Мәжілісті Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракция жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы жүргізді.
Фракция мәжілісінің күн тәртібіне екі мәселе қаралды. Олар:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау беру бойынша ұсынысты енгізу туралы;
2. Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ережені және комиссия құрамын бекіту.
Отырыс нәтижесінде халық қалаулылары Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы мен Керимжанов Мерлан Абдрахманұлы Жер комиссиясы құрамына ұсынылды.
Сондай ақ, жиында «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері талқыланды.
Еске салар болсақ, «Біздің бағдарлама – қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы, нақты жоспары. Өткен жылдың өзінде партия өңірлерде, ауыл-аймақта мыңдаған кездесу өткізіп, тұрғындардан 200 мыңнан астам ұсыныс-пікір жинаған болатын. Халықты толғандырған мәселелерді мұқият талдап, жүйелендіре келе 10 негізгі бағыттан тұратын құжатты әзірледік. Одан әрбір отандасымыз өзі үшін өзекті мәселелердің жауабын таба алады», – деген еді «AMANAT» партиясының Төрағасы.
Жер комиссиясының функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.