Түркістан облысының әлеуетін арттыратын мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Соның бірі халықты нәтижиелі жұмыспен қамтуға жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірнеше жобалар бар. Бұл бағдарламалардың игілігін ел көріп отыр. Субсидияланатын мемлекеттік бағдарламалар тетіктерін тапқан. Кәсіпкерлерді қолдау үшін жан-жақты шаралар атқарылуда. Тегін мемлекеттік гранттар саны да облыс көлемінде біршама өсекендігі байқалады. Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр. Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл – барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар. Осының барлығы мемлекеттен кесімді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Және маған әлеуметтік мәселелерді әркез бақылауымда ұстап, оларға тұрақты түрде қайта оралуыма тура келеді. Менің назарымдағы басты мәселе – әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету. Және бұл қажеттілік болып табылады, өйткені, әлеуметтік мәселелерді шешуге еліміздің барлық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы өзін өзі сезінулері тәуелді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды.
Қазақстан объективті түрде орташа Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасы деңгейіне нақты жақындады. Қазақстандықтардың өмір үлгі-қалып¬тары тұрақты жоғарылауда. Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игілік жемістерін қаншалықты тиімдіпайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады. Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін нақ осыдан көреміз. Әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды. Ал бұл, өз кезегінде, жаһандық дауылдарға қарсы тұра алу үшін жаһандық тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді. Біздің жүзеге асырылмаған резервтеріміз бен мүмкіндіктеріміз неде? Әлеуметтік саясат орнықты, жасампаз болуы үшін тағы не істеу керек? Бүгін өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңінен таралған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі. Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдықтуындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады. Бұл жерде ешқандай өзіндік идеология ойлап шығарылмайды. Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы көз жетпейтін көкжиекте ойлап табылмаған. Бұл – практикалық, прагматикалық идея. Ол маған тіпті етене жақын, өйткені, мен қазақстандықтар жақсы білетіндей, өзімнің кәсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы-металлург ретінде бастадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кәсіп болып табылады! Қанша жыл өтсе де, бұл еңбек мектебін ұмыту мүмкін емес. Бүгінде еңбек – ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында, – алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс. Қазақстан қоғамындағы лайықты еңбек тақырыбы кең көлемді пікірталас пен қолдау туғызды десем, артық айтқандық емес.
Жаңғырту үдерістерінде тәуекел бар ма?
Әлеуметтік жаңғырту бүгінде ық¬ти¬мал сынақтар мен тәуекелдер туралы анық түсінік болуын талап етеді. Және мұны тек барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жаңғыртулар бағытталып отырған бүкіл қоғам, барша халық түсінуге тиіс.
Бірінші. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңғырту барынша синхронды жүруі тиістігін ескеруіміз қажет.
Жаңа өндірістер, білім беру мен ғылымның жаңа жүйелері, орта тапты дамыту, әлеуметтік кепілдемелерді кеңейту қазақстандықтар санасында үлкен өзгерістер қалыптастыруы тиіс. Ал бұл әлеуметтік қатынастың барлық жүйесін дер кезінде түзетуді талап ететін болады.
Екінші. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жаңғырту үдерістері азаматтар белсенділігінің күшеюімен, олардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен қосарлана жүреді. Сондықтан, адамдардың өзінің құқықтары мен бостандықтарын белсенді қорғауға деген ұмтылыстары кеңейіп, қоғамның өзін өзі ұйымдастыру дәрежесі жоғарылайтын болады.
Үшінші. Қазақстанда мемлекет – әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің бастамашысы және басты қозғаушы күші.
Бүгінде қоғамда жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие үдерістерін аса ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет – шетсіз-шексіз донор емес, азаматтар әл-ауқатының өсуі үшін жағдай туғызатын әріптес деген ұстаным қалыптастыру маңызды.
Мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске бағытымен құрылады.
Бұл масылдыққа жол жоқ дегенді білдіреді.
Тек осындай жағдайда ғана Қазақстан қоғамы патернализм инерциясын еңсере алады.
Төртінші. Әлеуметтік жаңғырту жолындағы айтарлықтай кедергі әлеуметтік инфантилизм секілді кең тараған құбылыс болып табылады.
Оның негізінде 90-шы жылдардағы «жабайы капитализмнің» өтпелі бастапқы кезеңінде «жабысқан» еңбекке өңі айналдырылған, теріс көзқарас жатыр.
Бұл игілікке жетудің алдамшы формуласы – «аз жұмыс істеп, көп табу», «ауадан ақша жасау» және тағы басқаларды абсолютке көтерді.
Әлеуметтік инфантилизммен зорайтылған дөрекі тоғышарлық жаңғыртудың тежегіші болуға қабілетті.
Бесінші. Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту БЭК шеңберіндегі интеграциялық үдерістер аясында жүруде.
Қазақстан тәуелсіз даму жылдарында әлеуметтік саланы реформалаудың бірқатар параметрлері бойынша ТМД елдерінің алдын орап, өз әріптестерінен ілгері озып кетті.
Бұл зейнетақы, банк, несие-қаржы жүйелері, ТКШ, ішінара білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты.
Біз көп жағдайда масылдық деңгейін төмендеттік. Сондықтан Қазақстанға, әлеуметтік реформалардың көшбасшысы ретінде, өзіне бастамашылдық алып, біздің еуразиялық интеграция бойынша барлық әріптестеріміз үшін тартымды болып табылатын әлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасау маңызды.
Жаңғырту саясатын құруда барлық сын-қатерлерді жай ғана есепке алып қоймай, жағдайды оңға қарай өзгерту бойынша шаралар қабылдау маңызды.
Әр адам мамандығы мен лауазымына қарамастан, өзінен: мен бірінші кезекте өз басымдағы инерцияны жеңу үшін не істедім? – деп сұрауы тиіс.
Әлеуметтік жаңғырту: мақсаты, міндеттері, қағидаттары әлеуметтік саладағы жаңғырту үдерістеріне қуатты серпін берді. Алайда, іс жүзінде әзірше проблематикалардың ең үстіңгі «қабаты» ғана «ашылды». Осы себепті, олар одан әрі шешуді қажет етеді. Сондықтан, әлеуметтік жаңғыртудың барлық мемлекеттік органдар басшылыққа алуы тиісті барлық үдерістерін түсінудің біртұтас пішінін айқындау маңызды. Және бұл түсінік барша халыққа қолжетімді болуы тиіс. Бүгінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен мәні қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең көлемді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудан, құқық пен әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден тұрады. Жаңғырту үдерістері шеңберінде қандай маңызды міндеттерді шешу қажет? Бұл тізім құрғақ және ұзақ-сонар көрінуі мүмкін, бірақ оны атап айтқан жөн.
● Жанжалды жағдайларды ескертудің, реттеу мен шешудің әділетті заңдары мен нақты құқықтық нормаларын, сондай-ақ әлеуметтік қатынастардың барлық жүйесінің қызметін қабылдап, іске қосқан ұтымды.
● Қазақстандықтардың сапалы әлеуметтік үлгі-қалыптары мен кәсіби біліктілігі жүйесін, әсіресе экономикалық белсенді тұрғындардың арасында жасап енгізу міндеті тұр.
● Негізінде мемлекеттің, жеке сектор мен кәсіби бірлестіктердің әріптестік механизмдері болатын әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының тиімді моделінқұру маңызды.
● Қазақстандықтардың өмірінде өзін өзі ұйымдастыру, оның ішінде жергілікті өзін өзі басқару органдары бастауын дамытып, азаматтардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда нақты тетік болуы тиісті азаматтық қоғам институттарын «заманалыққа айналдыру» керек.
● Қазақстан қоғамы өмірінің ақпараттық құрамдасын біршама жоғарылатып, Интернет-технологияның мүмкіндіктерін азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекет пен тұрғындардың тұрақты «кері байланысын» нығайту мәселелерінде де кеңейту міндеті тұр.
● Орта таптың үздіксіз өсуіне, инновациялық экономиканың басты қозғаушы күші – креативті таптың пайда болуы мен дамуына жағдай жасау маңызды.
● Масылдық пен әлеуметтік инфантилизм секілді құбылыстарды еңсеріп, жеке адам мен бизнестің жоғары жауапкершілігіне, барлық еңбек субъектілерінің мемлекетке қатысты әріптестік өзара қарым-қатынасына негізделген еңбек қыз¬меті мен игілікке жаңа тартымдылық енгізу қажет.
● Жаңғыртудың маңызды аспектісі – Қазақстанда биліктің барлық деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің кәсіби корпусымен «тігінен» және «көлденеңінен» құрылған әлеуметтік үдерістердегі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру. Міне, барлық мемлекеттік органдар осы міндеттерді шешуге бағдарлануы тиіс. Жаңғырту үдерістерінің табыстылығы көп жағдайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады. Біріншіден, бұл ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ қағидаты. Ешқандай да «алға озу» болмауы тиіс. Әлеуметтік саладағы барлық өзгерістер даму деңгейімен Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне сәйкесуі тиіс. Жаңғырту үдерістерінің алгоритмі кейін қал¬ған салаларды, өңірлерді, әлеуметтік топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтік даму көрсеткіштеріне «тартуға» арқаулануы тиіс. Екіншіден, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК қағидаты. Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәтижесіне жауапкершілікті тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жекеменшік құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс. Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік жағдайында ғана кең көлемді қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады. Үшіншіден, ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫСУ қағидаты. Барлық жұмыс мемлекеттің, бизнес пен азаматтың тығыз өзара іс-қимылы негізінде құрылуы тиіс. Бұл жерде биліктің міндеті – мемлекет, қоғам мен жеке адам мүддесінің рационалды тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Шынайы әділеттілік дегеніміз, міне, осы. Әлеуметтік әріптестікті белсенді дамыту, елдің мемлекеттік емес секторын, бірінші кезекте, әлеуметтік саланы жаңғыртуға қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау маңызды. Төртіншіден, ЫНТАЛАНДЫРУ қағидаты. Мемлекет қазақстандықтар өз бетінше өзінің өмір сапасын жақсарта алулары үшін жағдайлар жасауда. Мемлекеттік әлеуметтік қолдау адресаттарға олардың еңбек, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін оятуға бағытталып отыр. Иә, мемлекет көмектеспеуге болмайтын жерлерге көмек қолын созатын болады. Бірақ азамат өзінің қолынан келетін шаруаны өзі атқаруы тиіс. Және бұл әділетті болмақ! Тағы да атап көрсетейін, бүгінде әлеуметтік дамудың жаһандық тренді«ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА» өтуге барып тіреледі. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру – Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Бесіншіден, КӘСІБИЛІК қағидаты. Барлық қабылданатын шешімдер егжей-тегжейлі есептеліп, әлемдік тәжірибені оқып-үйрену негізінде ғылыми дәлелденген ұтымдылық қаперге алына отырып қабылдануы тиіс. Міндеттер мен қағидаттарды нақ осылай түсіну әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің негізіне жатқызылғаны жөн. Әлеуметтік жаңғыртудың нақтылығы мен жүйелілігі Әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандық¬тың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап етеді. Әлеуметтік жаңғырту «тіптен де мемлекет» үшін жасалмайды, ол әрбір нақты азаматқа қызмет етіп, пайда әкелуі тиіс. Бүгінде әлеуметтік салаға әшейін «түпсіз» қаржылық құюлар маңызды емес. Қоғамдық қатынастардың, сондай-ақ жалған әлеуметтік бағдарлардың тозған қабаттарынан өздерін азат ету мақсатында заңнамалық, ұйымдастырушылық, көзқарастық, ақпараттық ықпал етудің нақты шаралары қажет. Жаңғырту егер, біріншіден, ол Жалпыұлттық тұжырымдама мен сәйкес жоспар арқылы жүзеге асырылатын болса және, екіншіден, тұтастай үдемелі индустриялық-инновациялық дамумен байланысты нақты экономикалық табыстарға негізделген жағдайда ғана табысты болады. Индустриялық-инновациялық дамудан тыс ешқандай жаңғырту мүлдем мүмкін емес. Мұны әркім түсінуі тиіс. Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртуды күн тәртібіне бес негізгі басымдықтар бойынша енгізу қажет 1. Әлеуметтік заңнамаларды жаңарту Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік заңнамалардың ауқымды арқауы құрылды. Барлық маңызды салалар – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, азаматтық қоғам институттарының қызметі және т.б. – арнайы заңнамалық актілермен реттеледі. Еңбек заңнамасы кодталған, құқық шеңберінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, әлеуметтік-құқықтық жүйеде проблемалар да бар. Қазақстанда қолданылатын әлеуметтік заңнамалардың резервтері жеткілікті деңгейде іске қосылмаған. Мәселен, «Білім беру туралы» Заңға сәйкес, міне, елімізде 9 жылдан бері Біртұтас ұлттық тестілеу жұмыс істейді. Оны өткізу қоғамда түрліше бағалануда. Жыл сайын БАҚ-тар лауазымды адамдар тарапынан да, сондай-ақ ҰБТ-ға қатысушылар тарапынан да бұзушылықтар орын алатыны туралы хабарлап жатады. Оның үстіне мәселенің өткірлігі тек күшейе түсуде. Мұндай жағдайдың себептерінің бірі – тек министрлік белгілеген өткізу ережелері негізінде жүзеге асырылатын ҰБТ процедураларының әлсіз құқықтық реттелуінде. Сонымен бір мезгілде, ҰБТ өткізу жөніндегі комиссия жұмысына кедергі жасағаны, тестілеу өткізуге оқушылардың ата-аналары, педагогтар, лауазымды адамдардың араласқаны, тестілеу кезінде емтихан тапсырушыларға көмектесу мақсатында байланыс құралдарын пайдаланғаны және т.б. үшін құқықтық жауапкершілік туралы ереже жоқ. Ал мұндай фактілер бар екені даусыз! Демек, мұндай жағдайды шешімді түрде түзету керек. Басқа мысал: даулар мен жанжалдарды соттан тыс қарауды қамтамасыз ететін «Медиация туралы» Заң қабылданды. Алайда оның резервтерін еңбек жанжалдарын сейілту үшін қолдануға болатындығына қарамастан, медиацияның жалпыұлттық жүйесін құру жөніндегі нақты шараларәзірге байқалмайды. Жекелеген заңдар моральдық тұрғыдан ескірген немесе көрнекілік қана сипаты бар. Осы жағдайға байланысты олар қоғамдық қатынастардың кейбір салаларын тиімді реттей алмай отыр. «Кәсіптік одақтар туралы» Заң 1993 жылы қабылданды. Онда тіпті әлеуметтік әріптестік туралы, ұжымдық шарттарды жасау мен орындау тетіктері туралы түсінік те жоқ. Сондықтан Қазақстандағы кәсіподақ институттары еңбек дауларының алдын алу және шешудің тиімді құралдарының рөлін әр кездері бірдей атқара алмай келе жатқандығына таңқалуға да болмайды. Жағдайды іштей жақсы түсіне отырып, мен мынаны айтқым келеді: жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуы тиіс. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға да көрнекілік сипаты тән. Бұл туралы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясы барысында жан-жақты айтқан болатынмын. Жекелеген заң нормалары заң аясындағы құқықтық актілердің болмауына байланысты немесе олардың орындалуына бақылаудың жетімсіздігі салдарынан жұмыс істемейді. Мәселен, Еңбек кодексінде жаңа қабылданған қызметкерлер үшін сынақ мерзімі туралы норма бар. Алайда кейбір кезде ол ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізіледі. Жоғары оқу орындарын бітірген жастар заңда белгіленген мерзім ішінде «сынақтан өтушілер» есебінде ешбір еңбекақысыз жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге, оларды тіпті шамадан тыс жұмысқа салу жағдайлары да жиі кездесіп қалады. Оның үстіне сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін 3-4 сынаққа алынушының біреуі ғана штатқа кіргізіліп, қалғандары шетке қағылады. Әсіресе, мұндай берекесіз тірлікке мемлекеттік емес мекемелер мен жеке құрылымдар, соның ішінде ірі банктердің филиалдары көбірек барады. Бұл дегеніміз біздің жастарымызды қанаудың бір түрі емес пе! Бірақ мемлекеттік еңбек инспекциялары еңбек заңдылығын осылайша айқын бұзудың бірде-бір оқиғасын аша алмай отыр. Бұл тек жекелеген мысалдар ғана. Мен әрбір әлеуметтік сала өзінің заңдық базасының тиімділігін арттыру үшін елеулі резервтерге ие екендігіне сенімдімін. Осыған орай тек қазір ғана емес, сонымен қатар, орта мерзімдік перспективада да әлеуметтік заңдарды олардың тиімділігін анықтау мақсатында мұқият тексеру талап етіледі. Әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеужүргізсін және әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны реформалаудың Тұжырымдама жобасын енгізсін. Бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдарды және өңірлер әкімдерін қосу маңызды. Олар қолданыстағы заңдардың тиімділігін күшейту және жаңа заңдарды жоспарлы әзірлеу жөнінде нақты ұсыныстарын енгізуі тиіс. Мәселен, жастар саясаты туралы жаңа заң аясында әлеуметтік еңбек орындарында жас қазақстандықтар үшін «әлеуметтік лифтілердің» тетіктерінқұру маңызды. Біз жастарға қатысты жәйттерді бетімен жібере алмаймыз. Кәсіптік біліктіліктің ұлттық жүйесі туралы заңдардың болуы талап етіледі. Қазақстан қоғамын төменгі басты индикаторлары көрсетілген әлеуметтік стандарттар мен әлеуметтік құқыққа кепілдіктер туралы заң қажет. Парламентке таяудағы сессиялар кезінде неғұрлым қажет етілетін заңдық актілерді қараған жөн болады. Мұнда жаңа заңдардың тиісті мәселелерді кешенді шешуін, олардың тікелей әрекет етуін, қазақстандықтардың күткен үміттеріне сәйкес келуін, халықтың өмірін қолайлы да ыңғайлы етуін, бәріне түсінікті де қолжетімді болуын ереже есебінде басшылыққа алу керек. Депутаттар өз жұмыстарын белсенді ете түсуге міндетті. Және осылардың бәрімен заңдарды жаңалау аяқталмайды. Төменде әлеуметтік жаңғырту басымдықтары аясында нақты заң актісі жөніндегі басқа да тапсырмалар түйінделген. Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін қалыптастыру Әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мә¬селесі болып әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін құру табылатындығы күмәнсіз. Бұған барлық мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық ерекше назар аударғаны жөн. Жұмыспен қамту саласын дамыту. Тәуелсіздіктің екі онжылдығы ішінде жұмыспен қамту саласы аса зор өзгерістерге тап болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 700 мыңнан астам адамға өсіп, 8,4 миллион адамға жетті. Халықтың елеулі бөлігі 90-шы жылдары «мәжбүрлі жұмыссыздық мектебінен өтті». Көптеген адамдар еңбекті өз бетімен ұйымдастыруға, еңбек біліктілігін өз бетімен алмастыруға қабілеттілік көрсетіп, бизнесмендерге айналды. Әрине, олардың арасында мемлекет тарапынан мақсатты түрдегі қолдау құралдарын пайдалана білушілер де болды. Бүгінгі күні біз индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үстіндеміз. Бұл – ел болашағы үшін нөмірі бірінші мәселе. Жаңа жұмыс орындары құрылуда. Бірақ біз жұмыссыздардың барлығы бірдей жұмыс істеуге ұмтылмайтындығын да көріп отырмыз. Өкінішке қарай, адамдар арасында жаңа біліктілікті меңгеруден гөрі базарда «такси» қызметін атқаруды қалайтын психология сақталып отыр. Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келетіндігі рас болса, бұл психологиядан арылу қажет! Жаңа біліктілікті меңгеру және зауытқа, өндіріске бару керек. Жас та және ересек те қазақстандық бос отырып, бәрін де сынай бермей жұмыс бар жерге, НӘ-ПА-ҚА табатын жерге қарай ұмтылулары керек! Басқа елдерде адамдар жұмыс үшін алыстағы шет мемлекеттерге барып, ешбір кепілдіксіз еңбек етуде. Ал біз өз елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек. Біз былай да жинақы, көшіп-қонуды көп бастан кешкен халық емеспіз бе! Жұмысы бар халықтың үштен бір бөлігін «өзін өзі еңбекпен қамтығандар» дейтін топтар құрайды. Алайда олардың санын анықтау тәсілі шартты ғана. Бұл санаттағылардың арасында мал ұстайтын жеке аула иелері (былайша айтқанда, ұсақ фермерлер), өз автокөліктерімен жеке тасымал жасаушылар, бірнеше пәтер ұстап, соларды жалға берушілер бар. Өзін өзі жұмыспен қамтығандардың елеулі бөлігін тұрақты жұмысы жоқ еңбекке қабілетті адамдар құрайды. Сондықтан бүгінгі күні өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты нақты экономикағақосуға бағытталған шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Бұл шараларда инфрақұрылымдарды, Индустрияландыру картасындағы нысандарды дамыту перспективалары есепке алынуы тиіс. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – өзін өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықтынақты жағдайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойыстырудың әдістемесін әзірлесін;
– өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты айқындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдірсін.
Әлеуметтік-еңбектік қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру – жұмыспен қамту саласындағы қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі.
Мен мынаны атап көрсеткім келеді: еңбек адамы құқықтық мәселелерден тысқары қалуы тиіс емес.
Жұмысқа орналаса отырып, олардың барлығы өздері қол қоятын әрбір қағазғамән беріп, олардың маңызын түсінулері керек. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі жұмыспен қамтудың барлық салаларын құқықтық қамтамасыз ету жо¬лындағы маңызды қадам болды. Алайда көптеген сарапшылар кодекстің қызметкерлердің барлығы бірдей түсінулері үшін күрделі екендігін атап көрсетуде. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: – Еңбек кодексінің негізгі ережелері және еңбек қатынастарын реттейтін басқа да құқықтық актілер жөніндегі жалпыұлттық анықтамалықтардың бірыңғай серияларын шығару мен таратудың, соның ішінде интернет пен мемлекеттік органдардың ресми сайттарының мүмкіндіктерін пайдаланудың жобасын әзірлесін — Кәсіптік біліктіліктің ұлттық жүйесі. Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады. Сондықтан біліктіліктің ұлттық жүйесін (БҰЖ) құру жөніндегі барлық жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет. Олар тек нормативтік маңызға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, әрбір кәсіп үшін «жол картасы» да болуы қажет. БҰЖ әрбір мамандық бойынша кәсіпқойлық лифтіні «құрудың» мүмкіндігін береді. Оның үстіне білікті жұмысшылар ұлттық жүйеге енгізілуі тиіс. Алайда бұл үдерісті жеделдету керек. Қалыптастырылатын біліктіліктің ұлттық жүйесінің ең басты мәселесі мынада: БҰЖ аясында әзірленген кәсіпқойлық үлгі-қалыптары оқу орындарында мамандар даярлау кезінде қабылданатын білім үлгі-қалыптары үшін бағдар болуы тиіс. Кәсіпқойлық және білім беру үлгі-қалыптарының арасында алшақтық болмауы керек. Еңбек ресурстарының жалпы рыногын құруды көздейтін Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында үш елде біліктіліктің ұлттық жүйесін құру жұмыстарын үйлестіру қызметінің маңызы зор. Біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеуЖоспарын дайындап, қабылдасын; ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізсін;
— Еңбек дауларының алдын алу, ескеру және реттеу
Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, ескеру және алдын алу тетіктері жақсы дами алмай отыр.
Әрине, мүлдем кикілжіңсіз қоғам болмайды, бірақ біз мұндай тәуекелдерді барынша азайтуға ұмтылуға міндеттіміз.
Біріншіден, бүгінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту қажет.
Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция заңға сәйкес жұмыс берушіге бір ай бұрын ескерте отырып, жұмысшының шағымы немесе жасалған жоспар бойынша бақылауды жүзеге асыра алады.
Мұндай тексеру жағдайында оның өткірлігі мен күтілмегендік мәні төмендейді. Әдетте, жұмыс беруші еңбек шарттарын сақтап отырған секілді әрекеттер жасап үлгеріп, тығырықтан шығып кетіп жатады.
Мұндай жағдай Қазақстан ратификациялаған ХЕҰ-ның «өнеркәсіп пен саудадағы еңбекті инспекциялау туралы» Конвенциясы талаптарына сәйкес келмейді.
Неліктен мен бұл проблема туралы айтып отырмын? Бұл – техникалық қана мәселе емес. Бұл – адамдар өмірі!
Өйткені, қауіпсіздік талаптарын бұзу, тәртіптің жоқтығы салдарынан туындайтын бақытсыз оқиғалардан нағыз еңбек жасындағы адамдар зардап шегуде. Ал олардың асырап отырған отбасылары, балалары бар. Сондықтан бұл істе тәртіп орнату керек.
Екіншіден, бізде әлеуметтік-еңбек дауларын туындатқаны үшін құқықтық жауапкершілік жағы жеткіліксіз.
Көп жағдайда еңбек шарттарының әдейілеп төмендетілуі, өндірістік үдерістердің тоқтатылуы, еңбекақының кешіктіріліп төленуі және осыған ұқсас басқа да жағдайлар әсерімен мұны еңбек ұжымдарының өздері туындатып жатады.
Сонымен қоса, не Еңбек, не Әкімшілік, не Қылмыстық кодекстерде еңбек дауларын туындатқаны үшін жұмыс берушілер, жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке шақыру баптары қарастырылмаған. Жұмысшыға еңбекақыны дер кезінде төлемегендік секілді ереуілге мәжбүрлеу айыбы 10-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, ал ұжымдық шарт бойынша міндеттемені орындамағандығы үшін айып – 200-ден бастап 500 АЕК-ті құрайды.
– «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы;
– Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге еңбек дауларын әдейілеп туындатқаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізу туралы;
– әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы.
Үшіншіден, еңбек қатынастары саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі тетіктерін құру қажет.
Еңбек дауларының негізгі себептері ретінде екі мәселені атап көрсетуге болады: бірінші – жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен шеттетілуі, екінші – даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің әлсіздігі.
Мұнда кәсіпорындарда өндірістік кеңестер әрекет ететін бірқатар дамыған елдердің тәжірибелерін пайдалану керек.
Оларға жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ кәсіптік одақтардың өкілдері кіреді. Әдетте, оларда еңбек шарттарының жағдайы мен оларды жақсартудың көптеген мәселелері шешімін тауып, жұмысшылардың әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері қаралып жатады.
Осы ретте жұмысшыларға кәсіпорындар мен компаниялардың миноритарийлері «халықтық ІРО», сондай-ақ жұ¬мысшылар мен қызметкерлердің шеттетілуін еңсеруге де ықпал ететінін атап көрсеткен жөн.
Қазіргі күні «халықтық ІРО-ны» тікелей жүргізу үдерісі басталды, «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының акциялары сатылуда. Бұл мәселеде ешқандай бір атүстілік болмауы керек.
Бүгінгі күні медиация құрылымы мен үдерісін, соның ішінде оларды еңбек қатынастары саласында құру және пайдалану жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет.
Медиациялар құрылымын ұлттық және ірі жекеменшік компанияларда құрған жөн. АҚШ-та, Австралияда және басқа да елдерде барлық даулардың үштен бір бөлігі соттың араласуына дейін медиация үдерістері аясында реттеледі.
Мемлекет тарапынан қазір даулар мен жанжалдарды, соның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы даулар мен жанжалдарды соттан тыс шешудің жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін бастамашыл қадамдардың болуы маңызды. Мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі негізгі әріптестерінің бірі – кәсіподақтар. Сонымен бірге ең іргелі кәсіподақ орталығы – Қазақстан кәсіптік одақтар федерациясының (ҚКФ) қазіргі қызмет пішіні уақыт талабына сәйкес келмейді, өйткені ол «кеңестік үлгінің» салалық қағидаты бойынша құрылған. Кәсіптік одақтар туралы тиімділігі төмен заңнама елеулі түйінді мәселе болып табылады. Онда ұжымдық шарттар, тараптардың оларды орындауға жауаптылығы туралы қағидалар онша дәл баян етілмеген. Сондықтан қазір кәсіподақтар қозғалысын, ең алдымен ҚКФ-ны, жаңғырту жөнінде батыл қадамдарға баруға тура келеді. Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы Мен Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту бәрінен бұрын барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға, кедейлердің санын азайтуға және әлеуметтік дүбәралыққа жол бермеуге бағытталуы керек деген сенімдемін. Еңбекпен қамтылу құрылымында білікті мамандардың үлесі де 40 пайызға жетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, елде жаппай орта тап қалыптасуда. Бүгінде Қазақстанда өмір сапасының белгілі бір әлеуметтік үлгі-қалыптарын, соның ішінде мемлекет кепілдік ететіндерін де, белгілеу үшін тиісті әлеует те, экономикалық алғышарттар да бар. Бұл орайда мен әрбір қазақстандық өзінен бастауы керек: өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан бастауы, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек екенін баса айтқым келеді. Мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнамақ емес. Әрбір ауыл мен қала тазалықтың, көркеюдің, тәртіптіліктің үлгісіне айналуы керек. Қолда барды сақтап, көбейте беру үшін әрбір қазақстандық еңбекқор әрі құнтты қожайын болуы жөн. Әйтпесе, мысалы, Еуропа неге бай тұрады? Өйткені ондағылар атам заманнан бері құнттылық өнеріне үйренген. Ал бізде болса әйтеуір көз қылып жүре бергілері келеді. Мұндайда құнттылық қайдан болсын! Әлеуметтік дүбәралыққа жол бермеу және өмір сапасын ұдайы арттыру үшінәлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктер туралы тиісті заңнаманы жасау жөн. Мұндай заң ең алдымен өмір сапасының негізделген ең аз түйінді өлшемдері мен көрсеткіштерін қамтуы керек, оған жалақының, зейнетақы мен жәрдемақылардың деңгейі, кепілді медициналық қызметтің ауқымы, әр қазақстандыққа шаққандағы төменгі тұтыну кәрзеңкесін қалыптастыру тетігі, тағы басқалары қосылуы жөн. Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы барлық жерде – ірі қалада да, алыстағы ауылда да орындалуға тиіс. Әлеуметтік үлгі-қалыптың өлшемдерін орындау үшін отандық бизнестің ғана емес, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік бизнестің де жауапкершілігін арттыру керек. Заң шығарушылар бұл үшін тиісті құқықтық шек-шеңбер жасауы қажет.Бизнестің жекеше түрі өзінің «заңдарын» белгілеуге құқық бермейді.Сондықтан да лауазымды тұлғалардың, жұмыс берушілердің бұл үлгі-қалыптарды сақтау үшін жауапкершілік деңгейін заң жүзінде айқындау маңызды.
R ақпарат