• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (-1-)

Автор:admin

Июн 25, 2024
Spread the love

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ағымдағы жылдың 24-26 маусымы аралығында Сайрам ауданы аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» акциясы жалғасуда.
Акцияны өткізудің негізгі мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларды жұртшылыққа кеңінен таныстыруға бағытталған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар ая­сында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.
Әйелдерге қатысты зорлық — зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез кел­ген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық — зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, со­нымен қатар, басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық- зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алмай келеді. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тыры­сады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді.
Қазіргі қоғамның басты дертіне айналған бұл мәселемен жалғыз құқық қорғау қызметкерлері ғана емес, жалпы қоғам болып күресу маңызды. Отбасын саналы түрде құрған ер азамат отбасы алдындағы жауапкершілікті сезініп, тұр­мыстық зорлық-зомбылыққа жол бер­мегені абзал…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика