Мерейлі мерекелер қарсаңында, Түркістан облысының жаны нәзік болса да, талай қиын істерді соңына жеткізіп, ақ-қарасын ажыратуда абыройлы қызмет етіп жүрген тергеуші Алтынай Жолымбекованың еңбегі еленді. Ол ҚР ІІМ-нің қолынан ҚР Президентінің Жарлығымен берілетін «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.
Өз кезегінде А.Жолымбекова: «Бұл марапат қызметімізді бұдан кейін де асқан құлшыныспен орындауға серпін берді. Қазақтан Республикасына қызмет етемін! Антқа адал болу- басты ұстанымым!-деп атап өтті.
Жалпы тергеуші қызметі – шыдамдылықты талап ететін, жауапкершілігі мол іс. Нақты дәйектерді жинақтап, қылмыскерді дәл анықтауда тергеушілердің алар орны ерекше. Олардың тергеу нәтижесінен Полиция департаментінің жұмысы көрінеді. Ал Алтынай Жолымбекова осындай департаменттің абыройын асқақтатып жүрген тергеуші ару. Мамыр айында келіп жеткен мерекемен шенді аруымызға сәттілік тілейміз!