• Пт. Июл 11th, 2025
Популярные метки

ТҰРАН АУДАНЫНДА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 11, 2025
Spread the love

Құлагер шағынауданында жергілікті халық көптен күткен балалар және спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Бұл нысандар аудан тұрғындарының, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын ұстануына сеп болады.

Алаңшада түрлі спорттық құрылғылармен қатар, балаларға арналған заманауи ойын элементтері орнатылған. Қауіпсіздік талаптарына сай бой көтерген алаңдар “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасы аясында іске асырылуда.
Осыған дейін аудан аумағында бағдарлама шеңберінде 38 балалар ойын алаңшасы, 12 спорт алаңшасы және 8 кешенді алаңша салынды. Быилғы жоспарда 19 балалар ойын алаңшасы мен 13 кешенді алаңшаның құрылысы көзделген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика