Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев Ордабасы ауданына келіп, өзекті сұрақтармен танысып, жергілікті активпен кездесті.
Кездесу барысында аудандағы криминогендік ахуал, тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Ауданда инфрақұрлым мәселесі басты назарда болуына байланысты, облыс прокуроры тұрғындарды ауыз су және газбен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды шұғыл түрде жандандыру керек екендігін атап өтті.
Әрі қарай Батыр ата елді мекеніндегі Қараспан су торабында болып, ағын су берудің жай-күйімен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс прокуроры аудан прокурорына мүдделі органдармен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді.