• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Төлеби ауданында қоғамдық қауіпсіздік бойынша жаңадан енгізіліп жатқан әдіс-тәсілдер талқыланды

Автор:admin

Июн 6, 2023
Spread the love

Төлеби аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен әкімдіктің мәжіліс залында «Қоғаммен серістестікте қоғамдық қатынастарды қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің бірінші орынбасары С.Дүйсебаев, қала, аудан, округ әкімдері, білім беру, денсаулық сақтау басқармасының басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар мен консультативтік кеңесші орган мүшелері, тұрғындар, полиция қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында енгізіліп жатқан жаңа тұжырымдама мен сервистік модельдің жүзеге асырылу үшін қажетті жайттар қаралды. Сонымен қатар қазіргі таңда өзекті мәселе болып отырған интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жол апаты деректерінің алдын алу мәселелері айтылды. Жиналғандар тарапынан жоғарыда аталған қылмыс түрлері үшін жазаны қатаңдату керектігі көтеріліп, талқыланды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау үшін барынша тиімді әрекет ету. Халыққа кеңінен құқықтық көмек көрсету, дер кезінде іс-әрекет жасау мақсатында модульдік бекет орнату, сервистік орталықтар құру. Жиын соңында қатысушылар жұмыла әрекет етіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге уағдаласты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта Түркістан облысының барлық аумақтарында жалғасады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика