Мұрат Әбеновтің парақшасында “Олигархтардан жинаған “Қазақстан Халқына” қордағы миллиардтар “Назарбаев Университет” жобасына жұмсалды. Тоқаев біле ме бұны” деген пост жарық көрді. Іле шала оның скринін маған тастап, “рас па?” деп сұраушылар пайда болды. Бұл ақпарат өзімнің де қызығушылығымды оятып, Назарбаев университетіне қоңырау шалдық. Кезекшілер телефонды әкімшілік аппаратына қосып, ол жақтан мұндай ақпараттың жоқ екенін естідік. “Егер қажет болса, нақтылау үшін хат жолдаңыз. Үш күн ішінде жауап береміз” деді олар. Одан кейін Ұлттық қордың ресми сайтын ақтарыстырдық. Байланыс нөмірлерін таба алмағандықтан, ақпараттарға көз жүгірттік. Оның ішінде” Әлемдегі ең қымбат дәріні қаржыландыру үшін маңызды үш жақты келісімге қол қойылды” деген 14 наурыз 2022 жылы жарияланған жаңалықты сүзіп шықтық. Онда:
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «University Medical Center» корпоративтік қоры және «Новартис» биофармацевтикалық компаниясы Қазақстанда тіркелмеген «Онасемноген абепарвовек» (Zolgensma) препаратын жеткізуге және дәрігерлерді препаратты қолдану бойынша оқытуды ұйымдастыруға үшжақты келісім-шарт дайындады.
Қордың Сараптамалық комитеті «Өмірге сен» емделуші ұйымының өтініміне сәйкес– орфандық дертке шалдыққан 4 балаға препаратты сатып алуға қатысты ұсыныс берді,-делінген!
Ақпаратқа анықтық енгізу мақсатында Мурат Абенов мырзаның өзімен де хабарластық.
-Мұрат мырза, сіз постыңызда “Қазақстан халқына” қорының ақшасы Назарбаев университеті жобасына аударылған деп едіңіз?! Қаражат дәрі дәрмекке деп тұр ғой, деген сарында сұрау салдық. Мұрат Әбенов мырза: “орпоративный фонд “University Medical Center” создан в соответствии с решением Попечительского совета Автономной организации образования «Назарбаев Университет», деген мәліметті алға тартты. Яғни, медорталық, Назарбаев университетінің жанынан құрылған. Мұрат мырза осы тұста тағы бір тың ақпармен бөлісті:
-Қазір «Новартис» компаниясы ғалымдары Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығының жанынан арнайы құрылған көпсалалы дәрігерлер тобының мүшелеріне препаратпен жұмыс істеу үшін оқу курсын өткізуде. Центр басшысы ПЯ,-дегенді айтты. Дәл осы азамат Казахстан Халкына корынын Камкоршылар Кеңесінің де Төрағасы екен. -Асықпай қарап шығыңыз. Заң бұзылмаса да, этикаға сәйкес келмейді. Бір адам екі жақта басшы. Конфликт интересов деген бар,- деді Мұрат мырза. Бұл жерде ол кісінің Ұлттық қордың ақшасы Назарбаев университетіне кетті деп алаңдауына екі себеп бар. Біріншісі-медорталық университет маңынан ашылған. Екіншісі ПЯ Юрий Владимирович мед орталық басшысы және ұлттық қордағы қамқоршылар кеңесінің төрағасы. Алайда Мұрат Әбенов мырзаның постының астарында АҚПАРАТТЫҚ МАНИПУЛИЯЦИЯ БАР!
ҮКІМ: ФЕЙК!!
себебі қаржы тікелей Назарбаев университетіне аударылған жоқ! Ол науқас балалардың еміне жұмсалып отыр. Осы орайда анықтағанымыз Назарбаев университеті мен Медорталықтың мекен жайлары екі бөлек. БИИН дері басқа. Яғни екі мекеменің бюджеттері бөлек!!! Оның үстіне науқас балаларға қатысты дәрі дәрмек пен дәрігерлерді оқыту ісіне Қордың Сараптамалық комитеті «Өмірге сен» емделуші ұйымының өтініміне сәйкес мұрындық болып отыр. Яғни “Қазақстан халқына” ұлттық қорынан Назарбаев университетіне қаржы аударылуына ешкім де мүдделі емес.
Алия Ортаева