұл бір жүрекжарды қуныш, сезімге толы салтанат, азаматтық парыздың салмағын сезінудің шынайы көрінісі болды», – деп ақжарыла ақтарылғаны халқының жадында. Көші-қон – өз тізгінін өзі қолына алған тәуелсіз ел болғанымызды шын мәнінде әйгілеген бастама болып, елімізде Көші-қон үрдістерін реттейтін тұңғыш рет 1992 жылы 26 маусымда «Көшіп келу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. 1993 жылы 15 сәуірде республика президенті «Көші-қон квотасы және Иран Ислам Рес-публикасынан және басқа мемлекеттерден отандастарымыздың көшіп келуін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулыға қол қойды. Ал, 1997 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы қабылданды. Бұл шараларды мемлекет тарапынан бақылау үшін 1997 жылы 8 қарашада Көші-қон және демография жөніндегі агенттік құрылды. Бұл игі бастамалар сол кезде ТМД елдеріне үлгі болған тарихи құжат болды. Тағы бір маңызды қадам, 1992 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен Дүниежүзі қазақтары қауым-дастығы құрылды. Оның мақсаты – шетелдегі қазақтармен тығыз байланыс орнату, олармен қоян-қолтық жұмыс істеу, көші-қон мәселесі туындаса, жәрдем беру, сол тұрып жатқан елдерде өздерін еркін сезіну үшін қолдан келгенінше көмектесу. Бұдан өзге, 1997 жылы «2000 жылға дейінгі көші-қон саясатының негізгі бағыттары» туралы қуатты құжаттар жасалды. Аталған құжаттар мен қажырлы істер қазақ көшінің кедергісіз жүруіне құқықтық мүмкіндіктер берумен бірге көші-қонға бөлінетін қаржының көлемі артып, оралмандарды баспанамен қамту мәселесі де айтарлықтай ілгерілеген болатын. Тіпті, тоқсаныншы жылдары шетел қазақтарының Қазақстанға оралуға деген құлшынысы ерекше болғаны соншалықты олар атажұртқа ағылып келіп жатты. Біздің Үкімет тарапынан да айрықша ынта-ықылас бөлінді. Мына жағы Моңғолия, сонау араб елдері мен Түркияға дейін арнайы ұшақтар жіберіп, ағайындарды жүздеп, мыңдап көшіріп әкелді. Нәтижесінде, жыл сайынғы көші-қон квотасының саны жиырма мың отбасына дейін жетті. Этностық көш осы қалпымен тоқтамай жүре бергенде қазіргі оралмандар саны біз айтып жүрген бір миллион емес, одан әлдеқайда көп болатыны анық еді. Жалпы, соңғы деректермен салыстырып, сырттағы қазақтардың атажұртқа келуін бесжылдықтарға бөліп қарастырсақ, алғашқы бес жылда (1991-1996 ж.ж.) бүгінге дейін келген оралмандардың – 10%, 1997-2001 жылдар аралығында – 8%, 2002-2006 жылдары – 38%, 2007-2001 жылдары – 34%, 2012-2017 жылдары – 10% Қазақстанға қоныстанған екен. Ал, олардың 61,3%-ы Өзбекстаннан, 12,6%-ы ҚХР-дан, 11,5%-ы Моңғолиядан, 7,1%-ы Түркіменстаннан, 3,7%-ы Ресейден, 3,8%-ы өзге елдерден келген. Елге оралған оралмандардың 56,3%-ы еңбекке қабілетті жаста болса, 39,8%-ы 18-ге толмағандар. Бұл көрсеткіштер сырттан келген қандастарымыздың еліміздің экономикасы мен демографиясына сүбелі үлес қосып отырғанын аңғартса керек. Десек те, соңғы жылдары сырттағы қандастарымыздың көші саябырсыды. Бұған мына көрсеткіштер дәлел бола алады: 2016 жылы – 33 754, 2017 жылы – 18 605, 2018 жылы 14 541 адам тарихи Отанына қоныс аударған. 2019 жылдың 1 сәуір айына дейінгі статистикаға сүйенсек, республика бойынша 1 576 отбасы немесе 2 970 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алған. Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни 57,6%-ы – Өзбекстаннан келген, сондай-ақ 21,5%-ы Қытайдан, 5,8%-ы – Моңғолиядан, 8,3%-ы Түркіменстаннан, 1,9%-ы – Ресейден және 4,9%-ы – басқа елдерден көшіп келгендерді құрайды. Оралмандардың өңірлерге қоныстануына келетін болсақ, 24%-ы – Алматы облысына, 9%-ы – Түркістан облысына, 20%-ы – Маңғыстау облысына және Шымкент қаласына – 1,1%-ы қоныстанған. Елге оралған қандастарымыздың 61%-ы – еңбекке қабілетті жастағылар болса, 18 жасқа дейінгілері – 28,5%-ды, зейнеткерлер – 10,5%-ды құрап отыр. Еңбекке жарамды оралмандардың 16,3%-ның жоғарғы білімі бар болса, 25,2%-ында арнаулы орта білім бар, 53,3%-ның жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 5,2%-ның білімі жоқ. Жалпы, оралман көшінің тоқырауының басты себебі – «Халықтың көші-қоны туралы» заң шеңберінде қабылдануы тиіс, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізудің жүйеленген бағдарламасы жоқ. Осыған орай таяуда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтің: «Шеттегі қазақтардың саны төрт-бес миллион деп жүрміз. Біз барлығын аралап шықтық. Бір миллион адам елге келеміз деп отыр» дей келіп, бұл орайда тиімді жобалар қолға алынатынын мәлімдеуі көпшіліктің көңіліне жылулық ұялатқандай. 1993 жылдан бері оралмандарға беріліп келе жатқан квота мен қаржылай көмектің 2012-2015 жылдар аралығында тоқтатылуын көштің саябырсуының негізгі себептерінің бірі деп айтқанымыз жөн шығар. Ал, 2015 жылдың қараша айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылғаннан кейін жағдай жақсы жағына қарай өзгерді. Осы заң шетелдегі қандастарымыздың елге оралып, Қазақстан азаматтығын алуына жол ашты, көптеген жеңілдіктер жасалды. Бір сөзбен айтқанда, оралмандар үшін оңтайлы нормалар қарастырылды. Мәселен, этностық қазақтарға қоныстанған өңіріне қарамастан, оралман мәртебесі беріледі және заң бойынша тұрақты тұруға рұқсат алғаннан кейін оралмандарға бірден азаматтық алуға өтініш білдіру құқығы енгізілді. Бүгінде оралмандар Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген түрде, яғни өтініш жазған күнінен бастап үш ай ішінде ала алады. Сонымен бірге, Үкімет айқындаған өңірлерде оралмандарды қоныстандырудың өңірлік квотасы белгіленеді. Квотаға енген оралмандар халықты жұмыспен қамту туралы заңға сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі. Бұрын мұндай қолдау жоқ болатын. Бүгінгі таңда жеті аймаққа оралмандар мен ішкі көшіп келушілерге квота берілді: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыс-тары көшіп келушілерді «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қабылдауда. Дәл қазір солтүстік аймақтарға қоныс аударғандарға толық жағдай жасалуда. Мәселен, Қазақстанның азаматтығы, пәтер, квота, мамандығы бойынша қызмет беріледі. Ал тиісті мамандығы болмаса, Үкімет есебінен оқып, қосымша мамандық алуға мүмкіндігі бар және де сол өңірде бес жыл бойы тұратын болса, онда баспананы жекешелендіріп алуына әбден болады. Бұрын қарастырылмаған мәселенің бірі, яғни қазір оралмандар бейімдеу, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылға дейінгі мерзімге тіркеле алады. Және қазір оралмандар визалардың санатына қарамастан тұрақты тұруға рұқсат ала алады. Ал бұрын тұрақты тұруға рұқсат алу үшін этностық қазақтардың тұрақты тұруға көшіп барады деген визасы болу керек болатын немесе шыққан елінің құзырлы органының басқа елде тұруына қарсылығы жоқтығы туралы анықтамасы болу керек еді. Осы тізбектегі түйінін тапқан шешімдердің бәрі де жоғарыдағы аталған Заңның аясында қарастырылған. Демек, аталмыш Заңда оралмандар көшінің маңыздылығы мен қажеттілігі жан-жақты ашылып көрсетілген сыңайлы. Қазір дамыған елдердің қатарына жетуді бірден бір мақсат етіп отырмыз. Соның бір саласы – демография. Бүгінде еліміз тұрғындары он сегіз миллионнан асып, он тоғыз миллонға бет алдық. Бұл демографиялық өсіміміз көршілес елдермен салыстырғанда өте төмен. Егер біздің демографиялық жағдайымыз осы қалпынан өзгермесе, бұл фактор барлық саланың дамуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Еліміздегі демографиялық ахуалды жақсартып, халқымыздың санын көбейтуге үлес қосатын – осы оралмандар көші, яғни халықтың көшіп-қонуы мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен әсер етеді. Сондықтан да мемлекетіміз бұл процеске үлкен мән беріп келеді. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының мақсаты – еліміздің ұлттық бірегейлігі мен қауіпсіздігін сақтау және дамыту шеңберінде заңсыз көші-қонды қысқарту мен сұрыптаушылық көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон процестерінің келеңсіз салдарын азайту болып табылады. Қалай болғанда да, тарихи Отанына келуді аңсап, армандап жүрген қандастарымыздың санының әлі де көптігі бізді ойлантады. Оларды елге қабылдап, қоғамға кіріктіруіміз керек-ақ. Оралман деген атаудан шошынуымыздың еш себебі жоқ. Көштің тоқтамайтыны, жалғастығы туралы әлем қазақтарының Нұр-Сұлтанда өткен соңғы құрылтайында Елбасы бұл жөнінде тиісті орындарға нақты тапсырмалар берген болатын. Құрылтай барысында қаралған басты мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Жергілікті қазақ пен шеттен келген қазақ бір тілде түсінікті сөйлегенімен, бір-бірінің жазбасын түсінбеуі, оқи алмауы, яғни әліпби, жазу мәселесі еді. Бүгінгі таңда бұл да оң шешімін тапты. Міне, тәуелсіздігіміздің таңы атқалы бері Алатау мен Сарыарқаны бетке алған Қазақ көші толастаған емес. Бүгінде сол қандастарымыз өсіп-өніп, ұрпағымен 1,5 миллионнан асып кетті. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда қазақтардың саны 40 пайызға жетер-жетпес болса, қазір 70 пайызға тақады. Соның бір бөлігі, әрине, шеттен келген ағайынның үлесінде. Көші-қон дегенде ең алдымен ауызға түсетін бір қасиетті сөз барын жоғарыда айтып өттік. Ол – Тәуелсіздік! Ендеше, тәуелсіздігімізбен басталған көш легі тоқтамасын! Елімізге – ел, жұртымызға – жұрт қосылса, қазақтың қарасы көбейері сөзсіз. Көші – қон қызметі-бұл өз құзыреті шегінде көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестеріне мониторингті, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар мен Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын ішкі істер министрлігінің негізгі бағыттарының бірі. Функциялар: мемлекеттік көші-қон саясатын іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету; азаматтық, Халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; Халықтың көші-қоны мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру; көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды жүзеге асыру; көші-қон процестерін реттеу және олардың мониторингі саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу; Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға көші-қон процестері мониторингінің нәтижелерін ұсыну; өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру; азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, азаматтардың, лауазымды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін, өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарау, олар бойынша шешімдер қабылдайды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды әзірлеу; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынуы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, шекара бұзушыларын шекаралық іздестіру, шектес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруін немесе жаппай көшуін тойтару кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймақта (жолақта) орналасқан жекелеген жергілікті жер учаскелеріне немесе объектілерге кіруін шектейді немесе тыйым салады; жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау мәселелері бойынша Министрліктің «ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің дербес есебін жүргізу; өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдем көрсету; босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құру, сондай — ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді; пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету баспана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастыру және Ұлттық қауіпсіздік органдарына ай сайын жіберу; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі өтініштері бойынша материалдарды қарау және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді; өз құзыреті шегінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру. бастамасымен халықтың көші-қоны туралы заңдар қабылданды жəне шет елдерде тұратын қазақтарды өз еліне қайтару жөнінде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар да қабылданды. Заң ғылымында бұл үрдіс этникалық репатриация деп аталады. Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында елдегі демографиялық мəселенің ушығуы өзекті проблема болып қала беретіндігі жөнінде айтылады. Осының нəтижесі демографиялық саясатты жүзеге асыру, жағдайды жақсарту жөнінде шараларды қамтитын нормативтік құқықтық базаларды жетілдіру қажеттілігінің өзекті екендігіне көз жеткізіп отыр. Елімізде ғалымдар мен арнайы маман иелерін дайындау үшін білім, ғылым жəне экономика саласы бойынша мемлекет ұзақ жəне көлемді қаржылай инвестициялар жұмсайды. Бірақ олардың көбісі болашақта шетелге қайтып оралуды қалайды. Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның мəліметтеріне сəйкес Қазақстан мемлекеті ең көп көші-қон үрдістері болатын мемлекеттер қатарына жатқызылған. Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің көлемі өсіп, олардың саяси жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайларға əсер етуі кеңейеді. Қазіргі кездің өзінде республикамыз көші-қон ағымының əсерін сезініп жатыр. Сонымен қатар, елімізде көші-қонының ұлттық, өңірлік жəне əлемдік бағытта дамуына мүмкіншілік беретін мониторинг жүйесі жоқ. Мемлекетте көші-қон аясындағы қызметті жетілдіру мен мəжбүрлі көші-қон бойынша көшіп келгендердің құқығын қалпына келтіру қиындыққа ұшырап отыр. Республикада паспорттық- визалық режимді нығайту қажет. Сонымен қатар, мемлекет аумағына келуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркейтін жүйені жетілдіру қажет. Басқа мемлекеттерден республика аумағын бөлетін шекара қызметін күшейту қажет. Осы аядағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актінің бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 шілде 2000 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеу ережесі туралы» № 1063 Қаулысы болып табылады.Бүгінгі таңда Қазақстанда паспорттық–визалық құжаттарды даярлау мен енгізуде жаңа тəсілдер қолданылуда. Сонымен қатар, ТМД елдерінен шекара арқылы өту кезінде визасыз өтетін жағдайлардың тізімін қысқарту қажет. Шекарада қатаң бақылау жүргізілуін жетілдіру керек. Осындай шараларды  жүзеге  асыру  арқылы елдің демографиялық  жағдайын біршама жақсартуға болады. Халықтың   санын  көші-қоны  тұрғысынан толықтырудың нəтижесі адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды қиындатпау қажет. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының мақсаты — еліміздің ұлттық бірдейлігі мен қауіпсіздігін сақтау жəне дамыту шеңберінде заңсыз көші-қонды қысқарту мен сұрыптаушылық көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон процестерінің келеңсіз салдарын азайту болып табылады. Сонымен, мемлекеттің миграциялық қызметі, мемлекеттің басқа да қызметтері сияқты, Қазақстан Республикасының демографиялық мүдделерін қорғауға, демографиялық үрдістерді реттеуге, шешуге бағытталған. Елдегі халық санының өсуіне ықпал ететін, үлкен маңызға ие болып табылатын көші-қон үрдістерін реттеудегі мемлекеттің қызметін демография саласындағы мемлекет қызметінің бір бөлігі етіп белгілеуге болады. Жоғарыда аталған мəселелерді шешу үшін демографиялық үрдістердің бір бөлігін қамтитын көші-қон саясатын тиімді етіп жүргізу қажет. Ол үшін көші-қон саясаты, сонымен қатар, демографиялық саясаттың өзі де мемлекеттің ішкі саясатының маңызды бөлігі болуы  тиіс. Елімізде жүргізіліп отырған көші-қон саясаты мемлекеттің экономикалық, саяси, əлеуметтік жағынан өсіп-өркендеуге ықпал етуге, егеменділік пен тəуелсіздікті сақтап қалуға, мемлекеттік, ұлттық, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, аумақтық біртұтастықты сақтап қалуға бағытталуы қажет. Осы мақсатта көші-қон саласын реттейтін қазіргі заманның талабына сай заңнамаларды жетілдіріп, дамытсақ жеткілікті іс. Шетелдердегі қазақ диаспораларының өкілдері арасында ақпараттық-насихаттайтын жұмыс жүргізілудің тиімділігі төмен. Халық саласындағы əлеуметтік-экономикалық мəселелер, соның ішінде көші-қон саласындағы мəселелерде қазіргі таңда барлық дамыған мемлекеттердің негізгі мəселесі болып отыр. АҚШ, Канада, Австралия жəне т.б. бірқатар еуропалық мемлекеттер де қазіргі кезде келіп жатқан шетел азаматтарына қатысты иммиграциялық саясаттың сұрыпталған ерекше түрін жүргізуде. Мысалы, АҚШ мемлекеті өз еліне қажетті деп тапқан шетел азаматтарын тартады (ғалымдарды, өнер адамдарын, спортсмендерді). Сонымен қатар, Германия, Израиль жəне Польша сияқты бірқатар мемлекеттер халықтың ұлттық этникалық құрамын сақтау мақсатында арнайы этно-тарихи көші- қон саясатын жүргізеді Сонымен қатар, көші-қоны үрдісін реттейтін бірқатар ұлттық заңнамалар да баршылық.  Олар,20 желтоқсан 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 19 маусым 1995 жылы «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң шетел азаматының Қазақстан Республикасы аумағында кіріп, жүріп-тұруын жəне шығуын реттейді. Сонымен бірге көші-қон үрдісін реттейтін əр түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламалар қабылданды. Олар: «Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы  туралы» тұжырымдама, «Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық пен даму мақсатында мүдделерді күшейту» өңірлік бағдарламасы, «2009-2011 жылдарға арналған Нұрлы Көш» бағдарламалары. Еліміз оралмандарға керекті əлеуметтік көмек беріп, қолдау көрсетеді. Қазіргі кезде бір уақытылы жəрдемақы, тұрғын үй алуға ақы, жүріп тұрғаны мен мүлкін тасуына орта есеппен 5 адамнан тұратын отбасыға 833 мың теңгеден бөлінеді. Елімізде оралмандарды уақытша орналастыратын 14-ке жуық орталықтар қызмет етеді. Көші-қоны үрдісінде көшіп жүретіндердің құқықтарын реттеу үшін ең маңыздысы болып — азаматтық институт табылады. Оның маңызы көшіп келушілердің еліміздің азаматтығын алуға ниет білдіргенінен басталады. Осыған орай азаматтықты алу мен тоқтатудың да құқықтық реттелуінің маңызы зор. 20 желтоқсан 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша азаматтықты ала алмайтындар белгіленген. Олар: қылмыстылықпен байланысты; Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен біртұтастығын бұзуға байланысты; халықтың денсаулығы мен мемлекеттік қауіпсіздікке зиян əкелетін; мемлекетаралық, халықаралық жəне діни алауыздықты жандыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің қызмет етуіне қарсылықтың болуына байланысты; басқа мемлекеттердің азаматтығында болуымен байланысты жағдайларды қамтиды. Отандастар үшін бұл заңда азаматтық алу тəртібі жеңілдетілген. Елімізде азаматтық мəселе тек ұлттық заңнамалармен ғана емес, сонымен қатар, халықаралық құжаттармен де реттелінеді. Мысалы, 19 қаңтар 1996 жылы Мəскеу қаласында ТМД мемлекеттер-қатысушылар азаматтарының азаматтық алу тəртібінің жеңілдетілуі туралы Конвенция қабылданды. Бұл құжатта ТМД мемлекеттер– қатысушылардың азаматтарының азаматтық алу тəртібінің жеңілдетілген нысанын көздейді. Егер арызданушы бұрын КСРО–ның азаматтылығында болып, сол аумақта 21 желтоқсан 1991 жылға дейін жəне Конвенцияның күшіне енуіне дейін тұрса жəне де егер арыз берушінің туған– туыстары, ері не зайыбы, баласы, əкесі не анасы, ағасы, атасы не апасы, немерелері келісіліп жатқан жақтың аумағында тұрақты тұрып, оның азаматы болса, азаматтықты жеңілдетілген түрде алады [6]. Соның ішінде Белоруссия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикалары мен Ресей Федерациясы арасында азаматтықты алу тəртібін жеңілдету туралы келісімдері жасалған. Еңбектің ішкі нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі республика аумағына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін енгізілетін шетелдік жұмыс күшіне квота бекітіп, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстанда заңды көшіп келушілермен қатар, заңсыз көшіп келушілер де бар. ТМД мемлекеттерінің шекараларында қатаң бақылау жүзеге асырылмағандығы, Қазақстан аумағының геосаясаттық орналасуы жəне заң актілерінің жетілмеуі, қолайлы экономикалық жағдайы, əлеуметтік-саяси тұрақтылық, заңсыз көші-қонының пайда болуына əсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Заңдастыру барысында Қазақстан аумағында заңсыз еңбек етіп жүрген 164,5 мың шетел азаматтары ұсталынды. Осы мəселені қарастыра келе, мемлекеттік көші-қон саясаты жүзеге асыру қажеттілігі байқалады, оның ішінде көші-қоны ағымдарын реттеу үлкен маңызға ие болып отыр. Қазақстан мемлекетінің санын толтыру үшін, дамып жатқан көші-қон үрдісінің теріс салдарларының алдын- алу қажет. Заңсыз көші-қонының қауіптілігі елдің демографиялық жағдайына да əсер етеді, мемлекеттің өзіне де қауіпті. Елімізде əлі де болса шешілмеген бірқатар мəселелер бар. Қазіргі уақытта ішкі миграцияның саны өсуде. Ішкі көші-қонның негізгі бөлігі ауылдық жерлерден көшумен жалғасып отыр. Осыған орай көші-қон айырымы төмендеп отыр. Білікті мамандардың азаю қаупі бар. Оралмандарға əлеуметтік қолдау көрсету жүйесін ары қарай жетілдіру қажет. Иммигранттардың квотасына енгізілген əлеуметтік жəрдемақының негізгі бөлігі тұрғын үймен қолдауға жəне отбасыларын көшіруге кетеді. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес: «көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мəжбүрлі қоныс ауыстыруы» — деп түсініледі. Елімізге халықтың табиғи аз өсімінің орнын толтырған көшіп келушілер ағымын реттеуге бағытталған жаңа жолдар іздеп табу қажет. Оларды жыныстық, жастық ерекшеліктеріне қарай, денсаулығының жағдайына, кəсібіне қарап пайдалы етіп ынталандыру керек. Сонымен қатар халық санын сақтап қалуды ойлай отырып, шетелден жоғары кəсіби мамандарды жұмыс күші етіп тартуды дамыту қажет. Еліміздің ішкі көші –қонын реттеу барысында,  азаматтардың тіршілік етуін қолдай отырып, жұмыс күшін көтермелеуге бағытталған шаралар кешенін жасау қажеттілігі туындап отыр. Республикамызда көші–қон үрдістерін реттейтін заңнамалардың іске асуы баяу жүрді. КСРО–ның ыдырауымен тез арада бірқатар заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Қазақстан тəуелсіздік   алуымен   шетелдерге   көшіп   кетушілермен, жақын елдерден  көшіп келушілерді мемлекеттік құқықтық тұрғыдан реттеу керек болды. Осы ретте 26 маусым 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Көшіп келу туралы заңын, 1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын атап кеткен жөн. Көші–қонның жағымды жақтарына қазіргі еліміздің басынан кешіріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасайтын экономикалық белсенді адамдардың өсуін талап етеді. Мұндай көшіп-келушілердің көбісі жеке бизнеспен айналысуға ұмтылады. Олардың біздің еңбек нарығымыз қызықтырады. Көші–қонның жағымсыз жақтары да бар: біріншіден, көшіп келушілердің мінез-құлқы, тұрмыс – салты, мəдениеті еліміздің тұрғылықты халқының ділімен, мəдениетімен ұқсас па, жоқ одан алыс па соған кері əсер етуі мүмкін; екіншіден, тұрғылықты халықтың шетелден келген адамды қалай қабылдайтыны ол да беймəлім мəселе. Əр түрлі этникалық, рассалық, діни наным–сенімдері бар халықтың араласып өмір сүруі адамдардың қарым-қатынас жасауда қиыншылыққа əкеліп соғуы мүмкін, олардың арасында қақтығыстардың болуы мүмкін. Оның нəтижесі көрші болып тұрған адамдардың қақтығысынан бастап, əр түрлі топтық бұзақылық пен митинг, демонстрациялармен аяқталуы мүмкін. Халықаралық құқықтық деңгейде көші–қон үрдісін реттейтін құжаттарды атап кеткен жөн: 1951 жылғы «Босқындардың мəртебесі туралы» Конвенция жəне 1967 жылғы оның Хаттамасы, БҰҰ-ның «Еңбек етуші–мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің барлық құқықтарын қорғау туралы» Конвенциясы. ТМД мемлекеттері шеңберінде қабылданған халықаралық құжаттарды, мемлекетаралық келісімдер мен шарттарды айтып кеткен жөн: ТМД мемлекет–қатысушыларының заңсыз көші–қонмен күресудегі ынтымақтастық туралы əртүрлі шарттар жəне т.б. Халықтың туылым мен өлім көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруіне, көші-қон мəселелерін шешуде мемлекет функциясының ролі зор. Демографиялық үрдістер адамның еркінен пайда болмайды. Мемлекет пен құқықтың өзара əрекет етуі өте күрделі үрдіс. Демографиялық үрдістерді жүйелі жəне жан-жақты талдау үшін мемлекеттік билік қажет. Мемлекеттің əлеуметтік жəне басқа да функцияларын атқаруда демография өте ауқымды фактор болып табылады. Қазіргі кезде мемлекет функциясы ішінде демография функциясы өте күрделі болып отыр. Себебі қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жаңа, бұрынсоңды болмаған функциялар қалыптасуда. Қазіргі жаһандану кезеңінде демографиялық мəселелердің дамуы көп ғалымдарды қызықтыруда. Демографиялық үрдістерді зерттеуші ғалымдар көбінесе оның тек экономикалық қырын зерттеумен айналысуда. Қазіргі кездегі демография ол үлкен ғылым. Ол қоғамның барлық жағын қамтиды. Соның ішінде статистикаға көп сүйенеді. Статистика болмаса, халықтың ұлттық, əлеуметтік жəне басқа да əр түрлі деңгейін зерттеу мүмкін емес. Егерде заң ғылымына келсек, онда демографиялық үрдістерге мемлекет пен құқықтың əсері теориялық тұрғыдан зерттелмеген. Осы күнге дейін демографиялық үрдіс əлеуметтік үрдістің бір бөлігі болып келді. Қазіргі дүниежүзі жаһандану кезеңін бастан кешіріп, экономикалық дағдарыстың тұғырында тұрған қоғам үшін, əлеуметтік үрдістерді оның ішінде демографиялық үрдістерді реттеуде мемлекет пен оның функциясының рөлін күшейту талап етіліп отыр. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан əр түрлі демографиялық стратегияларды мемлекеттік саясаттың ең негізгісі деп біліп, оны жүзеге асыруға көшу керек. Нарықтық заманға көше бастағанда мемлекеттің ең негізгі экономикалық мақсаты еңбек өндірісін көтеру арқылы халықтың əл-ауқатын көтеру болған. Қазақстан Республикасы халқының тіршілігін жақсарту үшін экономиканы тұрақтандыру, бəсекелестікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуды белгілейтін еңбек жəне ақша нарықтарын жасауды көздеген. Жалақының көтерілуін қамтамасыз ету кедейшілікпен күресу жəне əлеуметтік қорғанудың бірден- бір амалы ретінде көрсетілген. Бұл мəселелердің барлығы жүзеге асырылған жоқ. Жаһандану кезеңіне мемлекеттің əлеуметтік функциясы, нарықтық  экономиканың талаптарына сай келмейді. Халықты əлеуметтік қорғауда əр түрлі мекемелердің  қызметін жақсарту қажет. Олардың басты мақсаты халықты жұмыспен қамту болу керек. Бұл аталған мақсат–міндеттер мемлекеттің алдына қойған міндеттердің бір ғана бөлігі. Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының  қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес. Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үрдістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді. Демографиялық үрдістерді құқықтық жəне саяси құралдар арқылы басқаруға болады. Мемлекеттің демографиялық үрдістерін елдегі туылым, өлім жəне көші-қоны мəселелері құрайды. Қазіргі Қазақстан жағдайында заңи тұрғыда аталған демографиялық үрдістерді нақты түрде реттеу қажет. Туылым, өлім, көші-қоны мəселелері бүгінгі таңда көлемі жағынан да, дəрежесі жағынан да үлкен проблемалардың бірі болып табылады. Заманның ағымы осы мəселелерді құқықтық реттеуді талап етті. Соның нəтижесінде осы үрдістерді реттейтін бірқатар  нормативтік–құқықтық актілер қабылданды. Қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан үшін бұрынсоңды құқықтық реттеу аясынан тыс болған қатынастарды реттеуге бағытталған жаңа заңдарды қабылдау қажеттілігі байқалып отыр. Мемлекетіміз демографиялық үрдістерді шешуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауда басқа шетел мемлекеттерінің тəжірибесін пайдаланса жақсы болар еді. Елдің демографиялық дағдарыстан шығуы үшін көші–қоны үрдістерін реттеу қажет. Қазіргі кезде мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздік мүдделері көші– қонды реттеуде жаңа жолдарды талап етіп отыр. Мемлекетімізде байырғы кезде əр түрлі себептермен көшіп кеткен шетелдердегі қазақтардың еліне қайта оралуына жағдайлар жасалуда. Мемлекет əр жылы оралмандарды қабылдауда квоталар белгілейді. Елімізде заңсыз көшіп келушілер мен босқындар саны өсуде.Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мəселе болды. Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады. Əрбір мемлекет өз халқының саны мен құрамы туралы мəліметтерге мұқтаж. Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің əлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар, əлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін жəне басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады.

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика