Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс V сессияға ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы болып өтті. Тұрақты комиссияда мәслихат төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 3 мәселені талқылады.
Олар:
1. Шымкент қаласын дамытудың бас жоспары туралы;
2. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы
11 желтоқсандағы № 58/506-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/33-VIII шешімінің күшін жою туралы;
3. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы
11 желтоқсандағы № 58/506-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының төрағалары жылына бір реттен сиретпей мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді. Жиынға қала әкімдігінің қызметкерлері мен аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты. Бірлескен отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Комиссия мүшелері баяндамашыларға сұрақ қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Осыған дейін бұл мәселелер мәслихаттың тиісті тұрақты комиссияларының отырыстарында зерделеніп, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына қарауға ұсынылған болатын. Мәслихат төрағасы жылына бір реттен сиретпей мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттық сауалдар мен депутаттық жолданымдардың қаралу барысы, сайлаушылардың жолданымдары және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.
Өз кезегінде мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық талқыланып, сессияға ұсынылды.